
Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде Халықаралық әйелдер күніне орай 8-10 наурыз аралығында «Азап шеккен ару-аналар» көрмесі ұйымдастырылды. Осы аралықта көрмені аудан тұрғындары мен мектеп оқушылары тамашалап, лагерьде азап шеккен арулардың ауыр тағдырымен танысты.