Үстіміздегі жылдың 10- шы наурыз күні Шелек тарихи-өлкетану музейіне Ауған соғысы мен Чернобыль апатына қатысқан ардагерлер келіп, музей залдарымен таңысты. Музей қызметкерлері ардагерлердің әрқайсысы бүгінгі жас ұрпақ жадында ерлік көрсеткен жауынгерлер болып қала беретіндерін сөз арасында айтып өтті. Қонақтар "Еңбек ардагерлері мен ел ағалары " залындағы Ауған соғысы мен Чернобыль апатының ардагерлеріне арналған экспозицияны тамашалап, музей қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдіріп қайтты.
Пресс-центр
"Еңбек ардагерлері мен ел ағалары "
Категория: Новости | |
Дата: 10.03.2020 | |
Просмотры: 259 | Печать страницы |