
Ағымдағы жылдың 10 наурыз күні Алматы қаласына біліктілікті арттыру курстарына келген мұғалімдер Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне арнайы келіп, музей экспозициясымен танысты. Сонымен қатар музей меңгерушісі «Азаттықты аңсаған Алаш арыстары» тақырыбында тәуелсіздік үшін күрескен зиялы қауым өкілдерінің ауыр тағдыры жайында дәріс оқыды.