2020 жылдың 10 наурыз күні Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемориалды музей қызметкерлері Талдықорған қаласының ішкі істер орган қызметкерлеріне рухани құндылықты арттыру мақсатында музей залдары бойынша экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында ғалымның өмірі мен қызметіне байланысты қойылған музей жәдігерлерімен толық танысты.