
Үстіміздегі жылдың 10-шы наурызында Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері «Жарқын жүзді аналар» тақырыбында Қаскелең қаласының тұрғындары мен көп балалы аналарға арнайы тақырыптық экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында ауданнан шыққан батыр, еңбек ері атанған аналарымыз жайлы ақпараттар айтылды.