«Шоқан Уәлихановтың өмірі және оның ғылыми мұрасы»

Категория: Новости
Дата: 12.03.2020
Просмотры: 293 Печать страницы
«Шоқан Уәлихановтың өмірі және оның ғылыми мұрасы»

Ағымдағы жылдың 11-наурызы күні, Батыр бабалар мемориалды музейінің қызметкерлері, ХІХ ғасырдағы қазақтың көрнекті ориенталист, тарихшы, этнограф әрі саяхатшы ғалымы - Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына орай, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы, М.Әуезов орта мектебі оқушыларына «Шоқан Уәлихановтың өмірі және оның ғылыми мұрасы» атты тақырыпта музейлік дәріс оқып, ғалымның ғылыми еңбектерінен кітап көрмесін ұйымдастырды. Шараға құрметті қонақ ретінде, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, тарихшы-ғалым Рашид Оразов келіп қатысты.