2020 жылдың наурыз айының 12-ші жұлдызында Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері Мағжан Жұмабаев атындағы Қойлық орта мектебінің 8 сынып оқушыларына Ш.Уәлихановтың 185 жылдығына байланысты «Шоқан еңбектері - асыл мұра» атты лекция оқыды. Лекция барысында ағартушы, этнограф ғалым Ш. Уәлихановтың өмірбаяны мен шығармалары туралы айтылды.