
2020 жылдың наурыз айының 12-жұлдызында Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты жалпы білім беру №156 орта мектебінде «Ұлылардан ұлағат – ұрпақ жалғастығы» атты кездесу кеші өтті. Кездесуге Ұлы тұлғалардың ұрпақтары: Жыр алыбы , ғасыр ақыны Жамбыл Жабаевтың немересі - Салтанат Жамбылова, Жырдың қара жорғасы Үмбетәлі Кәрібаевтың немересі – Әуелбек Ысқақов арнайы шақырылды. Кеш барысында өскелең ұрпаққа ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы , ұлттық мәдениетке қосқан үлестері жайлы айтылды. Шараға арнайы ақындардың жеке заттарынан шағын жылжымалы көрме қойылды.