Ағымдағы жылдың 11 наурыз күні "Жауынгерлік Даңқ" музей залында "Жауынгерлік Даңқ" музейі мен "Жаркент мешіті" сәулет-көркемөнер музейінің бірлесе ұйымдастыруымен Алтын Орда хандығына 750 жыл толуына байланысты "Айбарлы Алтын Орда" тақырыбында ауданның ішкі саясат, мәдениет бөлімінен және білімгерлер мен 10 сынып оқушыларының қатысуымен тарихи-танымдық конференция өткізілді. Конференцияда Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі тарих пәнінің мұғалімі «Алтын Орда», «Алтын Орда –тарихтың алтын діңгегі» және «Алтын Орданың айбарлы билеушісі-Берке хан» атты тақырыптарда аудандық білім бөліміне қарасты тарихшы ұстаздар баяндама оқып, тарихтан тың деректер беретін құнды мәліметтерімен бөлісті.