«Теңге – мемлекет келбеті»

15 қараша – Ұлттық валютаның айналымға енгізілгеніне 25 жыл және Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесіне орай Кеген аудандық тарихи –өлкетану музейінің қызметкерлері аудандық мәдениет үйінде «Теңге – мемлекет келбеті» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрмені аудан әкімі Байедилов Талғат Ескендірұлы және орынбасарлары, Кеген аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық әкімдер, мекеме басшылары және жиынға қатысушы көпшілік қауым тамашалады.
Подробнее Просмотры: 468 Категория: Новости Дата: 15.11.2018

"Ұлттық теңге тарихы"

1993 жылдың 15 қарашасында Ұлттық валюта - теңге қолданысқа енгізілген болатын. Осы датаға орай Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері музей қорындағы ақша бірліктерінен "Ұлттық теңге тарихы" тақырыбында көрме ұйымдастырды. Көрме №3 Қабанбай орта мектебінде көрсетіліп, онда алғашқы теңге мен тиындар, басқа ұлттың ақшалай бірліктері қойылды. Теңгенің шығу тарихы туралы толық мәлімет берілді.
Подробнее Просмотры: 433 Категория: Новости Дата: 15.11.2018

"Ғасыр үні"

В рамках программы "Рухани жаңғыру" состоялась презентация книги "Ғасыр үні", выпущенной при поддержке акима области Баталова Амандыка Габбасовича, посвященной 50-летию трудовой деятельности поэта, писателя, члена Союза международных писателей, члена Союза журналистов Казахстана Шаяхмета Кусаинова. Главный редактор международной газеты "Қазақстан Заман", писатель, журналист, деятель культуры Ертай Айгалиулы и председатель Общественного фонда "Әйелдер одағы" Роза Омаровна Исатаева открыли мероприятие перерезав символичную ленту. Учащиеся 6 класса средней школы № 1 с. Рахат прочитали отрывок из поэмы "Алтын киген ханзада". Мероприятие прошло с участием представителей СМИ области, района.
Подробнее Просмотры: 449 Категория: Новости Дата: 15.11.2018

«Ұлттық теңге – кемел болашақтың кепілі»

Н.Алдабергенов мемориалды музейінің қызметкерлері Ұлттық валюта күніне Кеңес Одағының Батыры Матай Байысов орта мектебінің 10 сынып оқушыларына «Ұлттық теңге – кемел болашақтың кепілі» атты лекция өткізді. Лекция - ұлттық валюта тарихына сыр шертуімен басталып , Қазақстанның ұлттық ақшаға көшу тарихы мен оның маңызын түсіндіріп, ақшаның пайда болу тарихына тоқталды. Лекция барысында оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, ақшаның құнын бағалай алатынын көрсетті. Ұлттық теңге – кемел болашақтың кепілі» атты лекция қорытындысы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен аяқталды: «Теңге – еліміздің тәуелсіздігінің нақты белгісі. Қазақ теңгесі халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байып өркендеуіне әр уақытта қызмет етсін!» - демекші, ақша еңбекпен біліммен келеді ақшаны үнемді пайдалану керек.
Подробнее Просмотры: 537 Категория: Новости Дата: 14.11.2018

Тоқтар Бейісқұловтың жеке заттары

Алакөл ауданының тумасы, жазушы, профессор, белгілі бейімбеттанушы Тоқтар Бейісқұловтың жеке заттары, наградалары, құжаттары мен суреттеріҚабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейініңқорына өткізілген болатын. Жазушының балалары мен туыстарының, ауыл азаматтарының, мектеп оқушыларының қатысуымен еске алу кеші ұйымдастырылып, тақырыптық экскурсия жүргізілді. Шара барысында ҚР Білім беру ісінің үздігі, Алакөл ауданының Құрметті азаматы Ұ.Дүйсебаева сөз бастап, №3 Қабанбай орта мектебінің оқушыларының баяндамалары мен арнаулары оқылды. Жазушының туыстары естеліктер айтып, келген қонақтарға кітаптарын таратты.
Подробнее Просмотры: 441 Категория: Новости Дата: 14.11.2018

ҚХР Бейжің қаласы Ауылшаруашылық министрлігінен келген қала қонақтар

Үстіміздегі жылдың 14 қараша күні Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейіне ҚХР Бейжің қаласы Ауылшаруашылық министрлігінен келген қала қонақтарына арнайы музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 437 Категория: Новости Дата: 14.11.2018

"Сара ақын - дара ақын"

Бүгін Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастырылуымен, Сара Тастанбекқызының шығармашылығына арналған "Сара ақын - дара ақын" атты әдеби кеш өткізілді. Аталған іс-шараға ауыл қонақтары мен мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында Есболған Жайсаңбаев пен Ғали Орманов атындағы орта мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа айтып, ақынға арнауларын оқыды.Қапал ауылдық кітапханашысы Қорабаева Күләтай Қасенқызы Ақын Сараға арналып шығарылған кітаптары мен шығармаларына шолу жасады. Әдеби кеште Сара Тастанбекқызының өлеңдеріне талдау жасалып, әр өлеңдерінің шығу тарихы жайында мағлұмат берілді. Кеш мәдениет үйінің қызметкері Төлеген Ерахметұлының орындауында әсем әнімен аяқталды.
Подробнее Просмотры: 659 Категория: Новости Дата: 13.11.2018

«Шоқ жұлдыз ізімен»

«Шоқ жұлдыз ізімен» атты тарихи-танымдық экспедициясы Қапал ауылына да келіп қайтты. Шоқанның ізімен жүрген экспедиция Ақын Сараның мемориалды музейін көріп, музей қызметкерлерімен сұхбаттасып қайтты. Музей қызметкерлері Ақын Сараның мемориалды музейі ғимаратының тарихы мен Тамшыбұлақ жайында мағлумат берді.
Подробнее Просмотры: 456 Категория: Новости Дата: 12.11.2018

"Ерлік - ұрпаққа ұран"

Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Ғали Орманов атындағы орта мектебінің оқушыларына "Ерлік - ұрпаққа ұран" атты лекция оқыды. Оқушылар тарихтан тағылым алып, ұлт үшін ерлік көрсеткен арыстар жайлы мағлұмат алды. Лекция соңында оқушылармен кері байланыс жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 500 Категория: Новости Дата: 09.11.2018

«Теңге - тәуелсіздік келбеті»

1993 жылы 12 қарашада еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы" Жарлыққа қол қойып,15 қараша Ұлттық валюта күні болып белгіленді. Осы күнге орай Н.Алдабергеновтың мемориалды музейінде «Теңге - тәуелсіздік келбеті» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге еліміз Тәуелсіздік алғалы бергі шығарылған теңгелердің түрімен қатар, сонау ерте ғасырларда ата-бабамыз қолданған теңгелері қойылды. Көрмеде санғасырлық тарихи кезеңдерді қамтитын қазақ жерінде мекен еткен түркі мемлекеттердің ақша түрлері мен теңгенің шығу тарихы таныстырылып, өзінің 25 жыл тарихында тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәмізі екенін дәлелдеп, қаржы-несиелік саясатына орасан зор ықпалын тигізгендігі туралы айтылды.
Подробнее Просмотры: 463 Категория: Новости Дата: 09.11.2018