"Әкем,шешем және мен"

І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Отбасы күніне" орай Мамания орта мектебінің спорт залында бастауыш сыныптар арасында "Әкем,шешем және мен" атты спорттық сайыс ұйымдастырылды. Шара қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлау және тәрбие негізі отбасынан басталатынын сонымен қатар сыйластық, ауызбіршілік, жарасымдылық бар жерде әрқашан жеңістерге жететінін түсіндіру мақсатында өтті. Қатысушылар 8 тур бойынша сайысқа түсті. Шара соңында жеңімпаздар анықталып музей қызметкерлері тарапынан мақтау қағаздарымен сыйлықтармен марапатталды.
Подробнее Просмотры: 472 Категория: Новости Дата: 17.09.2018

"Ұлттық музейге сый тарту"

2018 жылдың 14 қыркүйегінде Алматы облысы, Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында Алматы облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасының қолдауымен жəне М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі мен ҚР Ұлттық музейінің ұйымдастырумен "Ұлттық музейге сый тарту " атты республикалық акция өткізілді.Аталған акцияға Алматы облысынан шыққан ақын Жамбыл Жабаев, айтыскер ақын Үмбетәлі Кәрібаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері Мұхамеджан Тынышбаев, Дінмұхамед Қонаев, композитор Мұқан Төлебаев, суретші Әбілхан Қастеев, қазақтың бірегей ақындары Мұқағали Мақатаев, Тұманбай Молдағалиев, дәулескер, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиев, жазушы Әнуар Әлімжанов, екі мәрте Социалистік еңбек ері Нұрмолда Алдабергенов, Социалистік еңбек ері Зылиха Тамшыбаева, әнші Дәнеш Рақышев, генерал-майор Әбдіқадыр Болсамбеков, айтыскер ақын Есенқұл Жақыпбеков сынды ұлтымыздың біртуар перзенттерінің ұрпақтары мен туған-туыстары қатысып, отбасылық мұрағатта сақталған жәдігерл...
Подробнее Просмотры: 480 Категория: Новости Дата: 17.09.2018

"Менің Қазақстаным - менің болашағым"

Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына "Менің Қазақстаным - менің болашағым" атты танымдық сағат өткізілді. Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен Отан алдындағы міндеттері жайында мағлұматтар алып, артында өз ойларымен бөлісті.
Подробнее Просмотры: 470 Категория: Новости Дата: 17.09.2018

Путешествие в музей «Алтын Эмель»

Сотрудники Алматинского областного историко-краеведческого музея имени М.Тынышпаева совместно с преподавателями и учениками 7-10 –х классов школы-интернат для детей с нарушением слуха города Талдыкорган организовали поездку в аул Шанханай Кербулакского района с целью посетить Государственный мемориальный музей «Алтын Эмель» имени Ч.Валиханова. В салоне транспорта для ребят дана информация о достопримечательностях Кербулакского района, проведены игры, приуроченные 20-летию Астаны. По прибытию в музей «Алтын Эмель» экскурсовод Маржан Жакупбекова провела интересную познавательную экскурсию, а аким Толыбаев Конысбек Кожанкулович, члены совета старейших и отдел молодежной политики организовали теплую встречу для гостей областного центра в Доме культуры со школьниками и жителями села.
Подробнее Просмотры: 405 Категория: Новости Дата: 13.09.2018

"Жақсы дәстүр - отбасының тірегі"

Халықаралық Отбасы күніне орай Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Жақсы дәстүр - отбасының тірегі" тақырыбында отбасылық сайыс өткізілді. Отбасылық командалар әртүрлі сұрақтарға жауап айтып, отбасылық құндылықтар туралыпікірлерімен бөлісіп, спорттық ойын түрлерінен жарысты. Әр отбасының тапқырлық, жылдамдықтарына әділқазылар алқасы баға беріп, жеңімпаздарды анықтады.
Подробнее Просмотры: 442 Категория: Новости Дата: 13.09.2018

«Ер жүрек азаматтар»

2018 жылдың 10-қыркүйек күні Сарқан тарихи музейінде Черкасск қорғанысының 100 жылдығына орай «Ер жүрек азаматтар» тақырыбында мерекелік шара өткізілді. Шараға жан-жақтан келген қонақтар, мектеп оқушылары, ауыл әкімшілігінің бас маманы - Әскербек Тілеужан қатысты. Шара барысында Черкасск ауылының 1918 ж. бастап, осы күнге дейін жеткен жетістіктері жайлы Сарқан ауданының тарихи музейінің меңгерушісі Е.Ф. Ракецкая мәлімет берді. Мереке концерттік бағдарламамен жалғасты. Шара соңында «Ашық есік» ұйымдастырылып, экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 468 Категория: Новости Дата: 12.09.2018

"Шоқанның мұралары"

Бүгін Ақын Сараның мемориалды музейінде, Шоқан Уәлихановтың "Алтынемел" мемлекеттік мемориалды музейінің ұйымдастыруымен "Шоқанның мұралары" атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Аталған іс-шараға Қапал ауылының мекеме ұжымдары, оқушылар мен ауыл тұрғындары қатысты. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Шоқанның өмірінен үзінді қойылды. Қапал ауылының тұрғындары Шоқан Уәлихановтың өмір жолы, тарихы жайлы мағлұмат алып, жеке заттарын тамашалай алды.
Подробнее Просмотры: 498 Категория: Новости Дата: 11.09.2018

«Дар Национальному музею».

ВНИМАНИЕ! 14 сентября 2018 года в 11.00 часов во Дворце школьников г. Талдыкорган проводится акция «Дар Национальному музею». Добро пожаловать! Телефон для справок:24-30-58,24-29-52.
Подробнее Просмотры: 391 Категория: Новости Дата: 11.09.2018

"Тіл ұлттың - жаны"

Бүгін Ақын Сараның мемориалды музейнің қызметкерлері мектеп оқушыларына "Тіл ұлттың - жаны" атты тақырыптық экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында тілдің қолданыстағы маңыздылығы айтылып, тіл туралы деректер мен мағлұматтар келтірілді. Бүгінгі күндегі ана-тілімізге қатысты өзекті мәселері де айтылып, ұлы тұлғалардың тіл туралы айтылған ойлары мен өлеңдері оқылды. Соңында оқушылар өз ойларымен бөлісті. Оқушылар музей залдарымен танысты.
Подробнее Просмотры: 463 Категория: Новости Дата: 10.09.2018

"Тағдыры тарих-тал бесік"

І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Тағдыры тарих-тал бесік" атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.Шараның мақсаты: жасұрпақты халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу. Халқымыздың салт – дәстүр мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін балалар бойына сіңіру. Көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті бесіктің бала өміріне пайдалылығын ұғындыру.Шара барысында- Ұлттық өнеріміздің туындысы, салтымыздың жұрнағы, ұлттық тәрбие құралы,көшіп – қонған халқымыздың ғасырлар бойы тәжірибесінен туындаған, уақыт заман сынынан сүрінбей өткен киелі бесіктің өзіндік ерекшелігі, тұрмысқа бейімділігі, бала өміріне пайдалылығы орасан зор екені туралы жан -жақты мағлұматтар берілді. Сонымен қатар бесіктің құрылысымен және нәрестені қалай бөлеу керектігі жайында да кеңінен таныстырылды.
Подробнее Просмотры: 584 Категория: Новости Дата: 07.09.2018