Түрік зиялылары Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейінде

Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейіне30 тамызы күні Кечиөрен ауданының әкімі Мұстафа Ак, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов және бір топ түрік зиялылары келіп музей ішін аралады.Түркияның бас қаласы Анкараның Кечиөрен ауданында Қазақстан мәдениет күндері басталған болатын. Осыған орай атақты балалар жазушысы Бердібек Соқпақбайдың "Менің атым Қожа" кітабының және осы туындының желісімен түсірілген фильмнің де тұсаукесері болды. Алматыдағы Ұлттық кітапханада Кечиөреннен келген түрік бауырларымызбен бірге түрік тілінде шыққан "Менің атым Қожа" кітабының тусаукесері өтті. Бұдан басқа С.Торайғыров, М.Дулатов т.б жазушыларымыздың құнды кітаптары, романдары түрік тілінде шығып, қазақтың әдебиеті сол елде кеңінен насихатталып жатқанын дәлелдеді. 2015 жылы Анкара қаласының Кечиөрен ауданында Жамбыл Жабаевтың атына көше беріліп, Сүйінбай Аронұлының ескерткіші мен саябағы ашылған еді. Түрік ағайындардың бізге көрсеткен құрметіне қарымта р...
Подробнее Просмотры: 504 Категория: Новости Дата: 03.09.2018

"Ата-заңым айбыным"

М.Мақатаевтың әдеби мемориалды музей мәжіліс залында "Ата-заңым айбыным" атты тақырыпта мекемелер арасында дөңгелек үстел өтті
Подробнее Просмотры: 475 Категория: Новости Дата: 03.09.2018

«Ата заң – алтын тұғырым»

«Қасым салған қасқа жол», «Есім салған ескі жол», Әз-Тәукенің Жеті Жарғысы сынды тарихи дала заңынан бастау алған Ата Заңымыздың қабылданғанына биыл 23 жыл толып отыр. Қазақ елі тарихында алтын әріптермен жазылған айтулы күн қарсаңында Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде «Ата заңым – ардағым» атты кітап көрмесі безендіріліп, көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар ауылдық Мәдениет үйінде музей және мәдениет үйі қызметкерлері бірлесе отырып «Ата заң – алтын тұғырым» атты мерекелік шара өткізді. Шара барысында ҚР мемлекеттік Әнұраны орындалып, Алдабергенов ауылдық округ әкімі Мусапиров Төлеген Аппақұлы ауыл тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Ата Заңымызды ардақтауға үндейтін, азаматтардың бойында патриоттық рухты шыңдауға бағытталған шара әсерлі өтті. Себебі, қашанда егемендігіміздің, мемлекеттігіміздің айқын бағдары мен айбыны болған Конституцияны ардақ тұту – әрқайсысымыздың азаматтық адал борышымыз деп біле...
Подробнее Просмотры: 531 Категория: Новости Дата: 03.09.2018

"Ата Заң- ар айнасы"

30 тамыз Конституция күніне орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Ата Заң- ар айнасы" атты тақырыпта кітап көрмесі өтті. Көрме- Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны туралы мағлұмат беру, қоғамдық заңдар мен нормаларын орындауға, құрметтеуге тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту мақсаьында ұйымдастырылды.
Подробнее Просмотры: 672 Категория: Новости Дата: 29.08.2018

«Айбарлы асқар елді асқақтатар ата заң»

Сарқан ауданының тарихи музейінде Ата заң мерекесіне орай «Айбарлы асқар елді асқақтатар ата заң» мерекелік шара өткізілді. Қазақстан мемлекетінің Гимні орындалды. Мерекелік шара барысында Черкасск орта мектеп оқушылары Әбікен Дильназ Дидарқызы, Макежан Сабина Ермекқызы «Туған жер» әнін орындап берді. Алғашқы құттықтау сөз музей меңгерушісі Е.Ф. Ракецкаяға, аға ғылыми қызметкер Т.Ж. Битимбиевке берілді. Шағын концерттік бағдарламаның соңын Қуанышкелді Зейн, М. Тынышпаев атындағы орта мектеп 3-сынып оқушысы «Алатау» әнімен аяқтады.
Подробнее Просмотры: 579 Категория: Новости Дата: 29.08.2018

«Конституция Тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің нышаны»

30 тамыз егеменді еліміздің ұлы тарихынан орын алатын бүкілхалықтық мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Осыдан 23 жыл бұрын тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Ата Заңы қабылданды. Ата заңымыз қабылданған сәттен бастап, Тәуелсіздік туын желбіретіп, аз уақыттың ішінде тұғыры нық, туы биік мемлекеттігімізді орнаттық. Еліміздің Ата Заңы қоғамдық құндылықтың алтын арқауы және мемлекеттік биліктің бастауы. Ата Заң – бізді өткенмен де, болашақпен де байланыстырып тұрған алтын арқау іспеттес.Осыған байланысты 2018 жылдың 28 – ші тамызында Сүйінбай Аронұлының әдеби - мемориалды музейінде «Конституция Тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің нышаны» атты тарихи кеш өткіздік. Кешке "Нұр - ай" балабақшасының балалары мен тәрбиешілері келіп қатысты.Аталған шараның мақсаты: балаларға еліміздің рәміздерін қастерлеп,өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет - ғұрпы, салт - дәстүрін сақтап, Ата заңымызды құрметтеп, ұлтжандылыққа, достыққа тәрбиелеу бола...
Подробнее Просмотры: 439 Категория: Новости Дата: 29.08.2018

"Ата Заң - аялайды елімді"

28 тамыз күніҚапал ауылдықкітапxанасының оқу залында мәдениет, музей қызметкерлерінің қатысуымен30 тамыз - Конституция күніне арналған "Ата Заң - аялайды елімді" атты дөңгелек үстел өтті. Музейдің экскурсия жүргізушісі Қалқаман Абдрахманұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері туралы баяндама оқыды.
Подробнее Просмотры: 485 Категория: Новости Дата: 28.08.2018

«Ата Заң – асыл қазынам»

Бүгін 28тамыз күні Ақын Сараныңмемориалдымузейініңқызметкерлері оқушылар мен ұстаздарға «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында30тамыз - Қазақстан РеспубликасыныңКонституциякүніне орай«Ата Заң – асыл қазынам»атты тәрбие сағатын өткізді.Тәрбие сағатында Конституцияның шығу тарихы мен бүгінгі күндегі қолданысы жайлы айтылып, қысқаша бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар келген қонақтарға музей залдары таныстырылды. Қонақтар Сара Тастанбекқызының жеке заттары мен жәдігерлері ерекше әсер қалдырғанын жасырмады. Музей қызметкерлеріне алғыстарын айтып, шығармашылық табыс тіледі.
Подробнее Просмотры: 453 Категория: Новости Дата: 28.08.2018

«Айбарлы асқар елді асқақтатар – Ата Заң»

30 тамыз - Қазақстан Республикасы Конституциясының 23 жылдығына орай Райымбек аудандық мәдениет үйінде, тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері мен аудандық кітапхана ұжымы бірлесе отырып «Айбарлы асқар елді асқақтатар – Ата Заң» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Подробнее Просмотры: 555 Категория: Новости Дата: 28.08.2018

«Ата Заң – елдік нышаным!»

28-го августа текущего года, в предверии дня Конституции РК и в рамках реализации проекта «Отаным-тағдырым» программы «Рухани жаңғыру», сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района провели конкурс рисунков на тему «Ата Заң – елдік нышаным!» среди детей пришкольного лагеря школы им. К. Сатпаева.Цель данного мероприятия - воспитание уважения к основному закону нашей страны – Конституции, дать информацию о понятии и значении Конституции и дать возможность детям показать свое видение основ законодательства.
Подробнее Просмотры: 492 Категория: Новости Дата: 28.08.2018