«Казахские национальные музыкальные инструменты».

В рамках рубрики «Мотивы великой степи», 27-го августа текущего года сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района, посетили колледж культуры города Каскелен на тему «Казахские национальные музыкальные инструменты».Цель посещения – знакомство с мастерами обучающими студентов изготовлению национальных музыкальных инструментов казахского народа. В этом нам помог преподователь ремесленного дела – Асанбаев Арнур Аскарович, который поведал о полном процессе изготовления домбры от выбора материала до готового инструмента.Как уже всем известно, домбра – широко распространенный казахский народный инструмент, относящийся к группе струнных. Вырезается домбра из цельного или комбинированного дерева. Наиболее распространенный вид домбры – двухструнная, но существуют несколько разновидностей домбры: трехструнная, широкоосновная, звонкоголосая и с дуплистым грифом и изготавливают ее из древесины ели, сосны, карагача, джиды и др. Эти мате...
Подробнее Просмотры: 477 Категория: Новости Дата: 28.08.2018

«Адам және Заң»

2018 жылдың 24 тамызында І.Жансүгіровтің әдеби музейінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Конституция күніне орай «Адам және Заң» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға қазақ елінің алғашқы конституциялық жобасының авторы Б.Сыртановтың немере інісі С.Батырханұлы, Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының және М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының құқық, тарих пәндерінің мұғалімдері,І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының, Алматы облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының, Алматы облысының ТЖД ӨС және АҚЖҚ мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және аталған мекемеде өңірлік оқу орталығында бастапқы даярлау курсынан өтіп жатқан өрт сөндірушілер құрамы арнайы шақырылды. Жиында еліміздің тарихи даму кезеңдеріндегі Ата Заң, оның баптарындағы руханият, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі, қазақстандық патриотизмді одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.Жастар мен аға буын өкілдері Ата Заң...
Подробнее Просмотры: 439 Категория: Новости Дата: 24.08.2018

"Қазақ елінің ұлы тұлғалары"

І.Жансүгіров атындағы тарихи- өлкетану музейінде "Қазақ елінің ұлы тұлғалары" атты тақырыпта сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрме-Тәуелсіз Қазақстан тарихында өзіндік өшпес із қалдырған асыл тұлғалармен таныстыру, олардың жарқын істерін өскелең ұпаққа үлгі ету, олардың есімдерін қастерлеп, құрметтеуге, Отаншылдық сезімге, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында өтті. Адамзат тарихы әр дәуірде, әр кезеңде өздерінің ой-парасатымен, білік-білімімен, кемеңгерлік болмысымен, берісі ұлт дамуына, әрісі әлемдік құндылықтарымыздың молаюына орасан үлес қосқан тұғыры биік тұлғаларға бай.Жер үсті өркениеттерінің арғы-бергі тарихына көз жүгіртер болсақ, сол тұғырлы тұлғалар адамзат баласына ортақ сауалдарға жауап іздеу арқылы өз ұлтының көкейкесті мәселелерін жалпы адамзаттық таным мен талдау биігіне көтеріп отырған. Соның нәтижесінде ұлттың ойлау шеңберінің шек-шекарасы кеңейіп, оның әдебиеті мен өнерінің, ғылымы мен білімінің, рухани кеңістігінің абырой-беделі әлемдік сипатқа ие болған.Оның...
Подробнее Просмотры: 628 Категория: Новости Дата: 23.08.2018

Лепсі ауылдық округінде жаңадан музей ашу ісі бойынша іс-сапар.

2018 жылдың 15 - тамызы күні Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Әбдуәлиев бастаған комиссия мүшелері Алакөл ауданындағы Лепсі ауылдық округінде жаңадан музей ашу ісі бойынша іссапармен барып келді. Комиссия мүшелері қатарында Лепсі ауылдық округінің әкімі - Р.М. Курмаев, Алакөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы - Жексембаева Г.Ж., М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары - Чанбаева А. Лепсі орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, музей жетекшісі - Хайбуллин М.М. және М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері - Ли Т.Ф болды. Орта мектепте орналасқан музейдің жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Хайбуллин М.М. қатысушыларды қолда бар экспонаттар негізінде ауыл тарихымен таныстырып, экспонаттардың музейлік маңызын атап өтті. комиссия мүшелері экспонаттармен танысып, ауыл тарихын насихаттауда бұл музейдің берер тағылымы мол еке...
Подробнее Просмотры: 568 Категория: Новости Дата: 17.08.2018

Көрме.

"Jetysu Style" фестиваліндегі М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрмесі.
Подробнее Просмотры: 386 Категория: Новости Дата: 17.08.2018

"Рухы биік тұлға"

І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Ташеновтың өмірі мен еңбек жолына арналған "Рухы биік тұлға" атты тақырыпта танымдық сағат өтті. Алаштың асыл тұлғаларымен қатар аталатын ұлдарының бірі – Жұмабек Ахметұлы Тәшенов.Ұлтының басына күн туған, қиын кездерінде қасынан табылған Жұмабек қазақ жерінің телім-телім болып, ұстағанның қолында, тістегеннің тісінде кетпеуі үшін жан аямай күрескен ұлы отаншылы. Ата-баба аманатына адалдығымен, жерін жатқа беруге қарсы жан аямай күрескен ерлігімен, өз еліне адал азаматтығымен есте қалған қайсар азаматТәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық...
Подробнее Просмотры: 510 Категория: Новости Дата: 15.08.2018

"Киелі жерге тағзым - ұрпаққа ұлағат"

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласы аясында, Алакөл ауданының 90 жылдығына орай "Киелі жерге тағзым - ұрпаққа ұлағат" атты сакралды мекендерге танымдық экспедиция жұмысы жүргізілді. Мақсаты - туған жердің тарихын білу, сакралды орындарды насихаттау, оларды көпшілікке кеңінен танымал ету. Аудандық экспедиция Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейіне да ат басын тіреді. Экспедиция мүшелеріне музей залдары бойынша толық экскурсия жүргізілді. Өлкеніғң табиғаты мен тарихы туралы және танымал тұлғалары да жайлы толық мәлімет берілді.
Подробнее Просмотры: 446 Категория: Новости Дата: 14.08.2018

Черкасск қорғанысының тарихы туралы түсірілім

2018 жылдың 7-ші тамызы күні Алматы қаласынан «Хабар –KZ», «Алма ТВ» телеарналарының тілшілері келіп, 1918-1919 жылдардағы Черкасск қорғанысының тарихы туралы түсірілім жасады. Сарқан ауданының тарихи музейінің меңгерушісі Е.Ф. Ракецкая және аға ғылыми қызметкер Битимбиев Төлеухан Жомартұлынан сұхбат алды.
Подробнее Просмотры: 496 Категория: Новости Дата: 13.08.2018

«Тарих парақтары»

«Жетісу» арнасындағы жаңа жоба - «Тарих парақтары» атты бағдарламаның алғашқы түсірілімі Сарқан ауданының тарихи музейінде басталды. Бағдарлама барысында азамат соғысы жылдарында 18 ауылдың халқы үшін қорғаныс болған «Черкасск қорғанысының» тарихын таразылады. Сонымен қатар тілшілер Сарқан ауданының тарихи музейінің қызметкерлерінен сұхбат алды.
Подробнее Просмотры: 462 Категория: Новости Дата: 13.08.2018

Экскурсия

Сегодня мемориальный музей посетили учащиеся средних школ города Текели. Для детей были проведены экскурсии по залам музея, а так же даны ответы на интересующие их вопросы. Школьники проявили особый интерес к личным вещам Сары Тастанбеккызы и оружиям ХVІІІ века.
Подробнее Просмотры: 420 Категория: Новости Дата: 13.08.2018