Пресс-центр
"«Оян, қазақ» - қазақтың манифесі» " |
12 наурыз күні Саяси қуғын сүргін құрбандары музейінде Міржақып Дулатовтың 135 жылдығына орай "«Оян, қазақ» - қазақтың манифесі" атты кездесу кеші өтті. Кешке М. Дулатовтың немересі Ерлан Сатыбалдиев, А.Байтұрсыновтың немересі Айман Байтұрсынова-Байсалова, қазақтың көрнекті режиссері, алаштанушы Қалила Омаров қатысып, ұлы көсемнің өмір жолынан еш жерде жазылмаған деректермен бөлісті. Кеш соңында музей жанынан құрылған «Тарих-өлкетану және әдебиет» үйірмесінің қатысушылары ақынның шығармаларын орындады. |
Подробнее Просмотры: 317 Категория: Новости Дата: 16.03.2020 |
"М.Төлебаевтың операсы" |
Үстіміздегі жылдың 12 наурыз күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері М.Төлебаевтың туған күніне орай Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің 10-шы сынып оқушыларына "М.Төлебаевтың операсы" атты дәріс оқыды. Біржан - Сара операсының шығу тарихы, Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығы турасында мағлұмат беріліп, слайд көрсетілді. |
Подробнее Просмотры: 267 Категория: Новости Дата: 16.03.2020 |
«Ұлылардан ұлағат – ұрпақ жалғастығы» |
2020 жылдың наурыз айының 12-жұлдызында Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты жалпы білім беру №156 орта мектебінде «Ұлылардан ұлағат – ұрпақ жалғастығы» атты кездесу кеші өтті. Кездесуге Ұлы тұлғалардың ұрпақтары: Жыр алыбы , ғасыр ақыны Жамбыл Жабаевтың немересі - Салтанат Жамбылова, Жырдың қара жорғасы Үмбетәлі Кәрібаевтың немересі – Әуелбек Ысқақов арнайы шақырылды. Кеш барысында өскелең ұрпаққа ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы , ұлттық мәдениетке қосқан үлестері жайлы айтылды. Шараға арнайы ақындардың жеке заттарынан шағын жылжымалы көрме қойылды. |
Подробнее Просмотры: 287 Категория: Новости Дата: 16.03.2020 |
«Алаш көсемі Міржақып Дулатов» |
Ағымдағы жылдың 12 наурыз күні Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде қазақтың көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы М.Дулатовтың 135 жылдығына орай «Алаш көсемі Міржақып Дулатов» атты кітап көрмесі қойылды. Көрмемен ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары танысып, ұлы көсемнің өмірі мен шығармашылығынан тың деректер біліп қайтты. |
Подробнее Просмотры: 334 Категория: Новости Дата: 12.03.2020 |
"Жаңғыртылған жәдігерлер" |
Үстіміздегі жылдың 12 наурыз күні Есік археологиялық - өлкетану музейінің ұйымдастыруымен, Есік қаласындағы облыстық «Көру қабілеті бұзылған» балаларға арналған арнайы мектеп интернатында "Жаңғыртылған жәдігерлер" атты қайырымдылық көрме ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылар жәдігерлермен танысып, кеңінен мәлімет алды. |
Подробнее Просмотры: 245 Категория: Новости Дата: 12.03.2020 |
"Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы" |
Ағымдағы жылдың 12 наурызында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы" атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Аталмыш шара жас ұрпаққа қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын сайыс арқылы насихаттау, ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу мақсатында ұйымдастырылды. Шара Мамания орта мектебінің 7-10 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. |
Подробнее Просмотры: 326 Категория: Новости Дата: 12.03.2020 |
«Шоқан еңбектері - асыл мұра» |
2020 жылдың наурыз айының 12-ші жұлдызында Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері Мағжан Жұмабаев атындағы Қойлық орта мектебінің 8 сынып оқушыларына Ш.Уәлихановтың 185 жылдығына байланысты «Шоқан еңбектері - асыл мұра» атты лекция оқыды. Лекция барысында ағартушы, этнограф ғалым Ш. Уәлихановтың өмірбаяны мен шығармалары туралыайтылды. |
Подробнее Просмотры: 325 Категория: Новости Дата: 12.03.2020 |
«Шоқан Уәлихановтың өмірі және оның ғылыми мұрасы» |
Ағымдағы жылдың 11-наурызы күні, Батыр бабалар мемориалды музейінің қызметкерлері, ХІХ ғасырдағы қазақтың көрнекті ориенталист, тарихшы, этнограф әрі саяхатшы ғалымы - Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына орай, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы, М.Әуезов орта мектебі оқушыларына «Шоқан Уәлихановтың өмірі және оның ғылыми мұрасы» атты тақырыпта музейлік дәріс оқып, ғалымның ғылыми еңбектерінен кітап көрмесін ұйымдастырды. Шараға құрметті қонақ ретінде, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, тарихшы-ғалым Рашид Оразов келіп қатысты. |
Подробнее Просмотры: 325 Категория: Новости Дата: 12.03.2020 |
«Жарқын жүзді аналар» |
Үстіміздегі жылдың 10-шы наурызында Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері «Жарқын жүзді аналар» тақырыбында Қаскелең қаласының тұрғындары мен көп балалы аналарға арнайы тақырыптық экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында ауданнан шыққан батыр, еңбек ері атанған аналарымыз жайлы ақпараттар айтылды. |
Подробнее Просмотры: 233 Категория: Новости Дата: 12.03.2020 |
Экскурсия |
2020 жылдың 10 наурыз күні Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемориалды музей қызметкерлері Талдықорған қаласының ішкі істер орган қызметкерлеріне рухани құндылықты арттыру мақсатында музей залдары бойынша экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында ғалымның өмірі мен қызметіне байланысты қойылған музей жәдігерлерімен толық танысты. |
Подробнее Просмотры: 243 Категория: Новости Дата: 12.03.2020 |