Витраж өнерінен шеберлік сабақтар

Ағымдағы жылдың наурыз айының 10-ны күні, "Анаға құрмет" музейінде Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Кескіндеме, мүсін және дизайн" факультетіне қарасты "Көркемсурет" кафедрасының аға оқытушылары М.Тохсанбаев пен Ж.Тыныбекова К.Әзірбаев мектеп оқушыларына витраж өнерінен шеберлік сабақтарын өткізді.
Подробнее Просмотры: 199 Категория: Новости Дата: 10.03.2020

"Еңбек ардагерлері мен ел ағалары "

Үстіміздегі жылдың 10- шы наурыз күні Шелек тарихи-өлкетану музейіне Ауған соғысы мен Чернобыль апатына қатысқан ардагерлер келіп, музей залдарымен таңысты. Музей қызметкерлері ардагерлердің әрқайсысы бүгінгі жас ұрпақ жадында ерлік көрсеткен жауынгерлер болып қала беретіндерін сөз арасында айтып өтті. Қонақтар "Еңбек ардагерлері мен ел ағалары " залындағы Ауған соғысы мен Чернобыль апатының ардагерлеріне арналған экспозицияны тамашалап, музей қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдіріп қайтты.
Подробнее Просмотры: 250 Категория: Новости Дата: 10.03.2020

«Жамбыл Жабаевтың шәкірттері»

2020 жылдың наурыз айының 10-шы жұлдызында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде Қайназар орта мектебінің 5-сынып оқушыларына «Жамбыл Жабаевтың шәкірттері» атты дәріс оқылып, тақырыптық экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 267 Категория: Новости Дата: 10.03.2020

«Азап шеккен ару-аналар»

Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде Халықаралық әйелдер күніне орай 8-10 наурыз аралығында «Азап шеккен ару-аналар» көрмесі ұйымдастырылды. Осы аралықта көрмені аудан тұрғындары мен мектеп оқушылары тамашалап, лагерьде азап шеккен арулардың ауыр тағдырымен танысты.
Подробнее Просмотры: 259 Категория: Новости Дата: 10.03.2020

«Ана өмірдің гүлі»

Наурыз айының 6 күні Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері мен Черкасск орта мектебінің оқушылары Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана өмірдің гүлі» атты мерекелік шара өткізді. Шара барысында Сара Тыныштығұлованың өмір баяны айтылып, әндері шырқалды. Сонымен қатар экскурсия жүргізуші Карибжан М.Ә. шараға қатысқан қонақтарды құттықтап, қазақ ән өнерінің классикасына айналған «Анашым» әнін орындап берді.
Подробнее Просмотры: 251 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

"Ардақты ана, Батыр ана, Ер ана"

Ү.ж. 6 наурыз күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Ардақты ана, Батыр ана, Ер ана" тақырыбында көпбалалы аналармен кездесу өткізілді. Мақсаты: Аналармерекесіқарсаңында асыл аналарды құттықтау, оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу. Кездесуге 11 баланы тәрбиелеген «Алтын алқа» иегері Н.Абдикаримова, 6 бала тәрбиелеп отырған «Күміс алқа» иегері Г.Бекмадиева және 5 бала тәрбиелеп отырған Р.Тұрысбекова қатысты. Шара барысында оқушылар аналарға арнап ән айтып, би биледі. Аналар өздерінің бала тәрбиесіндегі тәжірибелерімен бөлісті.
Подробнее Просмотры: 302 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

«Ана өмірдің шуағы»

Ағымдағы жылдың 5-ші наурызында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде «Ана өмірдің шуағы» атты мерекелік концерт өткізілді. Іс-шара барысында музей қызметкері Рахымбергенов Қалқаман «Құдірет күші аналар, қазақ ханымдары» атты баяндама оқыды. Оқушылараналар мен ұстаздарға арнап ән айтып, күй шертіп, би биледі.
Подробнее Просмотры: 262 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

«Ананың аялы алақаны»

Үстіміздегі жылдың 4-ші наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне және Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 80 жылдығына орай, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері «Ананың аялы алақаны» атты Елбасының анасы Әлжан апаның өмір жолы мен дара тұлғаларды тәрбиелеудегі үлгі өнегесі жайлы тақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсия Қ. Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларына жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 331 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

"Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы"

Үстіміздегі жылдың 5 наурыз күні Сүйінбай Аронұлының әдеби - мемориалды музейінде бабамыздан мирас болып келе жатқан салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында "Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы" атты көрме ұйымдастырылды. Көрмемен мектеп оқушылары танысып, тамашалады.
Подробнее Просмотры: 301 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

«Абай шығармаларындағы табиғат бейнесі»

2020 жылы 4 наурыз күні Ү.Кәрібаев музейі "Жас суретшілер" үйірмесі мүшелерімен А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай шығармаларындағы табиғат бейнесі» тақырыбында тақырыптық сабақ өткізді. Танымдық сабақты үйірме мүшесі орта топ және жоғарғы топ сынып оқушыларына Абай шығармаларын оқи отырып, сурет салудағы композиция құрастыру жұмыстарын іс-жүзінде тәжірибе етіп көрсетті. Соңынан оқушылар Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдеріне композициялық суреттер құрастырып салды.
Подробнее Просмотры: 371 Категория: Новости Дата: 06.03.2020