«Ананың аялы алақаны»

Үстіміздегі жылдың 4-ші наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне және Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 80 жылдығына орай, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері «Ананың аялы алақаны» атты Елбасының анасы Әлжан апаның өмір жолы мен дара тұлғаларды тәрбиелеудегі үлгі өнегесі жайлы тақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсия Қ. Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларына жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 356 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

"Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы"

Үстіміздегі жылдың 5 наурыз күні Сүйінбай Аронұлының әдеби - мемориалды музейінде бабамыздан мирас болып келе жатқан салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында "Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы" атты көрме ұйымдастырылды. Көрмемен мектеп оқушылары танысып, тамашалады.
Подробнее Просмотры: 323 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

«Абай шығармаларындағы табиғат бейнесі»

2020 жылы 4 наурыз күні Ү.Кәрібаев музейі "Жас суретшілер" үйірмесі мүшелерімен А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай шығармаларындағы табиғат бейнесі» тақырыбында тақырыптық сабақ өткізді. Танымдық сабақты үйірме мүшесі орта топ және жоғарғы топ сынып оқушыларына Абай шығармаларын оқи отырып, сурет салудағы композиция құрастыру жұмыстарын іс-жүзінде тәжірибе етіп көрсетті. Соңынан оқушылар Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдеріне композициялық суреттер құрастырып салды.
Подробнее Просмотры: 397 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

Экскурсия

2020 жылдың 2 наурыз күні Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейіне арнайы келген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, журналистер одағының мүшесі, жерлесіміз Мәкен Әлиасқарұлының ұрпағы Назгүл Әлиасқароваға музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді. Мәкен Әлиасқарұлына арналған экспозицияны тамашалап, музей қызметкерлеріне өз ризашылығын білдірді.
Подробнее Просмотры: 273 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

«Шын жүректен алғыс айтамыз...»

2020 жылы наурыз айының 4-ші жұлдызында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде 1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай «Шын жүректен алғыс айтамыз...» атты ауыл тұрғындарымен кездесу кеші өтті. Аталмыш шара қонақтарына мейірімділік, ризашылық, ізгі тілектер мен алғыстар жайында өлеңдер оқылып, ән айтылды.
Подробнее Просмотры: 287 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

«Ұлттық қолөнер»

Ағымдағы жылдың 4 наурыз күні «Анаға құрмет» музейінде Бегдайыр жанұясы «Ұлттық қолөнер» атты тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Аталмыш көрмеде К.Әзербаев мектеп оқушыларына Анаргүл Жаманқұлқызы шеберлік сабақ өткізді. Аталмыш көрмеде көрермен назарына белдік, сөмке, әмиян, сырға, алқа, текемет және сырмақ сынды жүннен, теріден жасалған қазақи ұлттық өнердің иісі аңқитын, көз жауын алардай зергерлік бұйымдар ұсынылды.
Подробнее Просмотры: 355 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

«Ат әбзелдері»

2020 жылдың 4 наурыз күні Есік археологиялық-өлкетану музейінде Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Ат әбзелдері» атты Алматы облыстық көмекші мектеп интернатының 2 сынып оқушыларына танымдық сабақ өткізілді. Оқушылар музей қорындағы ертоқым, жүген, үзеңгі сынды ат әбзелдерін тамашалап, ат әбзелдерінің қолдану және жасалу тарихымен танысты.
Подробнее Просмотры: 391 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

«Полный кавалер ордена Славы – наш земляк Темиргали Исабаев»

Үстіміздегі жылдың 4 наурызында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Даңқ орденінің толық кавалері, ҰОС-на қатысушы Темірғали Исабаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Көксу аудандық Т.Исабаев атындағы Теректі орта мектебінің оқушыларына «Полный кавалер ордена Славы – наш земляк Темиргали Исабаев» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар Т.Исабаевтың өмірбаянымен, өміріне қатысты құжаттармен, марапаттарымен, фотосуреттерімен танысты. Экскурсия соңында оқушылар назарына «Казахстан в годы Великой Отечественной войны» деректі фильмі ұсынылды.
Подробнее Просмотры: 376 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

«Жетісу аңыздары»

2020 жылдың наурыз айының 4-ші жұлдызында «Жас экскурсовод» үйірме оқушыларына арналған кезекті «Жетісу аңыздары» атты танымдық сабағы ұйымдастырылды. Оқушыларға Жетісу жерінің аңыз-әңгімелерінен қосымша қызықты мәліметтер берілді. Сондай ақ, таңдалған экспозициялық тақырыптары бойынша сынама экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 293 Категория: Новости Дата: 06.03.2020

«С.Сәдуақасұлының өмірі және қоғамдық-саяси қызметі»

Ағымдағы жылдың 4-наурызы күні, Батыр бабалар мемориалы қызметкерлері С.Сәдуақасұлының туғанына 120 жыл толуына орай, К.Ушинский орта мектебі оқушыларына «С.Сәдуақасұлының өмірі және қоғамдық-саяси қызметі» атты тақырыпта дәріс оқып, кітап көрмесін ұйымдастырды. Дәріс барысында, ХХ ғ. басындағы мемлекет және қоғам қайраткері С.Сәдуақасұлының өмірі және оның әр жылдары атқарған қоғамдық қызметтері мен шығармалары жайында таныстырылды. Сондай-ақ, С.Сәдуақасұлының – 1925 жылы Ф. И. Голощекиннің Қазақстанға басшылыққа келе салып, қазақ даласына «Кіші қазан» революциясын жүргізуіне ашық қарсы шығуы және индустрияландыру саясаты барысында елімізді тек шикізат көзі ретінде қалдырмай, өнеркәсіп орындарының көптеп салынуы керектігі жайында айтқан пікірлеріне орай, «сәдуақасовшылдық», «ұлтшыл-уклонисттер» деген түрлі саяси айыптаулар тағылып, қудалануы жайында түсіндірілді.Дәрістің мақсаты – ХХ ғ. басындағы қазақ зиялылырының бірі &nda...
Подробнее Просмотры: 267 Категория: Новости Дата: 06.03.2020