Құдаш Мұқашевтың 90 жылдығы

І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде 6-шы қазан күні Ақсу ауданының тумасы, ақын, жазушы, драматург Құдаш Мұқашевтың 90 жылдығына орай «Мамания» орта мектебінің 8 сынып оқушыларына «Ұшқыр қалам иесі» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Шара қамшының сабындай ғана қысқа ғұмыр кешкен қаламгердің артына қалдырған мол мұрасын, жарқын бейнесін жас ұрпақтың жадында жаңғырту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Подробнее Просмотры: 92 Категория: Новости Дата: 10.10.2022

«Спорт саңлақтары»

6 қазан күні Лепсі тарихи музейінде Алакөл ауданынан шыққан спорт саласының чемпионы, майталмандары туралы «Спорт саңлақтары» тақырыбында экспозициялық комплекс құрылды. Лепсі спорт-интернат оқушыларына үлгі ретінде чемпиондарымыздың жетістіктері насихатталып, спорттың адам өмірінде алатын орны туралы тақырыптық экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 122 Категория: Новости Дата: 10.10.2022

«Қарты бар елдің берекесі бар»

1 қазан - Қарттар күніне орай Лепсі тарихи музейі және Мәдениет үйінің қызметкерлері бірлесіп, мәдениет үйінде «Қарты бар елдің берекесі бар» атты іс-шара өткізді. Шараның мақсаты - оқушыларға ұлттық қадір-қасиет, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету сияқты ізгә қасиеттерді насихаттау. Шара барысында қонақтарға құттықтау сөз беріліп, қарттарымызға арнайы сыйлық табысталды. Сонымен қатар жылжымалы көрме ұйымдастырылып, оқушылар концерттік бағдарлама ұсынды.
Подробнее Просмотры: 50 Категория: Новости Дата: 03.10.2022

«Қариялар сарқылмас қазыналар»

Ілияс Жансүгіровтің әдеби музейінде «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай қайырымдылық акция аясында «Қариялар сарқылмас қазыналар» атты дәстүрлі мерекелік кеш өтті. Шараға «Текелі қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесінің» тұрғындары мен қалалық ардагер ұйымының мүшелері арнайы шақырылды. Мерейлі шараның мақсаты - жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедек-қарттардың көңілін аулап, қолдау көрсету. Шара барысында оқушылар жырдан шашу шашып, Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің білімгерлері әсем әндер орындады. Сонымен қатар, музей ұжымы абзал ақсақалдар мен ақжаулықты аналарды мейрамымен құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады. Кеш соңында аяулы ардагерлерімізге «Асыл қариялар» атты кітап көрмесі таныстырылып, музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 49 Категория: Новости Дата: 03.10.2022

«Ескелді би – даналық дариясы»

Н.Алдабергеновтың мемориалды музей қызметкерлері 29 қыркүйек күні М.Байысов атындағы орта мектебі мен Жаңалық ауылының негізгі орта мектеп оқушыларына батыр, шешен, көріпкел Ескелді Жылкелдіұлының туғанына 330 жыл толуына орай «Ескелді би – даналық дариясы» атты дәріс оқыды. Ауданымыздың аты есімімен аталатын Ескелді бидің ғұмыр жолы туралы оқушылар назарына бейнефильм көрсетіліп, әулие бабамыздың елі мен жерін қорғап, сақтап қалғандығы жөнінде толыққанды мәлімет берілді.
Подробнее Просмотры: 67 Категория: Новости Дата: 03.10.2022

«Көп жасаған қария – ақылы кең дария»

29 қыркүйек күні - Халықаралық қарттар күніне орай, Ақын Сараның мемориалды музейінде «Көп жасаған қария – ақылы кең дария» атты шара өтті. Шараға арнайы Қапал өңірінің өсіп-өркендеуіне еңбек етіп, үлес қосқан ардагерлер шақырылды. Іс-шара барысында Қапал ауруханасында жұмыс істеп, қоғамдық өмірге, елінің дамып, жетілуіне үлес қосқан азаматтардың жетістіктеріне байланысты бейнеролик көрсетілді. Қарияларға музей бойынша экскурсия жүргізіліп, Қапалдың құрылғанына 175 жыл толуына орай құрылған «Тарихқа тұнған туған өлкем» атты көрме таныстырылды. Музей қызметкерлері ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелерді құттықтап, ауыл өнерпаздары ән айтып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Подробнее Просмотры: 57 Категория: Новости Дата: 03.10.2022

«Ата қоныс - алтын мекен»

Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде № 3 орта мектебінің 4 сынып оқушыларына, «Ата қоныс - алтын мекен» тақырыбында Алакөл ауданындағы Екпінді ауылының тарихы және Тоқболат батыр бейіті туралы әңгіме оқылды. Әңгіме барысында Тоқболат батырдың өмірі мен ерліктері туралы және бейіті орналасқан Екпінді ауылының тарихы жайлы мәлімет берілді.
Подробнее Просмотры: 56 Категория: Новости Дата: 03.10.2022

«Қазақ сарбаздарының ат үстіндегі соғысу тәсілдері»

«Жауынгерлік Даңқ» музейінде оқушыларға «Қазақ сарбаздарының ат үстіндегі соғысу тәсілдері» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында қазақ жауынгерлері қолданған соғыс тактикасының 12 тәсілі аталып, түсіндірілді. Экскурсия музей экспозициясындағы «Бес қару» топтамасымен байланыстыра таныстырылып, қазақ батырларының өшпес ерлігі мен жауынгерлік қасиеттері жайында мағлұматтар берілді.
Подробнее Просмотры: 38 Категория: Новости Дата: 27.09.2022

"Қыш ыдыстар тарихтан – сыр шертеді"

Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Қыш ыдыстар тарихтан – сыр шертеді" тақырыбында Асусай қалашығынан табылған қыш ыдыстар көрмесі өткізілді. Мақсаты – өлкеміздегі ортағасырлық Асусай қалашығынан табылған көне қыш ыдыстарды оқушыларға көрсету арқылы өлкеміздің тарихы мен мәдениетін таныстыру. Асусай қалашығы Үшарал қаласынан шығысқа қарай 65 шақырым жерден табылып, 2011 жылы зерттелді. Қазба жұмыстарын ҚазҰУ-ның профессоры Ә.Төлеубаев басқарды. Көрмеге музей залдарының, археология бөлімнен ортағасырлық Асусай қалашығының қыш ыдыстары: қазан, қыш ыдыс қақпақтары, құмған, шырақ бөлшектері, хум, құмыралар, түбек, құмыра тұтқалары, дастархан бөлшектері және де музей қорынан тағы басқа экспонаттар қойылып, оқушыларға таныстырылды. Ғасырлар қойнауынан жеткен қыш ыдыстарда жасырынған сырға тереңірек үңілу келешек еншісінде екені сөзсіз.
Подробнее Просмотры: 54 Категория: Новости Дата: 23.09.2022

«Жекпе-жектің теңдесіз шебері»

22 қыркүйек күні Қабанбай батыр атындағы тарихи - өлкетану музейінде Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдығына орай оқушыларға «Жекпе-жектің теңдесіз шебері» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында Қабанбай батыр қатысқан шайқастар мен жекпе-жектері туралы оқушыларға мәлімет беріліп, батырдың қатысқан ең ірі шайқастарының бірі – Аңырақай шайқасы туралы айтылды. Шараның мақсаты - жас ұрпаққа Қабанбай батырдың ерлігін насихаттап, сол арқылы батырлыққа, адалдыққа, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болып табылады.
Подробнее Просмотры: 46 Категория: Новости Дата: 23.09.2022