«1 НАУРЫЗ-АЛҒЫС АЙТУ»

Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде депортация жылдарында елімізге ауып келген грек ұлтының өкілі, Қазақстан грек қоғамдары «Филия» қауымдастығының президенті, Қазақстан халық Ассамблеясының мүшесі Георгий Константинович Иорданидимен «1 НАУРЫЗ-АЛҒЫС АЙТУ» күніне орай Жетіген ауылы, № 3 орта мектеп оқушыларының қатысумен танымдық-тәрбиелік кездесу кеші ұйымдастырылды. Аталмыш кеште ауылдық мектеп оқушылары арасынан әртүрлі ұлт өкілдерінің бүлдіршіндері ризашылық ізгі тілектерін айтып, өлең жолдады.
Подробнее Просмотры: 299 Категория: Новости Дата: 03.03.2020

«Ұлы даланың жыр дүлдүлдері»

Үстіміздегі жылдың ақпан айының 28-ші жұлдызында ақын Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай Алматы облысы, Жамбыл аудандық әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Жамбыл күні» дәстүрлі шарасы өтті. Аталмыш шараға Сүйінбай Аронұлының әдеби- мемориалды музейі, Жамбыл Жабаевтың әдеби- мемориалды музейі және Үмбетәлі Кәрібаевтың әдеби мемориалды музейлері арнайы «Ұлы даланың жыр дүлдүлдері» атты жылжымалы көрме безендірді. Көрмені аудан әкімі бастаған ақын-жазушылар мен зиялы қауым және ауыл тұрғындары тамашалады.
Подробнее Просмотры: 317 Категория: Новости Дата: 03.03.2020

«Жамбыл күні»

2020 жылдың 28 ақпанында жылдағы дәстүр бойынша «Жамбыл күні» мерекесі аталып өтті. Алатаудың асқақ жыршысы ХХ- ғасырдың Гомері Жамбыл Жабаевтың туғанына 174 жыл толуына орай зиялы қауым өкілдері ақынның туған ауылына жиналды. Аудан әкімі Бағдат Әлиев поэзия алыбының туған күніне арнайы келген әдебиет пен өнер өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен бірге ақынның музейіне барып, ескерткішіне гүл шоғын қойды. Сондай-ақ, бабамыздың рухына бағыштап құран оқып, арнайы мал шалып, артынша ауылдағы мәдениет үйінде «Жамбыл күні» іс-шарасы жалғасын тапты.
Подробнее Просмотры: 271 Категория: Новости Дата: 02.03.2020

"Асқақ жырдың ақиығы"

Ү.ж. 26 ақпанында І.Жансүгіровтің өмірден өткен күніне орай, ақынды еске алу мақсатында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері "Асқақ жырдың ақиығы" атты көрме ұйымдастырды. Көрме барысында "Мамания"орта мектебінің оқушылары Ілияс Жансүгіровтің өмірінен сыр шертетін құжаттары, сирек кездесетін фотосуреттері, шығармаларымен танысты.
Подробнее Просмотры: 269 Категория: Новости Дата: 28.02.2020

"Даланың дархан көңіл ақыны"

2020 жылдың 28 ақпанында Жамбыл ақынның 174- жылдық мерейтойының қарсаңында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде оқитын 1-курс студенттеріне "Даланың дархан көңіл ақыны" атты дәріс оқылып, тақырыптық экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 382 Категория: Новости Дата: 28.02.2020

«Әл-Фараби және оның рухани мұрасы»

2020 жылдың 28 ақпан күні Кеген аудандық тарихи – өлкетану музейінің қызметкерлері ұлы энциклопедист, ғалым, астролог Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай «Әл-Фараби және оның рухани мұрасы» атты тақырыпта С.Серкебаев атындағы орта мектептің 6-сынып оқушыларына дәріс оқыды.Мақсаты: Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми философиялық және рухани мұрасын таныстыру.
Подробнее Просмотры: 334 Категория: Новости Дата: 28.02.2020

"Құт дарыған төріне, мың алғыс туған еліме!"

28 ақпан күні Б.Бейсекбаев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанның этникаралық келісім мен ұлтаралық ынтамақтастықты нығайту мақсатында "Құт дарыған төріне, мың алғыс туған еліме!" атты көрме ұйымдастырылып, экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 330 Категория: Новости Дата: 28.02.2020

«Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер»

28 ақпан күні «Анаға құрмет» музейінде Қарасай ауданының Ушинский атындағы орта мектебінің оқушыларына «Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер» атты тақырыбында іс-шара өткізілді. Шараға арнайы Нұр-Сұлтан қаласынан кезінде «Семей таңы», «Абай» журналдарында қызмет жасаған белгілі журналист, абайтанушы, аудармашы Райхан Ахметова қатысып, Абайдың өмірі мен ақындық жолына жан-жақты шолу жасап, оның әдеби мұрасын зерттеген ғылыми мақалалары мен аудармалары жайлы кеңінен әңгімеледі.
Подробнее Просмотры: 320 Категория: Новости Дата: 28.02.2020

"Достықтың, ынтымақтың ғажап елі, барша жұрт риза саған, қазақ елі"

28 ақпан күні Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде Бақанас аграрлы-индустриялдық колледж студенттерінің қатысуымен 1 наурыз "Алғыс айту" күніне орай, "Достықтың, ынтымақтың ғажап елі, барша жұрт риза саған, қазақ елі" атты мерекелік шара өткізілді. Шара барысында студенттерге ұлтаралық бейбітшілік, келісім жайында әңгіме айтылды.
Подробнее Просмотры: 299 Категория: Новости Дата: 28.02.2020

«Әл-Фараби және оның рухани мұрасы»

2020 жыл 28 ақпан күні Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемориалды музей қызметкерлері шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ұлы тұлғаның еңбектерінің қазіргі кезге дейін маңызын жоймай, құнды болып сақталу ерекшелігін таныту мақсатында ұйымдастырған «Әл-Фараби және оның рухани мұрасы» атты дөңгелек үстелге Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Дөңгелек үстел барысында ұлы ойшылдың туған жері,оның білімге деген құштарлығы мен артына қалдырған мұралары жайында ой қозғап,ол жайлы сақталып бізге жеткен аңыз-әңгімелер де айтылды.
Подробнее Просмотры: 307 Категория: Новости Дата: 28.02.2020