Экскурсия

2020 жылдың 27 ақпан күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде «Nur Otan» партиясы Орталық Аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Сансызбаев Арыстанғали Қадырұлы жұмыс сапарымен келіп, ауыл тұрғындарымен кездесіп қайтты. Кездесуге Алматы облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары С. Нұрқадыров, "Nur Otan" партиясы Ескелді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д. Идрисов және Алдабергенов ауылдық округ әкімі Ж. Садырбаев қатысты. Жиын барысында қонақтарға музей залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, өлке тарихы кеңінен таныстырылды. Музей экспозициясын қызығушылықпен тамашалаған қонақтар, музей қызметкерлеріне шығармашылық табыстар тіледі.
Подробнее Просмотры: 280 Категория: Новости Дата: 28.02.2020

Экскурсия

Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне арнайы Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы «Ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музейі»-нің директоры Мухамбетова Улболсын Керейқызы келіп, музей залдарымен танысып қайтты. Тарих тағылымы мол деректерді жинақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуімізге тілектестігін білдіріп, музей қызметкерлерінің жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі.
Подробнее Просмотры: 280 Категория: Новости Дата: 28.02.2020

«Алғыс айту парызым»

Ақпан айының 28 жұлдызында Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері Черкасск орта мектебінің оқушыларына 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай «Алғыс айту парызым» атты танымдық сабақ өткізді. Танымдық сабақ барысында оқушыларға ұлтаралық бейбітшілік, келісім, толеранттылық және әр қандай іске, айналасындағыларға ризашылықпен қарау жайында әңгіме айтылды.
Подробнее Просмотры: 343 Категория: Новости Дата: 28.02.2020

«Абайдың қара сөздері»

К 175-летию великого поэта, просветителя Абая Кунанбаева, 27-го февраля текущего года, сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района организовали тематический урок «Абайдың қара сөздері» («Слова назидания Абая») для учащихся средней школы-гимназии им. Аль – Фараби. В ходе урока, заведующий музеем Калиев Серик Макулбекович, дал анализ словам назидания великого поэта, поведал о мудрых изречениях Абая и его вклад в развитие литературы казахского народа.
Подробнее Просмотры: 248 Категория: Новости Дата: 28.02.2020

«Жамбыл мен Құлмамбет»

2020 жылдың ақпан айының 27 – шы жұлдызында Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейінде Сүйінбай ақынның шәкірті Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай «Жамбыл мен Құлмамбет» айтысына сахналық қойылым қойылды. Айтыскер ақын Жамбылдың өмір жолы, айтыс ақыны ретінде танылуы осы Құлманбетпен айтысынан кейін Жамбылдың аты халқына кеңінен тарала бастаған болатын.Қойылым соңынан «Ақиық» үйірмесінің оқушылары Жамбыл өлеңдерін жатқа оқып, өз арнауларын оқыды.
Подробнее Просмотры: 335 Категория: Новости Дата: 27.02.2020

«Format Е»

Үстіміздегі жылдың ақпан айының 26-27-28 –ші жұлдызы күндері Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінде Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығы мәдениет қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жетілдіру мақсатында «Format DAMU» оқу-әдістемелік орталығы Алматы облысы бойынша мәдениет қызметкерлеріне арналған «Format Е» облыстық семинар-тренинг өткізді. Аталмыш семинар-тренингқа Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музей қызметкерлері және оның филиал меңгерушілері қатысты. Семинарда «Музей менеджменті мен маркетингін дамыту», «Музей құндылықтарының есепке алынуы, сақталуы мен пайдаланылуы», «Музей қызметіндегі бүгінгі мақсат, міндеттер», «Музейлерде мәдени шараларын ұйымдастыру және жәдігерлер негізінде баспа өнімдерін дайындау жолдары» атты тақырыптарда Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім басшысы Лазар Гүл...
Подробнее Просмотры: 239 Категория: Новости Дата: 27.02.2020

«Өнерге ұмтыл, өнерді біл замандас!

2020 жылдың 26 ақпанында Ілияс Жансүгіровті еске алу күніне орай І.Жансүгіров әдеби музейінің ұйымдастыруымен ақынныңпрозалық шығармашылығы және драматургиясынан «Өнерге ұмтыл, өнерді біл замандас!» атты мектепаралық сахналық қойылымдар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Ілияс Жансүгіров қазақ өнерінің дамуына жанашырлық жасап, қазақтың театр, ән, күй өнерін дамытуға үлкен үлес қосқанын, өнер тақырыбында үздіксіз мақалалар жариялап, ойлары мен пікірлерін ортаға салған қаламгер, мәдениет пен өнердің жанашыры екенін бүгінгі жастарымызға жеткізу. Ақынның шығармашылығынан көркем шеберлікпен сахналық қойылым көрсетуге қаламыздағы іріктеуден өткен барлық мектептердің 5-11 сынып оқушылары қатысты. Жас таланттардың басын қосқан өнер алаңында үміткерлерден орындап тұрған шығармаларының кейіпкерлеріне ұқсап киінуі, сөйлеу, іс-әрекеті, мінез-құлқын дәл жеткізуі және сахна әдебі талап етіліп, «жеке» және «топпен» деп бағаланды. Байқау қорытындысы бойынша...
Подробнее Просмотры: 397 Категория: Новости Дата: 27.02.2020

"Абай оқулары"

Қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Сүйінбай Аронұлының әдеби - мемориалды музейінде ақпанның 26 - шы жұлдызы күні оқушылар арасында "Абай оқулары" атты жасөспірімдер арасында байқау ұйымдастырылды. Аталмыш шараға қатысқан оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқып, бақ сынасты. Шара соңында оқушылар алгыс хаттармен марапатталды.
Подробнее Просмотры: 264 Категория: Новости Дата: 27.02.2020

"Жамбыл шығармаларының белгісіз беттері"

2020 жылдың 26-ақпанында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде Үңгіртас орта мектебінің 4-сынып оқушыларына "Жамбыл шығармаларының белгісіз беттері" атты дәріс оқылды. Ж.Жабаевтың ақындық қабілетінен бөлек жыршылығы мен күйшілігі туралы және басқа да зерттеушілердің жұмыстарында ақын айтқан, бірақ қағаз бетіне түспеген шығармалары жайлы деректермен таныстырылды.
Подробнее Просмотры: 327 Категория: Новости Дата: 27.02.2020

"Жамбыл дара тұлға"

Үстіміздегі жылдың 26-ақпанында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде "Бал дәурен" балабақша ұжымының ұйымдастыруымен Жамбыл ақынның 174-жылдық мерейтойына арналған "Жамбыл дара тұлға" атты тақырыпта іс-шара өтті. Жамбыл ақынның ең кішкентай ұрпақтары өнер бесігінде тіркеліп өскен ақынның өлеңдерін орындап, хормен ұлы тұлғаға арнау айтты.
Подробнее Просмотры: 313 Категория: Новости Дата: 27.02.2020