«Үздік экскурсия жүргізуші»

2020 жылдың ақпан айының 25 – жұлдызында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Елбасының «Атамекен» тарихи –мәдени орталығында, Халықаралық экскурсоводтар күніне орай «Үздік экскурсия жүргізуші» атты музейлер арасында сайыс өтті. Бұл сайысқа Қарасай және Жамбыл аудандарының экскурсоводтары қатысты. Сайыс талабы бойынша әр қатысушы өз өнерлерін ортаға салды . Алматы қаласынан арнайы шақырылған әділқазылар шешімі бойынша бас жүлдені Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің экскурсия жүргізушісі Қылышбаева Ұлан жеңіп алды , «Батыр бабалар» , «Анаға құрмет» , және Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейлерінің экскурсия жүргізушілері жүлделі орындарды иеленді.
Подробнее Просмотры: 303 Категория: Новости Дата: 26.02.2020

"Өлең сөздің дүлділі Жыр алыбы -Жамбыл"

Үстіміздегі жылдың 25-ақпанында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде "Алтынай" балабақша ұжымының ұйымдастыруымен Жамбыл ақынның 174-жылдық мерейтойына арналған "Өлең сөздің дүлділі Жыр алыбы -Жамбыл" атты тақырыпта іс-шара өтті. Іс-шарада бүлдіршіндер көрініс көрсетіп, ақынның өлең-жырларын орындады
Подробнее Просмотры: 326 Категория: Новости Дата: 26.02.2020

"Кавказға саяхат"

2020 жылдың 24-ақпанында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде Қазақ бас сәулет-құрылыс академия колледжінің студенттеріне "Кавказға саяхат" тақырыбында дәріс оқылды. Дәрісте Жамбыл ақынның 1937 жылғы Грузияға барған сапарында қанатты шабытпен дүниеге келген "Сәлем саған Кавказ", Туысқан ел", "Ақынға", "Кавказға", "Өмір жыры", т.б. өлеңдеріне тереңірек тоқталды.
Подробнее Просмотры: 277 Категория: Новости Дата: 26.02.2020

«Көшбасшы сыйлықтары»

25-го февраля текущего года к 80-летию Елбасы Н.А. Назарбаева, сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района провели тематическую экскурсию «Подарки Лидера» для учащихся школы-гимназии имени Абая. В ходе экскурсии было рассказано о жизни и деятельности Елбасы Н.А. Назарбаева, а так же представлены подарки преподнесенные Елбасы в дар музею.
Подробнее Просмотры: 225 Категория: Новости Дата: 26.02.2020

«Экскурсия музей жұмысының бір түрі»

Үстіміздегі жылдың 25 ақпанында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері «Жас экскурсия жүргізуші» үйірмесінің оқушыларымен «Экскурсия музей жұмысының бір түрі» атты тақырыбында екінші сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылар экскурсия, экскурсияның мақсаты мен түрлері және экскурсия жүргізушінің міндеттері туралы толыққанды мағлұмат алды. Сонымен қатар, оқушыларға ситуациялық тапсырмалар беріліп, назарларына тақырыпқа сай слайд ұсынылды. Сабаққа бар ынталарымен қатысқан балалар өз ойларын да ортаға салды.
Подробнее Просмотры: 263 Категория: Новости Дата: 26.02.2020

«Өткен күннен естелік»

Үстіміздегі жылдың 24 ақпанында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Арасан ауылындағы Б.Сырттанов атындағы орта мектебінде «Өткен күннен естелік» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көпшілік назарына өткен ғасырдан сыр шертетін фотокамералар мен телефондар ұсынылды. Көрме оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, көңілдерінен шықты.
Подробнее Просмотры: 276 Категория: Новости Дата: 26.02.2020

«Ауғаныстаннан Кеңес әскерінің шығуына 31 жыл»

2020 жылдың ақпан айының 25 ші жұлдызында Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері «Черкасск қорғанысы» экспозициялық кешенінде Черкасск орта мектебінің 7 сынып оқушыларына «Ауғаныстаннан Кеңес әскерінің шығуына 31 жыл» атты лекция өткізді. Лекция барысында 10 жылға созылған қақтығыстың зардаптары мен ардагерлер ерлігі жайлы баяндалды.
Подробнее Просмотры: 230 Категория: Новости Дата: 26.02.2020

«Жігіттердің сұлтаны»

2020 жылдың 24 ақпан күні Сүйінбай Аронұлының әдеби - мемориалды музейінде айтыстың ақтаңгері, қолына үкілі домбыра мен қауырсын қаламды алма - кезек ұстаған лирик ақын Есенқұл Жақыпбековтың туған күніне орай Т.Бокин атындағы орта мектеп оқушыларына «Жігіттердің сұлтаны» атты әңгіме оқылды.
Подробнее Просмотры: 257 Категория: Новости Дата: 26.02.2020

«Жамбыл поэзиясының тілі»

Үстіміздегі жылдың 21- ақпанында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің қызметкерлері Жамбыл орта мектебінің 8-сынып оқушыларына «Жамбыл поэзиясының тілі» атты тақырыпта дәріс оқыды. Жыр алыбының өмірі мен поэзиясы туралы, айтыстары жайлы оқылған дәріс барысында оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Подробнее Просмотры: 231 Категория: Новости Дата: 24.02.2020

Экскурсия

Ағымдағы жылдың ақпан айының 23-ші жұлдызында шетел азаматы Dennis Kunneman Қазақстандағы саяхат бағытының бірін музей аралауға арнағандықтан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің арнайы экспозицияларымен танысып қайтты. Экскурсия барысында Қазақстандағы 1916 - 1986 жж. аралығындағы қуғын-сүргін құрбандарының тарихы жайлы деректер айтылды.
Подробнее Просмотры: 287 Категория: Новости Дата: 24.02.2020