Ұлы Абайдың 175 жылдығы

Үстіміздегі жылдың 21ақпан күні Есік археологиялық өлкетану музейінде Есік қалалық әкім аппаратымен бірлесе отырып Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай қала мектептері мен колледж студенттері арасында тоғыз құмалақтан жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты - жастарды ұлттық ойын түрлеріне үйрету, қазақ халқының тарихымен, салт-дәстүрлерімен таныстыру. Өткізілген шара аясында жастар Ұлы Абайдың өсиеттеріне сәйкес дәстүрлі жарысқа қатысып, мақтау қағаздары мен кубоктартарға ие болды.
Подробнее Просмотры: 337 Категория: Новости Дата: 21.02.2020

«Ораз жолы»

20-го февраля текущего года, к 121-летию видного партийного и государственного деятеля О.К. Жандосова, сотрудники историко-краеведческого музея Карасайкого района провели тематический урок на тему «Путь Ораза» для учащихся средней школы им. В.Г. Белинского. На уроке рассказали о жизни и деятельности нашего земляка, который верно служил своей стране и своему народу. В конце урока, в память о борце за светлое будущее своего народа была объявлена минута молчания.
Подробнее Просмотры: 237 Категория: Новости Дата: 21.02.2020

"Зергерлік бұйымдар сыры"

Үстіміздегі жылдың 21 ақпанында Ақын Сараның мемориалды музейінде «Зергерлік бұйымдар сыры» атты көрмені Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің оқушылары тамашалады. Көрмеге күмістен жасалып әртүрлі тастармен безендірілген кемер белдік, алқа, сақина, сырға, білезік және тағы басқа да қазақ ұлттық, сондай-ақ, заманауи стильдегі жасалған зергерлік әшекейлер қойылды. Көрме оқушылардың қызығушылықтарын арттырып көңілдерінен шықты.
Подробнее Просмотры: 356 Категория: Новости Дата: 21.02.2020

«Өлең – сөздің патшасы»

Ү. ж. 21 ақпан күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде ұлы ақын, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Өлең – сөздің патшасы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттау. Кеш барысында хакім Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері оқылып, әндері шырқалып, сахналық қойылым көрсетілді. Ескелді ауданы, Алдабергенов ауылы, М. Байысов мектебінің түлегі, бүгінгі таңда ҚР-ның Еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинованың аталмыш шараға арнайы жолдаған видеоролигі көрсетілді. Сонымен қатар ақын шығармашылығынан сыр шертетін «Әлемге танылған - Абай» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
Подробнее Просмотры: 277 Категория: Новости Дата: 21.02.2020

«Жыр алыбы - Жамбыл»

2020 жылдың 20 ақпанында Алматы қаласында Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе отырып Жамбыл Жабаевтың туғанына 174 жыл толуына арналған «Жыр алыбы - Жамбыл» атты кеш өтті. Кешке белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылар, жамбылтанушылар шақырылды. Кеш барысында келген қонақтар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы өз ойларын ортаға салды . Жамбыл атындағы №161, Сүйінбай атындағы №143 лицей оқушылары ақынның өлеңдерін оқыса, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер Академиясының дәстүрлі бөлімінің студенттері Жамбыл атамыздың әндерін орындады. Кеш өз деңгейінде өте тартымды өтті.
Подробнее Просмотры: 297 Категория: Новости Дата: 21.02.2020

"Ұлы дала елінің ұлы ақыны"

2020 жылдың 21 ақпан күні қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, Шелек тарихи - өлкетану музейінің қызметкерлері "Ұлы дала елінің ұлы ақыны" атты тақырыпта мектеп оқушыларына танымдық сағат ұйымдастырды. Танымдық сағатта қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірі туралы кеңінен мəлімет беріліп, шығармашылығына жалпы шолу жасалды.
Подробнее Просмотры: 244 Категория: Новости Дата: 21.02.2020

«Өтпелі кезең өнегесі»

2020 жылдың 21-шы жұлдызында Сарқан ауданының тарихы музейінде Сарқан ауданындағы алғаш ұжымдастыруға байланысты Черкасск орта мектебінің 8 сынып оқушыларына экспозиция бойынша «Өтпелі кезең өнегесі» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар өткен кезеңде пайдаланған халықтың тұрмыстық заттарынан көрме ұйымдастырылып қойылды.
Подробнее Просмотры: 287 Категория: Новости Дата: 21.02.2020

«Өлең сөздің патшасы»

Ү.ж. 20 ақпан күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері және О.Молдағожин атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдерімен бірлесе отырып, ұлтымыздың дара туған ұлы перзенті - хакім Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Өлең сөздің патшасы» атты әдеби кеш ұйымдастырды. Мақсаты:Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін мәнерлеп оқу. Әдеби кеш барысында оқушылар Абайдың өлеңдерін оқып, қара сөздерін талдады. Ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталды. Шараға О.Молдағожин атындағы орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Подробнее Просмотры: 268 Категория: Новости Дата: 21.02.2020

"Алтын Адам қазақ тарихының феномені"

2020 жылдың 20 ақпан күні Есік археологиялық-өлкетану музейінің қызметкерлері Қазақ спорт және туризм академиясының туризм факультетінің мұғалімдерімен бірігіп, Қазақстанның туристік әлеуетін арттыру мақсатында "Қазақстанның тарихи жерлері топтамасы: "Алтын Адам қазақ тарихының феномені" атты дөңгелек үстел өткізді.
Подробнее Просмотры: 268 Категория: Новости Дата: 21.02.2020

«Алтын ұям – Ақсуым»

Ү.ж 20 ақпанында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде Ақсу ауданының 90 жылдығына орай «Алтын ұям –Ақсуым» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында музей көрермендеріне​ еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жалпақ​ жұртыңды,​ исі​ Алашыңды​ қадірлеу​ алдымен өзің туған өлкенің тарихы мен табиғатын танудан, тұлғаларын ардақтаудан басталады» деген қанатты сөзін тілге тиек ете отырып, Ақсу ауданының тарихымен жан-жақты таныстырып, Ақсу өлкесінен сыр шертетін көптеген мағлұматтар берілді.
Подробнее Просмотры: 344 Категория: Новости Дата: 21.02.2020