Пресс-центр
«Өлең сөздің патшасы» |
Ү.ж. 20 ақпан күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері және О.Молдағожин атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдерімен бірлесе отырып, ұлтымыздың дара туған ұлы перзенті - хакім Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Өлең сөздің патшасы» атты әдеби кеш ұйымдастырды. Мақсаты:Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін мәнерлеп оқу. Әдеби кеш барысында оқушылар Абайдың өлеңдерін оқып, қара сөздерін талдады. Ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталды. Шараға О.Молдағожин атындағы орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. |
Подробнее Просмотры: 292 Категория: Новости Дата: 21.02.2020 |
"Алтын Адам қазақ тарихының феномені" |
2020 жылдың 20 ақпан күні Есік археологиялық-өлкетану музейінің қызметкерлері Қазақ спорт және туризм академиясының туризм факультетінің мұғалімдерімен бірігіп, Қазақстанның туристік әлеуетін арттыру мақсатында "Қазақстанның тарихи жерлері топтамасы: "Алтын Адам қазақ тарихының феномені" атты дөңгелек үстел өткізді. |
Подробнее Просмотры: 289 Категория: Новости Дата: 21.02.2020 |
«Алтын ұям – Ақсуым» |
Ү.ж 20 ақпанында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде Ақсу ауданының 90 жылдығына орай «Алтын ұям –Ақсуым» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында музей көрермендеріне еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жалпақ жұртыңды, исі Алашыңды қадірлеу алдымен өзің туған өлкенің тарихы мен табиғатын танудан, тұлғаларын ардақтаудан басталады» деген қанатты сөзін тілге тиек ете отырып, Ақсу ауданының тарихымен жан-жақты таныстырып, Ақсу өлкесінен сыр шертетін көптеген мағлұматтар берілді. |
Подробнее Просмотры: 374 Категория: Новости Дата: 21.02.2020 |
"Қыш құмыралар құпиясы" |
Үстіміздегі жылдың 18 ақпан күні Есік археологиялық - өлкетану музейінің қызметкерлері Р.Тоқатаев атындағы мектеп оқушыларына "Қыш құмыралар құпиясы" атты лекция оқып, ІХ- ХІ ғғ жәдігерлер туралы түсінік берді. |
Подробнее Просмотры: 384 Категория: Новости Дата: 20.02.2020 |
«Тұңғыш Президент тағылымы» |
Үстіміздегі жылдың 19-жұлдызында «Анаға құрмет» музей қызметкері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 80 жылдығына орай, «Тұңғыш Президент тағылымы» тақырыбында Ы.Алтынсарин атындағы №159 мектеп гимназиясының оқушыларына танымдық дәріс өткізді. Белсенді дәріс әдісімен өткізілген шара барысында оқушылар елбасының балалық шағы туралы қызықты деректермен танысып, арнайы кітап көрмесін тамашалады. |
Подробнее Просмотры: 271 Категория: Новости Дата: 20.02.2020 |
«Отты жылдар ел есінде» |
2020 жылдың 19 ақпан күні Ақсу ауданы Қапал ауылдық округінде «Ұлы даланың мәңгілік мәдениеті» атты көркем өнерпаздар байқауының өтуіне байланысты «Отты жылдар ел есінде» атты жылжымалы көрме Қапал ауылдық мәдениет үйіне құрылды. Ұлы Отан Соғысының 75 жылдығына арналған көрме Ақын Сараның мемориалды музей қорында жиналған жәдігерлер негізінде көпшілік назарына ұсынылды. Көрмедегі өлкеден шыққан ардагерлердің фото суреттері мен жеке заттары және соғыс жылдарындағы қолданыста болған заттар арқылы майдан тарихы таныстырылды. |
Подробнее Просмотры: 327 Категория: Новости Дата: 20.02.2020 |
«Жамбыл жырларын жатқа оқиық» |
18 ақпан күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде Жамбыл аудандық «Жас ұлан » оқушылар үйі мен музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 174 жылдығына орай «Жамбыл жырларын жатқа оқиық» атты әдеби кеш өтті. Өскелең ұрпаққа тәрбие беру арқылы ұлттық рухты жігерлендіру, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге үйретуді мақсат еткен шара қызықты әрі тағылымды болды . |
Подробнее Просмотры: 313 Категория: Новости Дата: 20.02.2020 |
«Ұлы даланың сақ өркениеті» |
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи–өлкетану музейінде 2020 жылдың 19 ақпан күні «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің «Ұлы даланың сақ өркениеті» атты жылжымалы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрменің ашылуына Талдықорған қаласының колледж студенттері мен мәдениет мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Көрмеге Еңбекшіқазақ ауданындағы «Рахат» қалашығы мен қорымы, Рахат тұрағы «палеолит дәуірі», Өрнек, Шошанай қорымдарынан қазба жұмыстар нәтижесінде табылған темір дәуірі кезеңіне жататын әшекей бұйымдар, қару түрлері, тұрмыстық заттар, ғұрыптық ыдыстар, т.б. жалпы саны - 60-қа жуық жәдігер қойылды. Көрме ақпан айының аяғына дейін жұмыс жасайды. «Есік» республикалық тарихи-мәдени қорық музейімен осыған дейін де бірлесе отырып Талдықорған қаласының тұрғындарына бірнеше көрме ұсынылған болатын. Бұл атқарылып жатқан жұмыстар келешек ұ... |
Подробнее Просмотры: 280 Категория: Новости Дата: 20.02.2020 |
«Қапал өңірінен шыққан танымал тұлғалар» |
Үстіміздегі жылдың 18 ақпанында Ақын Сараның мемориалды музейінде жастардың рухын көтеруге, жүректерінде патриоттық сезім ояту мақсатында «Қапал өңірінен шыққан танымал тұлғалар» атты шығармашылық байқау өткізілді. Байқауға Ғали Орманов, Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебініңоқушылары қатысты. Әділқазылар алқасының қорытындысы бойынша бас жүлдені Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жұмахан Амина иеленді. Қонақтарға «Ұлы тұлғалар» атты кітап көрмесі таныстырылып, музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді. |
Подробнее Просмотры: 423 Категория: Новости Дата: 18.02.2020 |
«Айтыстың алтын діңгегі» |
Үстіміздегі жылдың ақпан айының 17-ші жұлдызында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музей қызметкерлері Жамбыл ауылдық мәдениет үйінде жыр алыбы - Жамбыл Жабаевтың 174 жылдығына орай «Айтыстың алтын діңгегі» атты оқушылар арасында жас ақындар айтысы және терме сайысын ұйымдастырды. Аталмыш шараға арнайы ақынның жеке заттарынан шағын жылжымалы көрме қойылды. Сайыс қатысушылары арнайы жүлделі орындармен марапатталды. |
Подробнее Просмотры: 236 Категория: Новости Дата: 17.02.2020 |