Пресс-центр
«Ауғанда от кешкен батырларға тағзым!» |
2020 жылдың 14-ақпаны күні, Батыр бабалар мемориалды музейінің қызметкерлері Қарасай ауданы, Райымбек ауылдық округі әкімшілігімен бірлесе отырып, Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 31 жыл толуына орай, «Ауғанда от кешкен батырларға тағзым!» атты тақырыпта мәдени шара ұйымдастырды. Шараға, Қарасай ауданы, Райымбек ауылдық округінде тұратын ауған соғысы ардагерлері және мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа ауған соғысы ардагерлерінің өмірі мен ерлігін насихаттау болды. Мектеп оқушылары ардагерлер құрметіне ән айтып, би билеп өнер көрсетсе, Ауған соғысы ардагерлерінің«Аманат» қоғамдық ұйымының төрағасы Мулинов Бақытжан шараны ұйымдастырушылар мен мектеп ұстаздарын "Патриотық тәрбие үшін" медальімен және "Алғыс хаттармен" марапаттады. |
Подробнее Просмотры: 227 Категория: Новости Дата: 17.02.2020 |
"Ауғанның отты жалыны" |
Үстіміздегі жылдың ақпанның 14-ші жұлдызында Шелек тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Ауған соғысы жауынгерлерін еске алу мақсатында, О. Жандосов мектебінің 7 «Ә» сынып оқушыларына "Ауғанның отты жалыны" атты тақырыпта лекция оқыды. Мақсаты: оқушыларға Ауған соғысы, оған қатысқандар жайлы мағлұмат беру. Қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ете отырып, Ауған соғысында опат болған ардагерлер рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге, патриоттыққа тəрбиелеу. Ержүрек жауынгерлердің ерлігін насихаттау. |
Подробнее Просмотры: 302 Категория: Новости Дата: 17.02.2020 |
"Өмір бояулары" |
Үстіміздегі жылдың 14 ақпан күні Есік археологиялық - өлкетану музейінде Есік қаласында орналасқан мектеп оқушыларының салған суреттерінен "Өмір бояулары" атты сурет көрмесінің ашылуы өтті. Көрмені В.Терешкова, Райымбек батыр, Абылайхан, Р. Тоқатаев атындағы орта мектептерінің оқушылары мен қала тұрғындары тамашалады. |
Подробнее Просмотры: 377 Категория: Новости Дата: 17.02.2020 |
«Көне жәдігерлер құндылығы» |
Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні Ш.Уәлиханов атындағы « Алтынемел» мемориалды музейінің қызметкерлері Шанханай ауылдық мәдениет үйінде орналасқан ауылдық кітапхана залында музей қорында жинақталған қазақтың тұрмыстық заттарынан тұратын «Көне жәдігерлер құндылығы» атты көрме ұйымдастырып, жұрт назарына ұсынды. Көрмеге қойылған торсық, астау,ағаш ожау, тостаған сынды т.б. заттардың қазақ тұрмысында қолданылу маңыздылығы мен жасалу ерекшеліктерін музей қызметкерлері көрмені тамашалауға келген жандарға жан-жақты таныстырды. |
Подробнее Просмотры: 331 Категория: Новости Дата: 14.02.2020 |
«Ауған соғысының ардагерлеріне тағзым» |
Ү.ж 14 ақпан күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Ауған соғысының ардагерлеріне тағзым» атты көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриотық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынан қиылған, жат жерде көз жұмған қандас, қарулас азаматтарымызды еске алу. Көрмеге Ауған соғысының ардагерлерінің фотосуреттері, кітаптар мен мерзімді басылымдардан мақалалар қойылды.Көрмеге №1 Қабанбай орта мектебінің оқушылары қатысты. |
Подробнее Просмотры: 275 Категория: Новости Дата: 14.02.2020 |
«Қазақ хандығының құрылуы» |
Үстіміздегі жылдың 13 ақпанында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Мамания орта мектебінің 9 сынып оқушыларына «Қазақ хандығының құрылуы» атты тақырыпта дәріс оқылды.Дәріс тыңдармандарды қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы, халқы мен қазақ хандығының негізін қалаған хандар туралы мәліметтермен жан-жақты таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. |
Подробнее Просмотры: 296 Категория: Новости Дата: 13.02.2020 |
«Қыш ыдыстар және қыш өнері» |
Үстіміздегі жылдың ақпанның 13-ші жұлдызында Есік археологиялық - өлкетану музейінде В.Терешкова атындағы орта мектептің 4 сынып оқушыларына «Қыш ыдыстар және қыш өнері» атты танымдық шара өтті. Аталмыш шарада музей қорындағы қыш ыдыстар көрсетіліп, шығу тарихы туралы қызықты деректер айтылады. Сондай-ақ, "Айлин" арт студиясының қызметкері ХІІ - ХV ғасырдағы жәдігерлерді қайта жаңғырту мақсатында қыш ыдыстардың жасалу жолын көрсетті. |
Подробнее Просмотры: 323 Категория: Новости Дата: 13.02.2020 |
«Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман тек сеннен есте қалған» |
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай үстіміздегі жылдың 13 ақпанында №3 Қабанбай орта мектебінде Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман тек сеннен есте қалған» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, әскери борышын өтеуге барған қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған бұл шарада, ардагерлермен оқушылар ашық әңгімелесіп, сұхбаттасты. Ауған жерінде мерт болған жауынгерлерді еске алып үнсіздік минутымен бастап, оқушылар өз жырлары мен әндерін ардагерлерге арнап бас иді. |
Подробнее Просмотры: 262 Категория: Новости Дата: 13.02.2020 |
«Қолөнер - сырлы өнер» |
Үстіміздегі жылдың 12 ақпанында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қолөнер - сырлы өнер» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрме - көпшілік қауымды қазақтың ұлттық қолөнерінің ерекшеліктерімен таныстыру, оның халықтың тұрмыс-салтында алатын орнының қаншалықты маңызды екендігін ұғындыру, төл мәдениетімізді қастерлеуге баулу, сонымен қатар жергілікті қолөнершілердің шығармашылығын насихаттау, олардың еңбектерін көпшілікке таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Көрмеге Байтықан Сәуия,Әбіләкім Гүлнар, Дүкей Шұғыла сынды жергілікті қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар қойылды. Көрермендер шеберлердiң тамаша туындыларымен танысып, ерекше әсер алды |
Подробнее Просмотры: 363 Категория: Новости Дата: 13.02.2020 |
«Ақындықтың Құлагері» |
2020 жылдың 12 ақпан күні І.Жансүгіровтің әдеби музейінде Талдықорған қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне «Ақындықтың Құлагері» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Қасиетті туған өлкеміздің ірі тұлғаларымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған экскурсия барасында балаларға музей қорындағы ақынның жейдесі, құжаттарының көшірмелері, соңғы түсірілген фотосуреттері, ақынның көзі тірісінде жарық көрген кітаптары ерекше әсер қалдырды. |
Подробнее Просмотры: 310 Категория: Новости Дата: 13.02.2020 |