«Ұлы дала арғымағы»

С 10-го по 17-е февраля текущего года в историко-краеведческом музее Карасайского района проходит выставка «Ұлы даланың арғымағы» («Скакун Великой степи»). Выставка посвящена верному помощнику батыра – коню. Конь, в жизни кочевника играл огромную роль: в мирное время являясь незаменимым в хозяйстве, и верным соратником в битвах, конь является олицетворением мощи, красоты, упорства и верности. Наши предки ценили, берегли и почитали коней, как неотъемлемую часть их жизни. Образ коня нашел свое отражение и в творчестве писателей, художников, скульпторов и поэтов.
Подробнее Просмотры: 238 Категория: Новости Дата: 12.02.2020

"Белесі биік Бек аға"

Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде 10 ақпан күні жерлесіміз, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, жазушылар одағының мүшесі, драматург Бек Тоғысбаевтың туған күніне орай қаламгердің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында "Белесі биік Бек аға" тақырыбында танымдық шара ұйымдастырылды. ШарағаМ.Сеңгірбаеватындағы мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.
Подробнее Просмотры: 243 Категория: Новости Дата: 11.02.2020

«Даңқы асқан қос ақын»

2020 жылдың ақпан айының 10-жұлдызында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде, Мұқағали Мақатаев пен Есенқұл Жақыпбековқа арналған «Даңқы асқан қос ақын» атты іс-шара өтті. Мақсаты: қазақ даласына таныс, ғасыр ақыны Мұқағали және айтыс әлемі мен жазба жырда ерекше үрдісі бар Есенқұл Жақыпбековтың шығармашылығына шолу жасап, өлеңдерімен таныстыру.
Подробнее Просмотры: 287 Категория: Новости Дата: 11.02.2020

«Абай және Ілияс шығармашылығындағы үндестік»

2020 жылдың 7 ақпан күні І.Жансүгіровтің әдеби музейінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Абай және Ілияс шығармашылығындағы үндестік» атты поэзиялық кеш өтті. Шараның мақсаты ұлы ақын Абай Құнанбаев пен қазақта Абайдан кейінгі екінші ақын саналатын, өресі биік, өрісі кең Ілияс Жансүгіровтің өнегелі өмірлерімен таныстыру, ақындардың рухани, асыл мұраларының үндестігін насихаттау. Шара барысында К.Ушинский атындағы №7 орта мектептің оқушылары ақынның өлеңдерімен қара сөздерінен үзінділероқып, «Абай-дара, Абай-дана» атты кітап көрмесімен танысты.
Подробнее Просмотры: 265 Категория: Новости Дата: 11.02.2020

«Поэзия - жүрек тілі»

2020 жылдың 6 ақпан күні І.Жансүгіровтің әдеби музейінде қазақ поэзиясының Хантәңірі - Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай №2 орта мектептің оқушыларына «Поэзия - жүрек тілі» атты тақырыптық экскурсия өтті. Экскурсия барысында «Мұқағали-шырағым менің, шуағым менің» атты кітап көрмесі таныстырылып, ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, өмір жұпарын жырлайтын Мұқағали мұрасынан жыр шумақтары оқылды.
Подробнее Просмотры: 253 Категория: Новости Дата: 11.02.2020

«Көшбасшы тұлғасын тәрбиелеудегі отбасының рөлі»

2020 жылдың 7 ақпан күні «Анаға құрмет» музейінде Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Тұңғыш Президент жолымен халықтық экспедициясы» жобасы аясында «Көшбасшы тұлғасын тәрбиелеудегі отбасының рөлі» тақырыбында отырысы өтті. Жиын барысында, Алматы облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Баймадиева Несіпжамал Қасымбекқызы жас ұрпақты тұлға ретінде қалыптастыруда облыстық аналар кеңесі жүргізіп отырған жұмыстары туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, Қарасай аудандық әжелер алқасының төрайымы Ақылия Бекбайқызы «Алып - анадан туады» тақырыбында сөзін жалғастырды. Сондай-ақ бұл ауқымды іс шарамыз ақ жаулықты әжелеріміздің ана туралы жыр әні мен аяқталды.
Подробнее Просмотры: 338 Категория: Новости Дата: 08.02.2020

«Тұла бойы тұнған өнер»

2020 жылдың 6 ақпанында М.Төлебаевтың мемориалды музейінде күйші, композитор, дәулескер домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 95 жыл толуына орай «Тұла бойы тұнған өнер» атты тақырыптық экскурсия өткізілді. Мақсаты: жастардың отансүйгіштік қасиеттерін дамыту болып табылды. Экскурсия барысында экскурсанттарға композитор туралы қызықты деректер айтылды. Келген қонақтар ерекше әсер алып, ризашылықтарын білдірді.
Подробнее Просмотры: 328 Категория: Новости Дата: 07.02.2020

«Абайдың қара сөздері»

2020 жылдың 7 ақпан күні ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Сүйінбай Аронұлының әдеби-мемориалды музейінде «Абайдың қара сөздері» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырды. Шара барында мектеп оқушылары «Ақиық» үйірме оқушыларына арнап Абай өлеңдері мен қара сөздерінен оқулар оқып, эстафета жолдады.
Подробнее Просмотры: 232 Категория: Новости Дата: 07.02.2020

"Қазақстанның болашағы- Жастар "

2020 жыл "Еріктілер жылы" болып жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өтті. Осы мақсатта 7 ақпан күні Шелек тарихи- өлкетану музейінің қызметкерлері Шелек Политехникалық колледж және Медициналық колледж студенттерімен кездесіп, "Қазақстанның болашағы- Жастар " атты тақырыпта лекция оқыды. Студенттерге әрбір азаматтың өзінің жеке жан қалауымен осы қоғамға кішкене болса да қосатын үлесінің зор екендіктерін, өз бойларына патриоттық сезімді оятатын бағыттардың бірі екендігі айтып түсіндірілді.
Подробнее Просмотры: 229 Категория: Новости Дата: 07.02.2020

«Сараның сара жолы»

Үстіміздегі жылдың 7 ақпанында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Ғали Орманов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушыларына «Сараның сара жолы» атты лекция оқыды. Ақын Сараның өмір жолы, шығармашылығы, Біржан Салмен айтысы баяндалған лекцияның мазмұны толық ашылды. Оқушылар да өз тараптарынан ойларын ортаға салып, көп мағлұмат алды.
Подробнее Просмотры: 296 Категория: Новости Дата: 07.02.2020