«Абайдың қара сөздері»

2020 жылдың 7 ақпан күні ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Сүйінбай Аронұлының әдеби-мемориалды музейінде «Абайдың қара сөздері» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырды. Шара барында мектеп оқушылары «Ақиық» үйірме оқушыларына арнап Абай өлеңдері мен қара сөздерінен оқулар оқып, эстафета жолдады.
Подробнее Просмотры: 256 Категория: Новости Дата: 07.02.2020

"Қазақстанның болашағы- Жастар "

2020 жыл "Еріктілер жылы" болып жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өтті. Осы мақсатта 7 ақпан күні Шелек тарихи- өлкетану музейінің қызметкерлері Шелек Политехникалық колледж және Медициналық колледж студенттерімен кездесіп, "Қазақстанның болашағы- Жастар " атты тақырыпта лекция оқыды. Студенттерге әрбір азаматтың өзінің жеке жан қалауымен осы қоғамға кішкене болса да қосатын үлесінің зор екендіктерін, өз бойларына патриоттық сезімді оятатын бағыттардың бірі екендігі айтып түсіндірілді.
Подробнее Просмотры: 252 Категория: Новости Дата: 07.02.2020

«Сараның сара жолы»

Үстіміздегі жылдың 7 ақпанында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Ғали Орманов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушыларына «Сараның сара жолы» атты лекция оқыды. Ақын Сараның өмір жолы, шығармашылығы, Біржан Салмен айтысы баяндалған лекцияның мазмұны толық ашылды. Оқушылар да өз тараптарынан ойларын ортаға салып, көп мағлұмат алды.
Подробнее Просмотры: 321 Категория: Новости Дата: 07.02.2020

«Хакім Абайдың қара сөздері»

2020 жылдың ақпан айының 7- шы жұлдызында, Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері Черкасск орта мектебінің 7 сынып оқушыларына Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Хакім Абайдың қара сөздері» атты лекция оқыды. Лекция барысында Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтің қара сөздері мен өлеңдері туралы айтылды.
Подробнее Просмотры: 405 Категория: Новости Дата: 07.02.2020

"Знакомство с пауками"

ВПЕРВЫЕ В КАЗАХСТАНЕ! Самая познавательная выставка о мире пауков "Знакомство с пауками"! Приходите и получите радость от знакомства с пауками, узнайте правду о пауках и перестаньте их бояться. Вы увидете 30 самых больших пауков на земле! Узнаете с какими пауками Вы живете по соседству и опасны ли они. Будете удивлены тем, что они не представляют угрозу для человека. Узнаете, как вести себя при встрече с пауком. А тех, кто страдает арахнофобией мы вылечим, если вы захотите расстаться со своим страхом и жить в дружбе с пауком. Организатор продемонстрирует правила безопасности при контакте с пауком на примере самого ядовитого паука из Африки Паука-бабуина (Harpactirinae) взяв его на руки. Видео как безопасно контактировать с Каракуртом на нашей странице в Instagram: @znakomstvo_s_paukami. Приходите на выставку, Вы будете в восторге от увиденного. С 12 ФЕВРАЛЯ ПО 15 МАРТА г. Талдыкорган Ул. Абая, 245. Алматинский областной историко-краеведческий музей им...
Подробнее Просмотры: 520 Категория: Новости Дата: 07.02.2020

«Қыш құмыралар заманы»

6-го февраля текущего года сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района провели познавательный урок «Қыш құмыралар заманы» для учащихся 6-х классов средней школы имени А.С. Пушкина. Учащихся познакомили с историей возникновения глиняных сосудов и посуды, а также представили глиняные экспонаты музея. Кроме того, дана информация о свойствах глины и ее роли в хозяйстве оседлых племен Казахстана.
Подробнее Просмотры: 301 Категория: Новости Дата: 06.02.2020

«Музеймен танысу»

Үстіміздегі жылдың 6-шы ақпанында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері «Жас экскурсия жүргізуші» үйірмесінің оқушыларымен «Музеймен танысу» атты тақырыбында алғашқы сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылар музейдің тарихымен, даму сатыларымен, түрлерімен, музейге қатысты терминдермен танысты. Оқушылар назарына Алматы облысының музейлері туралы слайд пен бейнеролик көрсетілді. Сабаққа бар ынталарымен қатысқан балалар өз ойларын да ортаға салды.
Подробнее Просмотры: 314 Категория: Новости Дата: 06.02.2020

«Алатау ақындары»

Ү.ж. 4 ақпан күні Ү. Кәрібаев музейінің ұйымдастыруымен Сарыбастау орта мектебінде «Алатау ақындары» жобасының мүшесі Есенқұл Жақыпбектің 66 жылдығына арналған облыстық жас ақындар айтысы өтті. Дүбірлі додаға 8 ауданнан келген ақындар қатысты. Нәтижесінде республикалық айтыстардың жеңімпазы, Алматы қаласының тұрғыны Мөлдір Айтбай бас жүлдені, Жамбыл ауданының ақыны Сатыпалды Әмір бірінші орынмен иеленді. Екінші орын алматылық Нұрбол Жауынбаев пен Жамбыл аудандық Айым Асылбекқызына бұйырды. Үшінші орынды Жамбыл аудандық Ерасыл Жұмабек, Райымбек аудандық Жамали Айбын, Кеген аудандық Сауытбек Расул, Талғар аудандық Нұрислам Абитилда алды. Қатысқан барша ақындар арнайы жүлдемен, Құрмет грамотасымен марапатталып, сондай-ақ ақындарға Ү.Кәрібаев музейі тарапынан арнайы сыйлықтар берілді.
Подробнее Просмотры: 482 Категория: Новости Дата: 06.02.2020

"Ұлттық бұйымдар сыр шертеді"

Ү.ж ақпан айының 5 күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Ұлттық бұйымдар сыр шертеді" атты көрме ұйымдастырылды. Көрме - Халқымыздың қайнар көзі – қазақтың ұлттық бұйымдары туралы жас ұрпаққа мол мағлұматтар бере отырып, олардың шығу, жасалу, қолданылу тарихы туралы сыр шерту, сонымен қатар балалардың ұлттық бұйымға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Подробнее Просмотры: 282 Категория: Новости Дата: 05.02.2020

"Мұқағали жырлары-қазақ поэзиясының жауһары"

2020 жылдың 4-ші ақпан күні Шелек тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, мәдениет үйі, ауылдық кітапхана қызметкерлерімен бірлесе отырып ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай,"Мұқағали жырлары-қазақ поэзиясының жауһары" атты тақырыпта әдеби кеш ұйымдастырды.Кеште ақынның өмірі мен шығармашылығы, артында қалдырған мол мұрасы жайында мағлұмат беріліп, әндері мен өлеңдері орындалды.Кеш соңында"Мұқағали -қазақ жырының Хантәңірі"атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Подробнее Просмотры: 239 Категория: Новости Дата: 05.02.2020