Пресс-центр
"Асылдың сынығы" |
Үстіміздегі жылдың 3 –ші ақпан күні Ү. Карібаев музейінде халық ақыны, Ү. Кәрібаевтың қызы Әлия Үмбетәлинаның 70 жасқа толуына орай "Асылдың сынығы" атты кездесу кеші өтті. Жиынға Жамбыл аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, ауыл ақсақалдары мен ауыл әкімдігінің қызметкерлері қатысты. |
Подробнее Просмотры: 261 Категория: Новости Дата: 05.02.2020 |
«Туған жерге саяхат» |
Ү.ж 5 ақпан күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Туған жерге саяхат» атты танымдық сабақ өткізілді. Сабақ барысында Жыланды мектеп-лицейінің 8 сынып оқушылары Алакөл өңірінен шыққан ақын - жазушылардың еңбектерімен танысып, ауданымыздың тарихы, табиғат байлығы туралы мағлұмат алды. |
Подробнее Просмотры: 331 Категория: Новости Дата: 05.02.2020 |
"Абай дана, Абай дара - қазақта" |
Үстіміздегі жылдың 5 ақпан күні Есік археологиялық - өлкетану музейінде, қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Абай дана, Абай дара - қазақта" тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Шараға Қ.Сәтпаев атындағы мектебінің 2,6,10 сынып оқушылары қатысты. Абай атамыздың өлеңдері оқылып, "Ескендір" поэмасына әдеби шолу жасалды. Соңында "Желсіз түнде жарық ай" әні шырқалып, күй орындалды. |
Подробнее Просмотры: 251 Категория: Новости Дата: 05.02.2020 |
«Өткен күннен естелік» |
Бүгінгі таңда әр адамда камера мен телефон бар, сондықтан сізге пленка шығарып, фото қағаздар мен фотохимиялық материалдарды сатып алудың қажеті жоқ. Ал осыдан бір неше жылдар бұрын бәрі басқаша болған. Сымсыз телефоннан көшеде келе жатып қоңырау шалу ертегілер әлемінен секілді еді. Біздің аталарымыз қандай құрылғылармен қолданғандарын Ақын Сараның мемориалды музейінде құрылған «Өткен күннен естелік» атты көрмеден көруге болады. Көрме 2020 жыл 30 қаңтарда жұмысын бастады. |
Подробнее Просмотры: 314 Категория: Новости Дата: 05.02.2020 |
"Жаратылыс сыры" |
2020 жылдың 3 ақпанында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде "Жаратылыс сыры" атты ақын шығармаларын насихаттау мақсатында Қайназар орта мектебінің 7-сынып оқушыларына баяндама оқылды. Мақсаты жыр алыбының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елін сүюге тәрбиелеу. |
Подробнее Просмотры: 333 Категория: Новости Дата: 05.02.2020 |
«Сараның сара жолы» |
Үстіміздегі жылдың 3 ақпанында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Ғали Орманов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларына «Сараның сара жолы» атты лекция оқыды. Лекцияда Ақын Сараның өмір жолы, шығармашылығы, Біржан Салмен айтысы баяндалды. Оқушылар да өз тараптарынан ойларын ортаға салып, көп мағлұмат алды. |
Подробнее Просмотры: 282 Категория: Новости Дата: 05.02.2020 |
«Ұлы даланың-Ұлы тұлғалары» |
Үстіміздегі жылдың 30 қаңтарында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы даланың-Ұлы тұлғалары» атты фотосурет көрмесі ұйымдастырылды. Аталмыш көрме кең байтақ қазақ жерінен қаншама ұлы адамдар шыққанын, және осы ұлы тұлғаларымыздың ерен еңбектерін еске ала отырып, ерлік істері мен жасампаздық қызметтерін музей көрермендеріне насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. |
Подробнее Просмотры: 270 Категория: Новости Дата: 30.01.2020 |
Қайта қалпына келтіру жұмыстары |
Үстіміздегі жылдың 29 қаңтар күні Есік археологиялық - өлкетану музейінде Р. Тоқатаев атындағы мектебінің оқушыларына Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ардолайты ауылында қазба жұмысы барысында табылған, үйсіндерге тән көне моншақтарды қайта қалпына келтіру жұмыстары көрсетілді. Сонымен қатар бисерден білезік тоқудан мастер - класс өткізілді. |
Подробнее Просмотры: 292 Категория: Новости Дата: 30.01.2020 |
«Әл-Фараби – орта ғасыр ғұламасы» |
Үстіміздегі 2020 жылдың 27 –ші жұлдызында Жаркент қалалық даңқ музейінде Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың туғанына 1150 жыл толуына орай, оқушыларға арналған «Әл-Фараби – орта ғасыр ғұламасы» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Танымдық сағатқа мектеп оқушылары және Панфилов аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары атсалысты. |
Подробнее Просмотры: 256 Категория: Новости Дата: 30.01.2020 |
«Ақылы азық, сөзі сусын» |
29-го января текущего года, к 175-летию великого поэта, просветителя Абая Кунанбаева сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района организовали лекцию «Ақылы азық, сөзі сусын» для учащихся средней школы села Абай. В ходе лекции, заведующий музеем Калиев Серик Макулбекович, дал анализ стихам великого поэта, поведал о мудрых изречениях Абая и его вклад в развитие культуры казахского народа. |
Подробнее Просмотры: 244 Категория: Новости Дата: 29.01.2020 |