Пресс-центр
«Көне үй бұйымдары» |
Көне экспонаттарды қолымен ұстап көруге және онымен суретке түсуге мүмкіндікті пайдаланған оқушылар Ақын Сараның мемориалды музейінде құрылған «Көне үй бұйымдары» атты көрмені тамашалап кетті. Көрме 2020 жыл 14 қаңтарда құрылды. Бүгінгі күнге дейінкөрмені 50-ден астам адам көрді. Көрмеге келген оқушылар қызыға экскурсияны тыңдап, естелік суреттерімен үйлеріне қайтты. |
Подробнее Просмотры: 261 Категория: Новости Дата: 29.01.2020 |
«Зергерлік мол мұра» |
Үстіміздегі жылдың 27-ші қаңтарында қазақ халқының зергерлік бұйымдары туралы жан - жақты мағлұмат беру мақсатында Ақын Сараның мемориалды музейінде «Зергерлік мол мұра» атты тақырыптық экскурсия өткізілді. Экскурсияға Ғали Орманов атындағы орта мектептің 5 сынып оқушылары қатысты. Музей қызметкерлері зергерлік өнер тарихын, жасалу технологиясын айта отырып, әдемі бұйымдармен таныстырды. Оқушылар да өз тараптарынан ойларын білдіріп, сұрақтарына толыққанды жауаптар алды. |
Подробнее Просмотры: 267 Категория: Новости Дата: 27.01.2020 |
«Ұлы даланың - ұлы тұлғасы» |
24 қаңтарында Жамбыл ауданы мәдениет бөлімі, аудандық кітапхана, Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына арналған «Ұлы даланың - ұлы тұлғасы» атты кездесу кеші өтті. Шараға жазушы Жұмабай Шаштайұлы, ақын Орысбай Әбділдаев, Нұрманбет Қизатұлы, Талғат Сүйінбайұлы, Доқтырхан Тұралбекұлы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ә.Далабаев және т.б. қонақтар қатысты. |
Подробнее Просмотры: 299 Категория: Новости Дата: 24.01.2020 |
"Жыр жауһары" |
Ағымдағы жылдың 23-ші жұлдызында Қырғауылды орта мектебінде "Жыр жауһары" атты тақырыпта мəнерлеп оқудан сайыс өтті. "Анаға құрмет" музейінің қызметкерлері ұйымдастырған бұл сайысқа 6-сыныптар арасынан поэзия, өлең-жырларға ынталы шəкірттер қатысып, бақтарын сынады. Топтан үздік шыққандар марапаттауларға ие болды. |
Подробнее Просмотры: 252 Категория: Новости Дата: 24.01.2020 |
«Тәуелсіздікті тұғырлы еткен дара тұлға» |
24 қаңтар күні «Анаға құрмет» музейінде «Атамекен» орталығының «Тәуелсіздікті тұғырлы еткен дара тұлға» атты көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Елбасының қолданған заттары мен авторлық кітаптары қойылды. ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолын насихаттайтын шараға К.Ушинский атындағы орта мектеп оқушылары мен музей қызметкерлері қатысты |
Подробнее Просмотры: 268 Категория: Новости Дата: 24.01.2020 |
"Киіз үй - ұлттық құндылықтар қазынасы" |
Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 23 күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері "Киіз үй - ұлттық құндылықтар қазынасы" атты тақырыптық экскурсия өткізді. Экскурсия –жас ұрпақтың мәдени құндылықтарға деген сүйіспеншілігін ояту, тарихымыздан хабар беріп, мәдениетімізді бейнелейтін мәдени мұраларымыздың бірі, қазақ халқының қасиетті қара шаңырағы –киелі киіз үйдің құрылысы, жасалуы, тұрмыста қолданылуы туралы мәлімет беру мақсатында ұйымдастырылды. |
Подробнее Просмотры: 345 Категория: Новости Дата: 24.01.2020 |
«Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы» |
23 қаңтар күні «Сарқан ауданының тарихы» музейінің қызметкерлері ғұлама ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы» атты мектеп оқушылары арасында танымдық шара ұйымдастырды. Шара барысында оқушылар әлемнің екінші ұстазы жайлы тың ақпараттармен танысып, өз ойларымен бөлісті. |
Подробнее Просмотры: 280 Категория: Новости Дата: 24.01.2020 |
«Ілияс және кино» |
2020 жылдың 24 қаңтар күні І.Жансүгіровтің әдеби музейінде № 2 орта мектептің оқушыларымен «Ілияс және кино» атты танымдық сағат өтті. Шараның мақсаты І.Жансүгіровтің ақын, жазушы ғана емес баспасөз беттеріне кино өндірісін дамыту туралы үздіксіз мақалалар жариялап, ойлары мен пікірлерін ортаға салған қоғам қайраткері, мәдениет пен өнердің жанашыры екенін бүгінгі қазақ жастарына жеткізу. Кеш барысында 1930 жылы қазақ кино өнерінде алғаш түсірілген «Қазақстанға – 10 жыл» атты деректі фильмнің алғашқы консультанты болып бекітілген Ілияс Жансүгіров жайында мәліметтер беріліп, деректі фильмдер көрсетілді. Сонымен қатар «Ілиястыңкино саласындағы үлесі» атты көрме безендіріліп, музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді. |
Подробнее Просмотры: 396 Категория: Новости Дата: 24.01.2020 |
«Жетісу жақұттары» |
2020 жылдың 24–ші жұлдызында «Жас экскурсовод» үйірме оқушыларына арналған кезекті «Жетісу жақұттары» атты танымдық сабағы ұйымдастырылды. Оқушылар таңдалған экспозициялық тақырыптары бойынша «М.Тынышпаев және оның өмірі мен қызметі», «Сөнбес жарық жұлдыз –Ш.Уалиханов», «Музыка өнерінің майталманы –М.Төлебаев», «Көшпелі қазақ халқы», «Ғарыш әлемін бағындырған –үш бәйтерек» атты тақырыптықэкскурсия жүргізді. Сабақ соңында Жетісу жерінің аңыз-әңгімелерінен қосымша мәліметтер берілді. |
Подробнее Просмотры: 324 Категория: Новости Дата: 24.01.2020 |
«Қазақ ер-тұрмандары: атаулары және өңірлік ерекшеліктері» |
23 қаңтар күні Батыр бабалар мемориалы музейінің қызметкерлері Қаскелең қ. Алтын ауыл орта мектебі ұстаздарының ұйымдастырған «Өскелең ұрпақтың ұлттық тарихи санасын қалыптастыру» атты семинарының «Атқа міну мәдениеті» секциясы тобына «Қазақ ер-тұрмандары: атаулары және өңірлік ерекшеліктері» атты тақырыпта дәріс оқыды. Дәріс барысында оқушыларға, арнайы дайындалған слайд-шоудың көмегіменер-тұрмандарының: «қазақы ер», «қозы құйрық ер», «құранды ер», «үйрек бас ер» сияқты түрлері және олардың жасалу техникасы жайында таныстырылды. Сонымен қатар, семинарға қатысушы ұстаздар мен оқушылар назарына – музей коллекциясындағы құнды артефактілердің бірі әрі бірегейі XVIII ғғ. тән кешенді құранды ер-тұрман ұсынылды. |
Подробнее Просмотры: 393 Категория: Новости Дата: 24.01.2020 |