«Сөз зергері - Зейнолла Сәнік»

21 қыркүйек күні Қабанбай батыр атындағы тарихи – өлкетану музейінде Қабанбай батырдың 330 жылдығына орай батырдың ұрпағы, жазушы, тарихшы, этнограф Зейнолла Сәніктің шығармашылығына арналған «Сөз зергері - Зейнолла Сәнік» аты мәдени - танымдық сабақ өтті. Шараның мақсаты –батырдың ұрпағы, жазушы, тарихшы З.Сәніктің Қабанбай батыр туралы жазған еңбектері арқылы оқушыларға Қаракерей Қабанбай батырдың өмірі мен ерліктерін таныстыру, насихаттау. Танымдық сабақ барысында тарихшы, этнограф, шежіреші, жазушы Зейнолла Сәніктің шығармашылығы мен тағылымды өмір жолына қысқаша шолу жасалды.
Подробнее Просмотры: 58 Категория: Новости Дата: 23.09.2022

«Орбұлақ шайқасы»

21 қыркүйек күні «Жауынгерлік Даңқ» музейінде «Орбұлақ шайқасы» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағат барысында Орбұлақ шайқасының тарихи маңызы, еліміздің жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы ірі бетбұрыс болып саналатындығы туралы айтылды. Шайқас кезіндегі батырларымыздың ерен ерлігі, соғыс тактикасын тиімді пайдаланудың арқасында жеңіске жеткендігі жайлы баяндалды. Орбұлақ шайқасы ұлттық тарихтың жауынгерлік даңқ шежіресінде ерлік пен қаһармандықтың өшпес өнегесі ретінде мәңгілікке айшықталып қалды.
Подробнее Просмотры: 46 Категория: Новости Дата: 23.09.2022

«Дәуір данасы»

2022 жылдың 21 – 23 қыркүйек аралығында Жетісу облысының Талдықорған қаласындағы М.Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде қоғам қайраткерінің өмірінің маңызды тұстарын ұрпақ санасына сіңіріп, кеңінен насихаттау мақсатында Алматы қаласынан Д.Қонаев музейінің қорынан алынған (барлығы – 45 дана) жәдігерлер негізінде «Дәуір данасы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрменің салтанатты ашылуы 21 қыркүйек күні – 3 Мәрте Социалистік Еңбек Ері, қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай өтіп, оған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының м.а Ж.Серікова және Д.Қонаевтың ұрпағы Диар Асқарұлы мен жеке дәрігері Мүлік Ахат Әменұлы, Қонаевтанушы Қания Есдәулетова, Д.Қонаев музейінің қызметкерлері, облыстық кітапхана, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, І.Жансүгіров атындағы Жетісу Университетінің, Талдықорған жоғарғы медицина колледжінің студенттері, мектеп оқушылары қатысты.
Подробнее Просмотры: 41 Категория: Новости Дата: 21.09.2022

«Ғалымның хаты өлмейді»

16 қыркүйекте І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде Ақсу ауданының тумасы, ғалым, гидрогеолог, геология-минералогия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері-Жүрімбек Сыдықұлы Сыдықовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ғалымның хаты өлмейді» атты тақырыпта көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Ж. Сыдықовтың кітаптары, құжаттары, марапаттары, фотосуретері қойылып, өмірі мен еңбек жолы және отбасы жайында мол мағлұматтар айтылды.
Подробнее Просмотры: 34 Категория: Новости Дата: 19.09.2022

«Саятшылық – қазақтың дәстүрлі аңшылығы»

Үстіміздегі жылдың 16-шы қыркүйегінде Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері еліміздің тарихи-мәдени мұраларымен таныстыруға бағытталған «Саятшылық – қазақтың дәстүрлі аңшылығы» атты білім беру сағатын ұйымдастырды. Білім беру сағатына қатысқан Ғ.Орманов атындағы орта мектеп оқушыларының назарына «Жеті қазына» құсбегілік музейі туралы бейнеролик ұсынылды. Шараға қонағы Қапал аулының тұрғыны, бүркітші Әбсемет Сайділдә ақсақал «Ақтілек» атты бүркітін әкеліп, оқушыларға бүркітті қалай үйретуге және құспен қалай тез тіл табысуға болатыны жайлы өз құпия тәсілдері мен құсқа арналған жабдықтар туралы айтып берді. Қыран құс туралы мол мағлұмат алған жеткіншектер өз ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.
Подробнее Просмотры: 51 Категория: Новости Дата: 19.09.2022

«Тірлігімнің айғағы – ана тілім»

16 қыркүйек күні «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейінде ана тілін жас ұрпаққа насихаттап, мемлекет үшін тілдің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Тірлігімнің айғағы – ана тілім» тақырыбында Панфилов аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің м.а. басшысы Толқын Көшербаевамен кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға ана тіліміздің құндылығы туралы айтылып, оқыған кітаптары талқыланды. Кездесу соңында оқушыларға «Балақай» аудандық балалар газеті сыйға берілді.
Подробнее Просмотры: 34 Категория: Новости Дата: 19.09.2022

«Н.Алдабергеновтың отбасы»

15 қыркүйек күні Н.Алдабергеновтың мемориалды музейінде отбасы күніне орай М.Байысов атындағы мектеп оқушыларына «Н.Алдабергеновтың отбасы» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара барысында атаулы күнге орай отбасының негізгі құндылықтары мен мән-маңызы туралы мағлұматтар айтылып, Н.Алдабергеновтың отбасы жайлы мәліметтер айтылды. Соңында оқушылар отбасы құндылықтары туралы ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.
Подробнее Просмотры: 41 Категория: Новости Дата: 19.09.2022

«Жақсының жалғасы»

15 қыркүйек күні Алматы қаласында І.Жансүгіров әдеби музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жақсының жалғасы» атты қаламгер І.Жансүгіровтің ұрпақтарымен кездесу кеші өтті. Ілияс Жансүгіровтің мұраларын толықтыру, жинастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға ақынның қызы И.Жансүгірқызы, немересі Ф.Жандосова, келіні Қ.Қаңтарбаева және отбасы мүшелері қатысты. Кеш барысында қазақ поэзиясының классигі Ілияс Жансүгіровтің бай мұрасын насихаттау жұмыстары талқыланып, дарынды ақынның шығармашылық мұрасы мен өмір жолының жарқын тұстары жайында әңгіме өрбіді. Шара соңында ақынның ұлы Саят Ілиясұлының жеке заттары, қолжазбалары мен кітаптары, ордендері мен медальдары және отбасылық суреттері Ілияс Жансүгіров әдеби музейінің қорына табысталды.
Подробнее Просмотры: 34 Категория: Новости Дата: 19.09.2022

«Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына»

Мұқан Төлебаевтың мемориалды музейінде 14 қыркүйек күні Отбасы күніне орай «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты көрме өткізілді. Көрменің мақсаты - жас ұрпақты отбасылық құндылықтарды қастерлеуге, отбасындағы мейірімділік, қамқорлық сияқты ізгі қасиеттерге баулу. Белгілі композитор Мұқан Төлебаевтың отбасында және Кеңес уақытында қолданылған заттар көрмеге қойылып, олардың тарихы жайлы айтылды. Сондай-ақ, Мұқан Төлебаевтың отбасында қолданылған жеке заттары мен ыдыстары да келушілер назарына ұсынылды.
Подробнее Просмотры: 44 Категория: Новости Дата: 16.09.2022

«Дәуір данасы»

Уважаемые жители и гости города! Приглашаем вас принять участие в торжественном открытии выездной выставки «Дәуір данасы», на основе экспонатов дома-музея Кунаева г. Алматы, посвященной 110-летию со дня рождения общественного деятеля Д. Кунаева, которая состоится 21 сентября в 11:00 в историко-краеведческом музее имени Мұхамеджан Тынышбайұлы области Жетісу. На выставке вы сможете увидеть ценные экспонаты, рассказывающие о жизненном и трудовом пути великой личности, а также встретиться с потомками Динмухамеда Ахметовича. Мы ждем Вас! Адрес: улица Абая, 245.
Подробнее Просмотры: 37 Категория: Новости Дата: 15.09.2022