«Экспонат года - 2020»

Алматинский областной историко-краеведческий музей им.М. Тынышпаева в этом году проводит акцию «Экспонат года - 2020». Целью акции является сбор предметов музейного значения и предметов, связанных с жизнью исторических личностей края. Данное мероприятие способствует консолидации предметов представляющих историческую и культурную ценность и пропагандирует уважительное отношение к истории прошлого.
Подробнее Просмотры: 212 Категория: Новости Дата: 23.01.2020

«Тарихы терең Үйгентас»

Ү.ж. 22 қаңтар күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде №3 Қабанбай орта мектебінің 7 сынып оқушыларына «Тарихы терең Үйгентас» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында Қабанбай батырдың Үйгентас шайқасындағы ерліктері және 1991 жылы өткен Қабанбай батырдың 300 жылдық мерейтойы туралы мәлімет берілді. Үйгентастың атауы туралы аңыздар баяндалды.
Подробнее Просмотры: 350 Категория: Новости Дата: 22.01.2020

«Әлемге танылған Абай»

2020 жылдың 22 қантар күні І.Жансүгіровтің әдеби музейінде ұлы ақын, ағартушы, философ, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай өскелең ұрпақты ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстырып, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттау мақсатында «Әлемге танылған Абай» атты тақырыптық экскурсия қаламыздағы № 2 орта мектептің 4 сынып оқушыларына жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 304 Категория: Новости Дата: 22.01.2020

"Ұлы даланың ұлы тұлғасы"

Үстіміздегі жылдың 20 қаңтарында Есік археологиялық - өлкетану музейінің қызметкерлері Рахат орта мектебінің 8 «А», «Ә» сынып оқушыларына "Ұлы даланың ұлы тұлғасы" атты лекция оқыды. Лекция барысында әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби туралы кеңінен мәлімет берілді.
Подробнее Просмотры: 283 Категория: Новости Дата: 21.01.2020

«Тарихи сырға толы қасиетті Қапалым»

Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 20 күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушыларына «Тарихи сырға толы қасиетті Қапалым» атты тақырыбында дәріс оқыды. ДәрістеҚапал ауылында орналасқан бір жарым ғасырлық тарихы бар көне ғимараттар мен өңірдің тарихы туралы айтылып, фотосуреттер көрсетілді. Көрікті әсем табиғатында өскен сан алуан өсімдік түрлері, онда мекен ететін жан-жануарлар мен аңдар туралы мағлұмат берілді.
Подробнее Просмотры: 561 Категория: Новости Дата: 21.01.2020

«Жас экскурсия жүргізуші – 2020»

20 қаңтар күні Ж.Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде Жамбыл орта мектебінің 8-9 сынып оқушылары арасында «Жас экскурсия жүргізуші – 2020» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – оқушыларға музей қызметiнiң қыры мен сырын таныстыру және топ алдында өзін-өзі ұстау мәдениетін дамыту, өзіндік ойлау қабілетін қалыптастыруға жағдай жасау, шығармашылық жəне интеллектуальдық мүмкіншілігі арқылы өзін-өзі тəрбиелеу, қабілетін ашу. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Подробнее Просмотры: 322 Категория: Новости Дата: 20.01.2020

«Ер қаруы бес қару»

17-го января текущего года, сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района провели лекцию «Ер қаруы бес қару» для учащихся школы-гимназии имени Абая. В ходе лекции учащихся познакомили с происхождением и использованием оружия прошлого века. Сотрудники музея преследовали цель рассказать о классификации оружия и структуре военной организации кочевого народа, раскрыть роль оружия в материальной и духовной культуре казахов, воспитание нравственных качеств, прививать любовь к родной земле, к своему народу.
Подробнее Просмотры: 252 Категория: Новости Дата: 20.01.2020

«Қонаев – ғасыр адамы»

2020 жылдың 15 қаңтар күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Д. А. Қонаевтың туған күніне орай «Қонаев – ғасыр адамы» атты шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – кемеңгер тұлғаның ұлағатты өмірі, халқына сіңірген қажырлы еңбегі мен ерлігін насихаттау. Шара барысында халқының біртуар азаматы Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың өмірінен сыр шертетін бейнеролик көрсетіліп, заңғар тұлғаға арналған өлеңдер оқылып, әннен шашу шашылды. Шара соңында музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 323 Категория: Новости Дата: 16.01.2020

"Ұлы дала елінің ұлы ақыны"

2020 жылдың 16 қаңтар күні Шелек тарихи - өлкетану музейінің қызметкерлері О. Жандосов орта мектебінің 10 сынып оқушыларына Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, "Ұлы дала елінің ұлы ақыны" атты тақырыпта дәріс оқыды. Оқушыларға А. Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы, сондай - ақ Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Абай жəне ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы оқылып, оқушыларға мақала жайында түсінік берілді.
Подробнее Просмотры: 321 Категория: Новости Дата: 16.01.2020

"Ерлер есімі- ел тарихы"

Үстіміздегі жылдың 15 қаңтар күні Есік археологиялық - өлкетану музейінде Ұлы отан соғысының ардагері Р. Тоқатаевтың туған күніне орай "Ерлер есімі- ел тарихы" атты шара ұйымдастырылды. Іс - шараға Қаракемер мәдениет үйінің қызметкерлерімен ақын, жазушы Ш.Құсайынов қатысты. Кеш барысында Р.Тоқатаевқа арнау өлеңдер оқылып, еңбек және өмір жолы таныстырылды.
Подробнее Просмотры: 255 Категория: Новости Дата: 16.01.2020