«Жас экскурсия жүргізуші»

Үстіміздегі жылдың 27-ші желтоқсанында Ақын Сараның мемориалды музейінде «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласының негізінде «Жас экскурсия жүргізуші» атты үйірмеге қатысқан оқушылар арасында байқау өткізілді. Байқау мақсаты: оқушылардың жігерлігін, еңбекке деген құштарлығын арттыру, тың талант иелерін анықтап, талабына сай ынталандырып, ең үздік жас экскурсия жүргізушіні анықтау. Байқауға қатысқан әр оқушы бір жыл көлемінде үйірмеден алған білімдерін іс жүзінде көрсете білді. Әділқазылардың шешімімен 1-ші орынды Әділбек Мина, 2-ші орынды Нұркелді Марина, 3-ші орынды Таңжарық Әлия иеленіп, марапаттар мен бағалы сыйлықтар алды.
Подробнее Просмотры: 285 Категория: Новости Дата: 30.12.2019

«Юный экскурсовод»

27 декабря 2019 г. в Алматинском областном историко-краеведческом музее прошел очередной урок кружка «Юный экскурсовод». Ребятам была предложена запланированная лекция: «Работа по составлению экскурсии.» Написание текста экскурсии (поэтапно: план, разработка, ссылка на источники). Дети охотно справились с домашним заданием, каждый составил эссе и класстеры по экспонатам, проведена экскурсия по ним. Члены кружка старались следовать методическим приемам при проведения экскурсии по заданному экспонату. Придумали название экскурсии, озвучили содержание, в ходе экскурсии придерживались регламента, следили за речью, поделились материалами по подготовке к данному заданию. В заключении учащиеся получили задания к следующему занятию.
Подробнее Просмотры: 213 Категория: Новости Дата: 30.12.2019

«Үш алып бәйтерегі қазағымның»

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 27-ші жұлдызында Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп оқушыларына І. Жансүгіров, С. Сейфуллин және Б. Майлиннің 125 жылдық мерейтойларына орай, «Үш алып бәйтерегі қазағымның» тақырыбында лекция жүргізілді. Лекция барысында Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосқандары және олардың өмірдегі өрнекті өнегелері кеңінен айтылып насихатталды.
Подробнее Просмотры: 276 Категория: Новости Дата: 27.12.2019

«Қазақстан – кеше, бүгін, ертең»

2019 жылдың 25 ші жұлдызында Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері Черкасск орта мектебінің 7,8 сынып оқушыларына «Қазақстан – кеше, бүгін, ертең» атты тақырыпта лекция жүргізді. Лекция барысында оқушыларға еліміздің өткен тарихы, бүгіні және болашағы ертеңі жайлы айтып өтті.
Подробнее Просмотры: 350 Категория: Новости Дата: 25.12.2019

«Күй анасы»

Үстіміздегі жылдың 24 желтоқсанында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қазақтың ақын қыздары – дара туған» атты жоба негізінде «Күй анасы» тақырыпта әдеби кеш өткізілді. Әдеби кеш қазақтың күйшісі Дина Нүрпейісова мен ақын Ұлбике Жанкелдіқызының шығармашылығына арналған. Іс-шара барысында өнер иелерінің өмірбаяндары мен шығармашылық жолдары таныстырылды. Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің оқушылары Ұлбике Жанкелдіқызының өлеңдерін жатқа оқып, Дина Нүрпейісованың күйін ойнады.
Подробнее Просмотры: 313 Категория: Новости Дата: 24.12.2019

«Жарық жұлдыз сөнбейді»

2019 жылдың 20 желтоқсан күні Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Н. Алдабергеновтың туған күніне орай Н. Алдабергеновтың мемориалды музей және ауылдық округінің мекеме ұжымдары Еңбек Ерінің рухына құрмет көрсетіп ауыл орталығында орналасқан Н. Алдабергенов ескерткішіне және Көксу ауданы Мұқыры ауылының маңындағы зират-кесенеге барып гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді, естеліктер айтылып, құран бағышталды. Сонымен қатар музей ғимаратында «Жарық жұлдыз сөнбейді» атты іс-шара ұйымдастырылып, елі мен жерін ерекше қадірлеп сүйген ерен ердің ұлағатты өмірінен сыр шертетін бейнеролик көрсетіліп, дәріс оқылып, келушілерге тегін экскурсия жүргізілді. Еңбек ерінің ерлігін үлгі еткен М. Байысов атындағы орта мектеп оқушылары өлең жолдарын оқып өз өнерлерін көрсетті.
Подробнее Просмотры: 356 Категория: Новости Дата: 24.12.2019

«Күн-тұмар» және «Ай-тұмар» атты поэзиялық кітаптарының (егіз кітап) тұсаукесер рәсімі

2019 жылдың 21-желтоқсанында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде «Күн-тұмар» және «Ай-тұмар» атты поэзиялық кітаптарының (егіз кітап) тұсаукесер рәсімі өтті. Егіз кітаптың авторлары: Қырғыз әдебиетінің жас өкілі – Перизат Алмазқызы және жас ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі – Гүлбақыт Қасен. Жиынға атақты жазушылар мен ақындар - Б. Нұржекеұлы, Ж. Шаштайұлы, аудандық «Атамекен» газетінің бас редакторы: Рәтбек Терлікбаев, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшылары: Т.Нүсіпжанұлы, Г.Мәлікқызы, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Саят Медеуов, т.б. қатысты. Қазақ-қырғыз халқы – ежелден біртуған, бір-біріне туыс, бауыр ел. Алатауды ен жайлап, төсекте басы, төскейде малы қосылған ағайынның береке-бірлігі ежелден жалғасып келеді. Әдебиет әлемінде де рухани достық бұрыннан бар. Бүгін біз әдеби бас қосуда – сол байланыстың заңды жалғасы іспетті қос бұрымда...
Подробнее Просмотры: 407 Категория: Новости Дата: 23.12.2019

«Мұстафа Шоқай – түркі әлемінің алыбы»

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 20-шы жұлдызында Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Аяжан» медициналық колледж студенттеріне «Мұстафа Шоқай – түркі әлемінің алыбы» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Әңгіме барысында студенттерге ұлт мұраты үшін күрескен, қазақ халқы ғана емес, түркі халықтарының бірлігі мен ынтымақтастығын аңсаған, Түркістан идеясының авторы, ұлт жанашыры бола білген ерекше тұлға Мұстафа Шоқайдың өмірі, саяси қызметі және шығармашылығы кеңінен айтылды.
Подробнее Просмотры: 280 Категория: Новости Дата: 23.12.2019

«Есімдері ел есінде»

Ү.ж. 19 желтоқсан күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері жазушы, ғалым, публицист, мемлекет-қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, филология ғылымдарының кандидаты, танымал бейімбеттанушы Тоқтар Әбдірахманұлы Бейісқұлов өмірі мен шығармашылығына арналған «Есімдері ел есінде» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Т.Бейісқұловтың журналистика саласында, жазушылық кәсіпте де өзінің ерекше тұлға болғанын көпшілікке насихаттау, жазушының еңбектерімен таныстыру. Көрмеге жазушының марапаттары, қолданған заттары, еңбектері және Б.Майлиннің өмірін зерттеген мақалалары қойылды.
Подробнее Просмотры: 285 Категория: Новости Дата: 23.12.2019

"Алтын адам балалар көзімен"

19 желтоқсан Есік археологиялық - өлкетану музейінде "Айлин" Арт көрме студиясының "Алтын адам балалар көзімен" атты сурет көрмесі ашылды. Көрмені ҚР-сы мәдениет саласының үздігі, суретші, Алматы облысы дизайнерлер одағының төрағасы Қадыров Құрманғазы және Есік гуманитарлық - экономикалық колледжінің студенттері мен қала тұрғындары тамашалады. Үздік шыққан суреттер иелері мақтау қағаздарымен марапатталды.
Подробнее Просмотры: 278 Категория: Новости Дата: 20.12.2019