Пресс-центр
«Мұстафа Шоқай – түркі әлемінің алыбы» |
Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 20-шы жұлдызында Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Аяжан» медициналық колледж студенттеріне «Мұстафа Шоқай – түркі әлемінің алыбы» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Әңгіме барысында студенттерге ұлт мұраты үшін күрескен, қазақ халқы ғана емес, түркі халықтарының бірлігі мен ынтымақтастығын аңсаған, Түркістан идеясының авторы, ұлт жанашыры бола білген ерекше тұлға Мұстафа Шоқайдың өмірі, саяси қызметі және шығармашылығы кеңінен айтылды. |
Подробнее Просмотры: 306 Категория: Новости Дата: 23.12.2019 |
«Есімдері ел есінде» |
Ү.ж. 19 желтоқсан күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері жазушы, ғалым, публицист, мемлекет-қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, филология ғылымдарының кандидаты, танымал бейімбеттанушы Тоқтар Әбдірахманұлы Бейісқұлов өмірі мен шығармашылығына арналған «Есімдері ел есінде» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Т.Бейісқұловтың журналистика саласында, жазушылық кәсіпте де өзінің ерекше тұлға болғанын көпшілікке насихаттау, жазушының еңбектерімен таныстыру. Көрмеге жазушының марапаттары, қолданған заттары, еңбектері және Б.Майлиннің өмірін зерттеген мақалалары қойылды. |
Подробнее Просмотры: 308 Категория: Новости Дата: 23.12.2019 |
"Алтын адам балалар көзімен" |
19 желтоқсан Есік археологиялық - өлкетану музейінде "Айлин" Арт көрме студиясының "Алтын адам балалар көзімен" атты сурет көрмесі ашылды. Көрмені ҚР-сы мәдениет саласының үздігі, суретші, Алматы облысы дизайнерлер одағының төрағасы Қадыров Құрманғазы және Есік гуманитарлық - экономикалық колледжінің студенттері мен қала тұрғындары тамашалады. Үздік шыққан суреттер иелері мақтау қағаздарымен марапатталды. |
Подробнее Просмотры: 300 Категория: Новости Дата: 20.12.2019 |
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ САҚ ӨРКЕНИЕТІ ЖӘНЕ ТАҢБАЛЫ – ТАРИХТАН СЫР ШЕРТЕДІ» |
Есік қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Тәуелсіздік күніне орай «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ САҚ ӨРКЕНИЕТІ ЖӘНЕ ТАҢБАЛЫ – ТАРИХТАН СЫР ШЕРТЕДІ» атты екі бірдей көрменің ашылуы өтті. Көрмелердін ашылу салтанатына Есік археологиялық- өлкетану музей қызметкерлері қатысып қайтты. Ашылу лентасын музей меңгерушісі Тойжанова Нарима қорық-музей директоры Тасқын Тойбаевпен бірге кесті. |
Подробнее Просмотры: 301 Категория: Новости Дата: 20.12.2019 |
"Тәуелсіздік -мәңгілік" |
2019 жылдың 13 желтоқсан күні Шелек тарихи - өлкетану музейінің қызметкерлері, ауылдық əкімшілік, мәдениет қызметкерлерімен бірігіп, "Тәуелсіздік -мәңгілік" атты іс -шара өткізді. Шараға ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, ауыл қонақтары қатысты. Іс -шараның ашылуы мемлекеттік əнұранмен басталып , ары қарай мерекелік концертпен жалғасты. |
Подробнее Просмотры: 306 Категория: Новости Дата: 18.12.2019 |
«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» |
2019 жылдың желтоқсан айының 13-ші жұлдызында, еліміздің Тәуелсіздік күніне орай Черкасск орта мектебінде, Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері мен Черкасск орта мектебінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік шара өткізілді. Шараға округіміздің мәдениет үйі, әкімшілік, кітапхана қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында патриоттық әндер орындалып, желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында сахналық қойылым көрсетілді. |
Подробнее Просмотры: 356 Категория: Новости Дата: 13.12.2019 |
"Тәуелсіздік – ел тірегі" |
2019 жылдың желтоқсанның 13-ші жұлдызында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Жамбыл ауылының Мәдениет үйінің меңгерушісі Шаштай Ермек, мәдениет үйінің бас маманы Ахметова Шолпан, Жамбыл ауылының кітапхана меңгерушісі Анарбекова Перизат және Жамбыл орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Қалабаева Айым, музей қызметкерлері мен бір топ қонақтар қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Іргелі еліміздің Тәуелсіздігін ұлықтау, Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан дарынды жастардың шығармашылық өнерін насихаттау, жаңа есімдерді қалың жұртшылыққа таныстыру және елдің мәдени дамуына қомақты үлес қосатын жас өнерпаздардың бастамаларына қолдау көрсету, өскелең ұрпақ бойына өнер мен мәдениетке құштарлық, азаматтық белсенділік, өз ойын өнер арқылы жеткізе білу сынды қасиеттерді сіңіруге атсалысу. |
Подробнее Просмотры: 279 Категория: Новости Дата: 13.12.2019 |
«Жетісудың жез таңдай ақыны» |
12- желтоқсан күні «Жетісудың жез таңдай ақыны»атты аудандық Үмбетәлі оқулары,Үмбетәлі орта мектебінде өтті. Үмбетәлі Кәрібаев музейінің қызметкері,әрі немере келіні Денгелбаева Қалдыгүл 3- орын иегеріне өзінің сый-сияпатын жасады.Аталмыш жиынға ақынның туыстары мен музей қызметкерлері қатысты. |
Подробнее Просмотры: 350 Категория: Новости Дата: 13.12.2019 |
"Өткен күрестер жеңісі- Тәуелсіздік жемісі" |
Үстіміздегі жылдың 13 желтоқсанында Есік археологиялық - өлкетану музейінде Тәуелсіздік күніне орай "Өткен күрестер жеңісі- Тәуелсіздік жемісі" атты іс - шара ұйымдастырылды. Шара барысында әнұран орындалып, Р. Тоқатаев атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушылары Желтоқсан оқиғасынан көрініс көрсетіп, патриоттық әндер орындады. |
Подробнее Просмотры: 376 Категория: Новости Дата: 13.12.2019 |
«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» |
Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 12-де Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінің ұйымдастыруымен 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Байысов атындағы орта мектеп оқушыларына «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты танымдық әңгіме өткізілді. Сонымен қатар «Тәуелсіздік – халық мұраты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды. Мақсаты - ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі ете отырып, жастарды өз Отанын сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу. |
Подробнее Просмотры: 287 Категория: Новости Дата: 13.12.2019 |