Пресс-центр
« Тәуелсіз елім - Қазақстаным!» |
2019 жылдың 12 желтоқсан күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи- өлкетану музейінің қызметкерлері Тәуелсіздік күніне орай « Тәуелсіз елім - Қазақстаным!» атты іс- шара ұйымдастырды. Іс- шараға Желтоқсан оқиғасының куәгерлері «Жетісулық Желтоқсандықтар» қоғамдық қорының төрағасы Жүнісхан Ермұхан және мүшелеріЧукаева Ғайния, Көксеген Гүлнар қатысып, қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күннің естеліктерімен бөлісті. Шара барысында желтоқсан көтерілісіне орай арнайы дайындалған бейнероликтер сондай- ақ, Оқушылар сарайының «Жас актёр» үйірмесінің жеткіншектерінің поэтикалық арнаулары қонақтар назарына ұсынылды. Шараның соңында ҚР Ұлттық банкінің Алматы облыстық филиалының қызметкерлері келген қонақтарға жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын табыстады. |
Подробнее Просмотры: 263 Категория: Новости Дата: 12.12.2019 |
«Тәуелсіздік-қасиетті ұлы ұғым» |
Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 12-де Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, желтоқсан құрбандарының ерлігін паш ету, жастардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында «Тәуелсіздік-қасиетті ұлы ұғым» атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш іс-шараға Қапал ауылдық ақсақалдар және әжелер алқасының мүшелері, Қапал ауылдық кәсіптік колледжінің ұстаздары мен студенттері, кітапхана қызметкерлері қатысты. Бүгінгі шарамыздың қонағы, желтоқсан оқиғасының куәгері Арман Жиенқожанов желтоқсан оқиғасын баяндап, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Дөңгелек үстелде «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз» атты баяндама оқылып, Облыстық жазушылар одағының мүшесі, ақын Қалқаман Абдрахманұлы «Тәуелсіздік тұғырым» атты арнауын оқыды. |
Подробнее Просмотры: 326 Категория: Новости Дата: 12.12.2019 |
"Қайрат жəне Желтоқсан" |
11 желтоқсан күні Туғанбай ауылы № 30 орта мектеп оқушылары мен сынып жетекшісі Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде 16 желтоқсан – ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай «Қайрат және Желтоқсан» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге, қастерлеуге тәрбиелеу және де тәуелсіздіктің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру, патриоттық сезімге баулу. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Ләззат Асанова сынды талай қазақ қыздары мен жігіттерін арамыздан алып кеткен Желтоқсан оқиғасы баршамыздың мәңгі есімізде қалады. Егеменді еліміздің келешегі үшін жанын пида еткен батыр жастарды ұмытпаймыз! |
Подробнее Просмотры: 430 Категория: Новости Дата: 12.12.2019 |
Тәуелсіздік, мәңгі болсын тұғырың!» |
2019 жылдың 11 желтоқсан күні І.Жансүгіровтің әдеби музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік, мәңгі болсын тұғырың!» атты шара өтті. Кешке Алматы облыстық Ардагерлер ұйымының мүшелері, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің білімгерлері, Талдықорған қаласының №2, 15 орта мектеп, Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернатының оқушылары қатысты. Шара барысында «Елімнің ертеңі-Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі таныстырылып, №15 орта мектептің оқушылары Ілияс Жансүгіровтің өмірінің соңғы сәттерін бейнелейтін «Ілияс» драмалық спектаклінен үзінді қойды. Мерекелік шара патриоттық ән-күйлермен жалғасын тауып, кеш соңында жыл бойы музей өміріне белсенділік танытқан азаматтар марапатталынды. |
Подробнее Просмотры: 359 Категория: Новости Дата: 12.12.2019 |
«Алаштың ұраны - Талғардың Тұрары» |
2019 жылдың 10 желтоқсан күні Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде Талғар ауданының мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып, мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Алаштың ұраны - Талғардың Тұрары» атты тақырыпта музей түні өтті. Жиынға Талғар ауданының мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Фарида Мамырбековна, Талғар аудандық кітапханасының қызметкерлері, Іле ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қатысып, музей залдарымен танысты. |
Подробнее Просмотры: 333 Категория: Новости Дата: 11.12.2019 |
«Желтоқсанда үзілген жауқазын» |
10-го декабря текущего года, сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района провели познавательный «Желтоқсанда үзілген жауқазын» для студентов колледжа имени Сулеймана Демиреля. Главная цель урока – объяснить цель выступления молодежи в декабре 1986 года на площади Республики, их протест командно-административным действиям Центра. Также на уроке было поведано о долгом пути к независимости, о которой мечтали наши предки. |
Подробнее Просмотры: 255 Категория: Новости Дата: 11.12.2019 |
"Тәуелсіздік - бізге оңай келген жоқ" |
Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 10 жұлдызында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - бізге оңай келген жоқ" атты тарихи танымдық шара ұйымдастырылды. Аталған іс - шараның ашылуы мемлекеттік әнұранмен басталып, ары қарай Қазақстанның өткені мен бүгінін қозғай отырып, еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуінің оңай жолмен келмегенін жас ұрпақтың санасына сіңіре отырып, желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасы түсіндірілді.Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, олардың ерлігі жайында түсіндіріліп, батырлығын насихаттау барысында "Желтоқсан желі ызғарлы"атты бейнебаян көрсетілді. |
Подробнее Просмотры: 285 Категория: Новости Дата: 11.12.2019 |
"Қазақ халқының салт-дәстүрілері" |
10 желтоқсан күні Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде Бақанас аграрлы-индустриалдық колледж студенттері мен мұғалімдерінің қатысуымен "Қазақ халқының салт-дәстүрілері" тақырыбында экскурсия жүргізілді. Аталмыш тақырыпта құрылған экскурсия халқымыздың алтын қазығы, оның салт-дәстүрлерінің, әдет-ғұрпының құндылығын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында, ұлағатты салт-дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Тұрмыстық салт-дәстүрлердің ерекшелігін даралап көрсететін мазмұнға бай экскурсиядан алған әсерлерлері мол болды. |
Подробнее Просмотры: 311 Категория: Новости Дата: 11.12.2019 |
"Желтоқсан желі ызғарлы..." |
Бүгін Жаркенттегі "Жауынгерлік Даңқ" музейінде "Желтоқсан желі ызғарлы..." тақырыбында Желтоқсан көтерілісі құрбандарын еске алу және Е. Сыпатаевты мемлекетіміздің ең жоғарғы марапаты "Халық Қаһарманы" атағына ұсыну жайлы кездесу кеші өтті. Кездесуге ПҚ "Желтоқсан Ақиқаты" Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің төрағасы Б. Құрымбаев, осы бірлестіктің Алматы облысы бойынша жетекшісі І.Тойлыбайұлы, орынбасарлары - І. Мұсабаев, Е. Айтуаров пен ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Илипов, ақын, жазушылар Ә. Төреханұлы, М. Солтанаев, т. б. желтоқсаншы қыз-жігіттер мен қаламыздағы Жамбыл, Еңбекші орта мектебінің оқушылары қатысты. Кеш соңында қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалар осы бір игі бастаманы қолдайтындықтарын білдіріп, қолдарын қойып, мөрлерін басты. Музей қызметкерлері ұйымшылдықпен жоғары деңгейде өткізген кешті меңгеруші Қ. Ибрайымжанов қортындылады. Құрметті қонақтарға "Алғыс хаттар" мен Желтоқсаншы куәлігі тапсырылды. |
Подробнее Просмотры: 386 Категория: Новости Дата: 10.12.2019 |
«Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының оқушыларына арнайы музей залдары бойынша тегін экскурсия |
2019 жылдың 9 желтоқсан күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері Талдықорған дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының оқушыларына арнайы музей залдары бойынша тегін экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында Жетісудың құндылықтары және Жетісу жерінен шыққан ұлы тұлғалардың мұраларымен танысып, құнды деректер айтылды. |
Подробнее Просмотры: 266 Категория: Новости Дата: 10.12.2019 |