«Ойнайық та ойлайық»

8-го декабря текущего года к 90-летию Карасайского района, сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района организовали игры в шахматы «Давайте думать и играть» среди учащихся школ района. В ходе игры, юным игрокам была поведана история шахмат, которая появилась до нашей эры более века назад. Лучшие игроки, показавшие свое мастерство в игре, были награждены дипломами.
Подробнее Просмотры: 253 Категория: Новости Дата: 09.12.2019

«Әуелден өлең жырға құштар жаным»

Үстіміздегі жылдың 9 желтоқсанында Жамбыл Жабаев әдеби - мемориалды музейінің қызметкерлері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай «Әуелден өлең жырға құштар жаным» атты Жамбыл орта мектебінің оқушыларының қатысуымен жыр байқауы өткізілді. Байқауға 4-9 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты қазақтың әйгілі ақыны, поэзия падишасы – Фариза Оңғарсынованың өміріне қысқаша шолу жасай отырып, өлең-жырларын оқушыларға жаттатып білімдерін одан әрі шыңдауларына үлес қосу. Комиссия құрамының шешімімен 1-ші орынды Амантаева Айгерім, 2-ші орынды Шаштай Таңшолпан, 3-ші орынды Естай Әлібек иеленді. Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісі Жамбылова Салтанат мұндай іс-шаралар болашақта үлкен деңгейде өтетіндігін атап өтіп, басқа да қатысушыларға өз алғысын білдіріп ынталандыру сыйлықтарын тапсырды.
Подробнее Просмотры: 339 Категория: Новости Дата: 09.12.2019

«Қазақ елі.Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік»

Ү.ж. 9 желтоқсанында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде Тәуелсіздік күніне орай Тәуелсіз Қазақстанның бел-белестері, бүгінгі жетістіктері және жарқын болашағы туралы деректер беретін кітаптардан құралған «Қазақ елі.Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі көрермендер назарына ұсынылды.Көрме - ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасап, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін жас ұрпаққа таныту мақсатында ұйымдастырылды.
Подробнее Просмотры: 326 Категория: Новости Дата: 09.12.2019

«Іле-Балқаш өңірі - ежелгі жолбарыс мекені»

2019 жылдың 5 желтоқсан күні туған өлке табиғатының ерекшелігін, ел ырысына айналған табиғи байлығын, мекендейтін жануарлар дүниесі мен құстар, өсімдіктер әлемін насихаттау мақсатында, Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейі мен Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты мекемесімен бірлесе отырып, «Іле-Балқаш өңірі - ежелгі жолбарыс мекені» тақырыбында танымдық шара өткізді.Шарада Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты мекемесімен экскурсия нұсқаушысы Серік Әбілов, құстар мен өсімдіктердің өмір сүру жағдайы, ерекшеліктері, пайдасы жайлы түсіндіріп, жиынға қатысушы «Ақдала» орта мектебінің тарих пән мұғалімдері мен оқушыларының сұрақ-сауалдарына жауап берді.
Подробнее Просмотры: 326 Категория: Новости Дата: 06.12.2019

«Алтын адам – ғасыр тарихы»

Үстіміздегі жылдың 3-желтоқсанында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Алматы қаласында Алматы облысының мәдениет күндеріне орай «Алтын адам – ғасыр тарихы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрме барысында темір дәуірі кезеңінде табылып, еліміздің атын әлемге паш еткен мақтанышымыз, құнды жәдігер «Алтын адам» және оның элементтері сондай-ақ сол дәуірдің құнды заттары сақтардың қолданған қыш ыдыстары мен ерте темір дәуіріне тән қола қазандар жұрт қызығушылығын тудырды. Бейбітшілік нышаны «Алтын киімді адамды» таныстыру арқылы рухани байлығымызды жаңғырту, көне жәдігерлерімізді жас ұрпаққа насихаттау басты негізге алынды. Келушілерге ата-бабаларымыздың тарихы таныстырыла отырып, олардың жасаған ерліктері жайлы мақтанышпен баяндалып, сол арқылы көптеген жастардың жүрегіне мақтаныш, құрмет сезімі ұялағаны анық.
Подробнее Просмотры: 297 Категория: Новости Дата: 04.12.2019

«Бақ мекен Жетісу»

Алматы қаласындағы Алматы облысының мәдениет күндерінің аясында 02.12.2019 жылы Алматы қаласы тарихы музейінде би, шешен Балпық би Дербісәліұлының 325 жылдығы, қазақтан шыққан тұңғыш темір жол қатынастарының инженері, тарихшы, ғалым М.Тынышпаевтың 140 жылдығы, І.Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойларына арналған «Бақ мекен Жетісу» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылады. Көрмеге «М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК және оның филиалдары қорынан алынған барлығы 100-ден астам экспонат қойылды. Оладың қатарындағы Балпық бидің дулығасы, Ілияс ақынның жейдесі, қолжазбалары, отбасы қолданған тұрмыстық заттар, М.Тынышпаевтың архивтік құжаттары мен фотосуреттері және т.б. музейлік маңызы бар заттар арқылы Жетісу жерінен шыққан ұлы тұлғалардың мұралары қалың көпшілікке таныстырылып, өмірі мен қызметтері жайлы құнды мәліметтер берілді.
Подробнее Просмотры: 336 Категория: Новости Дата: 04.12.2019

Экскурсия

Демалыс күндері Есік археологиялық өлкетану музейіне арнайы Новосибирск қаласынан Ресей ғылым академиясына қарасты Археология және этнография институтының ғылыми қызметкерлері Анойкин Антон Александрович және Павленок Галина Дмитриевна қонаққа келді. Олар музейдің қорындағы тас дәуірінің жәдігерлерімен танысты.
Подробнее Просмотры: 273 Категория: Новости Дата: 04.12.2019

«Қазақ әдебиетінің құлагері»

Үстіміздегі жылдың 3 желтоқсанында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Ілияс Жансүгіровтің туғанына 125 жыл толуына арналған «Қазақ әдебиетінің құлагері» атты тақырыптық экскурсия өткізді. Тақырыптық экскурсияға Ғали Орманов атындағы орта мектептің 6,7 сынып оқушылары қатысты. Музей қызметкерлері ақынның өмір жолы мен шығармашылығын таныстырып өтті. Оқушылар да өз тараптарынан ойларын білдіріп, сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.
Подробнее Просмотры: 328 Категория: Новости Дата: 04.12.2019

«Елбасы – ел тірегі»

2019 жылдың 29 қараша күні Есік археологиялық - өлкетану музейінде 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – ел тірегі» атты іс – шара ұйымдастырылды. Іс – шара барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаянына тоқталып, бейнебаян көрсетілді. Есік гуманитарлық -экономикалық колледжінің студенттері Елбасыға арнау оқып, шара соңы концертке ұласты.
Подробнее Просмотры: 292 Категория: Новости Дата: 04.12.2019

"Жәдігерлер сыр шертеді"

2019 жылдың 28 қарашасында Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейінде «Музейлер шеруі» атты жалпы республикалық акцияны іске асыру негізінде " Жәдігерлер сыр шертеді » атты музей түні акциясы өтті. Музей түні жобасының негізгі мақсаты –музейге жұртшылықтың назарын аударту, тарихи-мәдени мұраларға арналған бірегей шаралар мен бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы музейдің беделін арттыру.Түнгі музейге, музей жанынан ашылған «Ақиық» үйірмесінің оқушылары қатысып Сүйінбай ақынның балалық шағын сахыналық қойылым арқалы көрсетті.
Подробнее Просмотры: 347 Категория: Новости Дата: 30.11.2019