«Егемен елдің кемеңгер басшысы»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Кемеңгер Елбасы» атты салтанатты жиын өтті. Жиынға ҚР мәдениет қайраткері, ауданның құрметті азаматы, белгілі композитор Әбдраманов Жақсылық Шәмиұлы, С.Серкебаев атындағы орта мектептің оқушылары, №3 Кеген орта мектебінің оқушылары, мұғалімдері қатысты. Жиынның мақсаты: Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен даму тарихының өзекті мәселелерін, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел мемлекеттілігін құрудағы тарихи рөлін, бейбітшілік пен келісім жолындағы ерен еңбегін жас ұрпаққа насихаттау. Аталған жиында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны, қызметі, еңбек жолы жайында сөз қозғалды. Жиында Елбасының балалық шағы жайлы, жетістікке жетер жолындағы ерен еңбектеріне құрмет ретінде әндер шырқалып, өлеңдер оқылып, күй орындалды. Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Уржигитова Меруерт Ермағамбетқызы «Егемен елдің ке...
Подробнее Просмотры: 396 Категория: Новости Дата: 30.11.2019

"Елін сүйген-Ел басы"

Бүгін, 29-қараша күні Жаркент қаласындағы "Жауынгерлік Даңқ музейінде" қаламыздағы Еңбекші орта мектебінің 5-сынып оқушылармен бірлескен 1-желтоқсан Тұңғыш президент күніне арналған "Елін сүйген-Ел басы" тақырыбында ауқымды іс-шара өткізілді. Шара барысында ҚР Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы мен ел үшін атқарған еңбегі туралы баяндалды. Оқушылар ән салып, би биледі. Патриоттық, Отан, туған жер жайлы тақпақтарын нақышына келтіре айтып өз өнерлерін көрсетті. Елбасымыздың құрметіне тойланатын-Тұңғыш президент мерекесімен келген барша көрермендерді құттықтап, сөз соңын музей меңгерушісі Қ. Ибрайымжанов қорытындылады.
Подробнее Просмотры: 287 Категория: Новости Дата: 30.11.2019

" Елбасы жолы - ұрпаққа өнеге"

29 қараша күні Шелек тарихи - өлкетану музейі, кітапхана жəне мектеп ұжымы арасында 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, "Ел тірегі Елбасы " тақырыбында танымдық іс -шара ұйымдастырды. Мақсаты : оқушыларға Н. Ə. Назарбаевтың өмірін, еңбек жолын үлгі -өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру . Шарада " Елбасы жолы - ұрпаққа өнеге" тақырыбында оқушылардың өз қолдарынан шыққан суреттерінен көрме ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің Елбасына арнаған өлеңдерін жатқа айтып, əндерін орындады. Елбасының балалық шағынан осы күнге дейінгі өмірінен " Ұлы дала перзенті" атты слайдта көрсетілді.
Подробнее Просмотры: 512 Категория: Новости Дата: 29.11.2019

«Елбасы –ел мақтанышы»

2019 жылдың 29 қараша күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы –ел мақтанышы» атты мүмкіндігі шектеулі «Бәйтерек» сауықтыру орталығының бүлдіршіндеріне қайырымдылық мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасап, «Елбасына сыйлық», «Сандар сөйлейді», «Талдықорған әртістері» және «Болашақ Талдықорған» атты бүлдіршіндердің арман қиялдарын шыңдау мақсатында арнайы ойын жүргізілді. Мерекелік шара соңында балаларға сыйлық таратылып, бүлдіршіндер музей қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.
Подробнее Просмотры: 287 Категория: Новости Дата: 29.11.2019

«Елбасы күні – елдікке құрмет»

29 қараша күні Сарқан ауданының тарихы музейі Черкасск орта мектебінің оқушыларына 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы күні – елдікке құрмет» атты Н.Назарбаевқа қатысты кітаптар негізінде көрме безендіріп, экскурсия жүргізді.
Подробнее Просмотры: 363 Категория: Новости Дата: 29.11.2019

«Елбасы – елдің тірегі»

2019 жылдың 28 қарашасында Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне «Елбасы – елдің тірегі» атты танымдық сағаты Байысов атындағы орта мектеп оқушыларына өткізілді. Сонымен қатар «Елін бастаған Елбасы атты» көрме безендіріліп көпшілік назарына ұсынылды. Елбасының өмір жолы мен шығармашылығын, тәуелсіздік жылдарындағы ерен еңбектерін насихаттайтын кітаптары таныстырылды. Мақсаты - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның тарихи өміріндегі рөлін жүйелі түрде кеңінен көрсету. Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, болашаққа бағыт-бағдар берген мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған еңбегін оқырмандарға жеткізу, жас ұрпаққа насихаттау. Елбасының өмірі мен еңбек жолы туралы мағлұмат алған оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, өз ойларымен бөлісті.
Подробнее Просмотры: 266 Категория: Новости Дата: 29.11.2019

«Юный экскурсовод».

29 ноября 2019 г. в Алматинском областном историко-краеведческом музее прошел очередной урок кружка «Юный экскурсовод». На занятии ребята школы №12, ответили на вопросы предыдушей темы лекции: «Виды экскурсий (тематическая, обзорная, возрастная)». Ребята очень подробно и интересно рассказали об истории и легенде экспоната. Внимательно описывая музейные предметы, члены кружка старались сообшить немаловажные факты, о применении, изготовлении музейных ценностей, которые заинтересовали всех. Проведена викторина по работе с музейными понятиями и терминами. Огромное значение было уделено вопросу о требованиях к экскурсоводу. Ребята охотно делились своей поисково-исследовательской деятельностью по работе изучения музейных экспонатов. В заключении учащиеся получили задания к следующему занятию, посредством викторины выбрали экспонаты для исследования.
Подробнее Просмотры: 242 Категория: Новости Дата: 29.11.2019

«Елбасы – ел тірегі»

Үстіміздегі жылдың 29 қарашасында Ақын Сараның мемориалды музейінде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – ел тірегі» атты тарих сағаты өткізілді. Шараға Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Қ.Майкөлемова, Қапал ауылдық ақсақалдар алқасының мүшесі Хасен Тұматаев және 7 сынып оқушылары қатысты. Музей қызметкерлері қонақтарды Елбасының өмір жолымен таныстырып, балалық шағы туралы бейнеролик көрсетті. Оқушылар ән салып, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, Елбасының жазған еңбектерінен кітап көрмесі құрылып, қонақтардың назарына ұсынылды.
Подробнее Просмотры: 315 Категория: Новости Дата: 29.11.2019

"Ел тірегі - Елбасы"

Ү.ж. 28 қараша күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері 1 желтоқсан -Тұңғыш Президент күніне орай "Ел тірегі - Елбасы" тақырыбында мерекелік шара өткізді. Мақсаты : Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру, Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету, оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру. Шара барысында «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді көрсетіліп, патриоттық әндер орындалды.
Подробнее Просмотры: 315 Категория: Новости Дата: 29.11.2019

"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы"

Ү.ж 28 қазанында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде 1 желтоқсан тұңғыш Президент күніне орай "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" атты тақырыпта танымдық шара ұймдастырылды. Шараға "Мамания" орта мектебінің 5 сынып оқушылары қатысты. Шара жасұрпаққа қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған және Елбасының өмірімен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру, сонымен қатар жас жеткіншектердің жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ретінде айтып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылды. Аталмыш шарада "Елі үшін туған-Елбасы" атты бейнефильм көрсетіліп, Елбасының өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін фотосурет көрмесімен жалғасын тапты.
Подробнее Просмотры: 325 Категория: Новости Дата: 29.11.2019