"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы"

Ү.ж 28 қазанында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде 1 желтоқсан тұңғыш Президент күніне орай "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" атты тақырыпта танымдық шара ұймдастырылды. Шараға "Мамания" орта мектебінің 5 сынып оқушылары қатысты. Шара жасұрпаққа қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған және Елбасының өмірімен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру, сонымен қатар жас жеткіншектердің жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ретінде айтып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылды. Аталмыш шарада "Елі үшін туған-Елбасы" атты бейнефильм көрсетіліп, Елбасының өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін фотосурет көрмесімен жалғасын тапты.
Подробнее Просмотры: 325 Категория: Новости Дата: 29.11.2019

«Ұлы дала батырлары»

Үстіміздегі жылдың 28 қараша күні Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейінде «Ұлы дала батырлары» атты фотокөрме безендірілді. Көрмені Сүйінбай атындағы орта мектеп оқушылары көріп ақынның батырлық жырларын оқып берді.
Подробнее Просмотры: 292 Категория: Новости Дата: 28.11.2019

«Президент, которым можно гордиться»

В целях реализации статьи Елбасы Н.А.Назарбаева «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» в Алматинском областном историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева 28 ноября состоялось мероприятие «Президент, которым можно гордиться».Вниманию участников мероприятия были представлены видеоролики и презентации о Первом Президенте а также познавательные факты из жизни Лидера нации.В мероприятии приняли участие педагоги и учащиеся средней школы №2 г.Талдыкорган.
Подробнее Просмотры: 259 Категория: Новости Дата: 28.11.2019

«Ұлт мақтанышы – Президент»

27 қараша күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің 8 сынып оқушыларына «Ұлт мақтанышы – Президент» атты Елбасының өмірі мен еңбек жолына арналған тақырыптық экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында Н.Ә.Назарбаевтың балалық шағы, отбасы, атқарған өлшеусіз еңбектері жайлы көптеген мағлұматтар берілді.
Подробнее Просмотры: 292 Категория: Новости Дата: 28.11.2019

Қайта қалпына келтіру жұмыстары

Үстіміздегі жылдың 27 қараша күні Есік археологиялық өлкетану музейіне «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының оқушыларына реставрация бөлім меңгерушісі А.Рахметов қазба жұмыстары барысында табылған экспонаттарына қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Подробнее Просмотры: 301 Категория: Новости Дата: 27.11.2019

"Тарихы сырға толы Қасиетті Қапалым"

2019 жылдың 27 қарашасында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері жасөспірімдердің туған өлке тарихын зерттеуге қызығушылықтарын ояту мақсатында Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің 5-8 сынып оқушыларына «Тарихы сырға толы Қасиетті Қапалым» атты лекция оқыды. Лекция барысында Қапал бекінісінің құрылуы, өңірдің айшықты жерлері мен шипалы сулары туралы баяндады. Және қасиетті мекеннің сұлу табиғатының суреттері көрсетілді. Оқушылар лекциядан мол мағлұмат алды.
Подробнее Просмотры: 374 Категория: Новости Дата: 27.11.2019

«Елдің күші - бірлігі»

2019 жылдың 27 қараша күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері тарихымыздың беттеріне алтын әріптермен жазылған әйгілі Аңырақай шайқасына 290 жыл толуына орай «Елдің күші - бірлігі» атты шара ұйымдастырды. Шараға ЖМУ, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі Ө.Қуанхан, №5 орта мектеп лицейінің тарих пәнінің мұғалімі І.М.Розакова, Талдықорған агро-техникалық колледжінің тарих пәні мұғалімі Т.Т.Мұхаметова және колледж студенттері қатысты. Шарада Еуразияның ұлы даласын тұлпар тұяғымен дүбірлеткен баһадүр бабаларымыздың соғыс тәжірибесі мен заңдарын, әлем елдерінің қарулы күштерін қабылдауы, әскери жүйесін жасақтағаны туралы жан жақты деректер айтылды.
Подробнее Просмотры: 251 Категория: Новости Дата: 27.11.2019

«Дара туған – дана тұлға»

26-го ноября текущего года в предверии Дня Первого Президента РК, в историко-краеведческом музее Карасайского района состоялось открытие выставки «Рожден необыкновенным и признанным», составленную из портретов, фотографий и одежды Елбасы Н.А. Назарбаева. Посетителей познакомили с работами известных художников портретного творчества, а юным гостям рассказали о 30-летней работе Н.А. Назарбаева на посту Президента РК.
Подробнее Просмотры: 225 Категория: Новости Дата: 26.11.2019

"Жамбыл халықтар достығы жыршысы"

2019 жылдың 22 қарашасында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде мәртебесі биік, халық поэзиясының көшін бастап, көсемі атанған Жамбыл бабамыздың өнер жолы жайында "Жамбыл халықтар достығы жыршысы" атты тақырыпта " Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының" 1-курс студенттеріне дәріс оқылды. Жамбыл Жабаевтың өнері мен өмірін жас ұрпаққа тереңірек түсіндіру мақсатында өткен іс-шарада студенттер өзара пікір таласып, сауал-жауап ретінде жалғастырды.
Подробнее Просмотры: 350 Категория: Новости Дата: 25.11.2019

«Туған жерге тағзым»

22 қараша күні Сарқан ауданының тарихы музейінде «Музей түні» жобасы аясында «Туған жерге тағзым» атты іс-шара өткізілді. Шара барысында экспозиция бойынша «Туған жердің жусаны жұпар» атты тақырыптық экскурсия жүргізіліп, «Туған жерге тағзым» атты көрме безендірілді. Экскурсия кезінде көне Қойлық қалашығының орнынан қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған құнды экспонаттардың тарихы таныстырылып, диафильм көрсетілді.
Подробнее Просмотры: 346 Категория: Новости Дата: 25.11.2019