«Музей түні»

2019 жылдың 19 қарашасында М.Төлебаевтың мемориалды музейінде «Музейлер шеруі» атты жалпыреспубликалық акцияны іске асыру негізінде "Мәңгілік өлмес мұра" атты музей түні акциясы өтті. «Музей түні» жобасының негізгі мақсаты –музейге жұртшылықтың назарын аударту, тарихи-мәдени мұраларға арналған бірегей шаралар мен бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы музейдің беделін арттыру. «Музей түні» - бұл музейдің ауыз толтырарлық мәдени дәстүрлерінің бірі. Ол жастардың шығармашылығын дамытуға, ауылымыздың мәдени ортасын құруға үлкен септігін тигізеді. Лепсі ауылының тұрғындары мен қонақтары үшін аталмыш шара музей әлемімен танысуға, музей коллекциялары мен экспозициясын көруге, мәдени бағдарламаларға қатысуға және көңілді демалып қайтуға зор мүмкіндік береді. Шара бағдарламасы кешкі сағат 9-да басталып түнгі 2-ге дейін жалғасты. Бұл жолы ауыл тұрғындары мен қонақтарына музейдің қор коллекциясы негізінде құрылған көрмелер ұсынылды:...
Подробнее Просмотры: 345 Категория: Новости Дата: 21.11.2019

«Сладок хлеб, добытый своим трудом»

20-го ноября текущего года, к 90-летию Карасайского района, в рамках «Ночи в музее», сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района провели вечер встречи студентов медицинского колледжа «Аяжан» с видными предпринимателями Карасайского района на тему «Сладок хлеб, добытый своим трудом». Гости вечера – директор частной школы «Айсаф» Ахметова Айша, основательница Каскеленского гуманитарно-технического колледжа Абдилдаева Несипбала, исполнительный директор фермерского хохяйства «КХ Бейбит» Куденов Айбек, директор строительной фирмы «Бахытжан» Нурлыбеков Бахытжан рассказали о своем трудовом пути, выборе профессии, а также об особенностях предпринимательской деятельности, таким образом стимулируя молодежь к занятию любимым делом и достижению поставленных целей.
Подробнее Просмотры: 349 Категория: Новости Дата: 21.11.2019

«Музейге сый»

20 қараша күні Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінде жыл бойы облыс көлемінде жүргізілген «Музейге сый» акциясының қорытынды шарасы ұйымдастырылды. Акцияға халқымыздың саяси-әлеуметтік және рухани-мәдени өміріне өлшеусіз үлес қосқан танымал тұлғалардың ұрпақтары, туған-туыстары, елге белгілі азаматтар қатысып, өздерінде сақтаулы тұрған мұраларды, ата-бабасынан қалған құнды заттарды музей қорына табыстады. Аталмыш акцияға Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі - Зядан Қожалымов, композитор, Халық артисі Мұқан Төлебаевтың інісі Әбілмәжін Төлебаевтың қызы Виктория Төлебаева және т.б. қатысты. Акция аясында музей қорына жиналған экспонаттар негізінде арнайы көрме безендіріліп, келген қонақтарға экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 325 Категория: Новости Дата: 20.11.2019

«Күн қызы»

2019 жылдың қараша айының 20 жұлдызында Ақын Сараның мемориалды музейінде «Қазақтың ақын қыздары - дара туған» атты жоба негізінде «Күн қызы» атты әдеби кеш өткізілді. Әдеби кеш қазақтың ақын қызы Әмина Шалабаеваның шығармашылығына арналған. Іс-шара барысында Әмина Асқарқызы Шалабаеваның өмірбаяны мен шығармашылық жолы таныстырылды. Ғали Орманов атындағы орта мектебінің оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Музей қызметкерлері әдеби кеш қонақтарымен ақындық өнер туралы викторина ойнатып, сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыларға бағалы сыйлықтар сыйлады. Іс-шара қонақтары күмбірлеген күйді тарту етіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.
Подробнее Просмотры: 286 Категория: Новости Дата: 20.11.2019

"Ұрпақ жалғастығы"

19 қараша күні Алматы қаласындағы Н.Назарбаев зияткерлік мектебінде "Ұрпақ жалғастығы"атты кездесу кеші өтті. Кездесуге айтыскер ақын Ж.Жабаевтың немересі Салтанат Жамбылова, белгілі күйші Дина Нүрпейісованың немересі Карима Нүрпейісова, Халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевтың немересі Әуелбек Ысқақов арнайы шақырылды. Кеш барысында өскелең ұрпаққа ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, ұлттық мәдениетке қосқан үлестері жайлы айтылды.
Подробнее Просмотры: 353 Категория: Новости Дата: 20.11.2019

«Еңбек пен өнер егіз»

Үстіміздегі жылдың 19 қарашасында Ақын Сараның мемориалды музейінде жергілікті қолөнер шеберлерін насихаттау мақсатында «Еңбек пен өнер егіз» атты көрме құрылды. Көрмеге шебер қолөнерші, шекмеші Жақсылық Кәменовтің қаңылтыр бетіне бедерлі бейнелер салған бұйымдары және Қапалбай Жапарғалиевтың ағаштан ойып жасалған туындылары қойылды. Көрмені Ғали Орманов атындағы орта мектебінің оқушылары тамашалады.
Подробнее Просмотры: 336 Категория: Новости Дата: 19.11.2019

"Желтоқсан жадымызда жаңғырады... "

Бүгін 19-қараша күні Жаркенттегі "Жауынгерлік Даңқ" музейінің бастамасымен туған ауылы Еңбекшіде Ерболдың есімімен аталатын орта мектепте Желтоқсан құрбаны Е. Сыпатаевқа экспозиция құрылып "Желтоқсан жадымызда жаңғырады... " тақырыбында ауқымды іс-шара өткізілді. Арнаулы шараға- ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы Исламғали Үркімбайұлы, ақын Құдайберді Құсайын және аудандық "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің" бас маманы Нұрәділ Бегімбет, облыстық "Жетісу" газетінің тілшісі Мырзағали Нұрсейіт т. б. қонақтар қатысты. Ерболдың сынып жетекшісі, мектеп директоры Д. Адилов, бала кезден бірге өскен досы Х. Бөгенбаевтар Ербол жайлы естеліктер айтты. Ақындар Е. Сыпатаевқа арналған шағын поэмаларынан үзінді оқып, журналистер жазылған мақалалалар мен бастамалары жайында айтып өтті. Кітапханашы Е. Тұтқабекова мен музей экскурсия жүргізушісі Г. Оңғарбай Ерболдың өмірі туралы үзінділер оқып, мектеп оқушыла...
Подробнее Просмотры: 386 Категория: Новости Дата: 19.11.2019

«Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын»

Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейінде 19 қарашада жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған «Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын» атты әдеби кеш өтті. Ақынның өмірінен алынған сахналық қойылыммен басталған кеш жыр – шұмақтармен жалғасын тапты.
Подробнее Просмотры: 311 Категория: Новости Дата: 19.11.2019

Өскемен қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл атындағы саябақта Жыр алыбы Жамбыл бабамызға салтанатты түрде ескерткіш ашылды

14 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл атындағы саябақта Жыр алыбы Жамбыл бабамызға салтанатты түрде ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылуына арнайы шақырумен атамыздың ұрпақтарының атынан немерелері Жамбылов Жеңіс пен Жамбылова Салтанат барып қайтты. Жоба облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен жүзеге асырылған. Ескерткіштің авторлары алматылық мүсіншілер Сәрсен Сейітов пен Қазыбек Дулатов. «Әдеттегі канондардан бас тартып, ақынның қозғалыстағы, жанды бейнесін көрсетуге тырыстық. Сондықтан ақынның 50-60 жастағы кезін бейнеледік» дейді мүсіншілер.
Подробнее Просмотры: 241 Категория: Новости Дата: 19.11.2019

«Абай - ұлт биігі»

Қарашаның 18-і күні Ақын Сараның мемориалды музейінде «Абай - ұлт биігі» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсияға Ғали Орманов атындағы орта мектептің оқушылары қатысып, Абайдың шығармашылығымен, өлеңдерімен, қара сөздерімен терең танысты. Сараның шығармашылығына үлкен баға берген Ұлы ақынға Сара «Көп сәлем Ыбекеме» атты өлеңін арнаған. Тақырыптық экскурсия барысында осы өлең таныстырылып, оқылды.
Подробнее Просмотры: 295 Категория: Новости Дата: 19.11.2019