Пресс-центр
«Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын» |
Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейінде 19 қарашада жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған «Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын» атты әдеби кеш өтті. Ақынның өмірінен алынған сахналық қойылыммен басталған кеш жыр – шұмақтармен жалғасын тапты. |
Подробнее Просмотры: 335 Категория: Новости Дата: 19.11.2019 |
Өскемен қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл атындағы саябақта Жыр алыбы Жамбыл бабамызға салтанатты түрде ескерткіш ашылды |
14 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл атындағы саябақта Жыр алыбы Жамбыл бабамызға салтанатты түрде ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылуына арнайы шақырумен атамыздың ұрпақтарының атынан немерелері Жамбылов Жеңіс пен Жамбылова Салтанат барып қайтты. Жоба облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен жүзеге асырылған. Ескерткіштің авторлары алматылық мүсіншілер Сәрсен Сейітов пен Қазыбек Дулатов. «Әдеттегі канондардан бас тартып, ақынның қозғалыстағы, жанды бейнесін көрсетуге тырыстық. Сондықтан ақынның 50-60 жастағы кезін бейнеледік» дейді мүсіншілер. |
Подробнее Просмотры: 263 Категория: Новости Дата: 19.11.2019 |
«Абай - ұлт биігі» |
Қарашаның 18-і күні Ақын Сараның мемориалды музейінде «Абай - ұлт биігі» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсияға Ғали Орманов атындағы орта мектептің оқушылары қатысып, Абайдың шығармашылығымен, өлеңдерімен, қара сөздерімен терең танысты. Сараның шығармашылығына үлкен баға берген Ұлы ақынға Сара «Көп сәлем Ыбекеме» атты өлеңін арнаған. Тақырыптық экскурсия барысында осы өлең таныстырылып, оқылды. |
Подробнее Просмотры: 321 Категория: Новости Дата: 19.11.2019 |
«Ұлттық теңге - ұлт тәуелсіздігінің символы» |
2019 жылдың қараша айының 18-шы жұлдызында, Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне орай М. Жұмабаев атындағы Қойлық орта мектебінің 9 сынып оқушыларына «Ұлттық теңге - ұлт тәуелсіздігінің символы» атты лекция өткізді. Лекция барысында ақшаның шығу тарихы жайлы, сонымен қатар әлем өркениеттеріндегі ақшаның даму кезеңдері туралы айтылды. |
Подробнее Просмотры: 281 Категория: Новости Дата: 19.11.2019 |
«Есімдері ел есінде» |
Ү.ж. 18 қараша күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Есімдері ел есінде» тақырыбында қазақтың белгілі жазушысы, журналист, қоғам қайраткері Ә.Әлімжановқа арналған көрме ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: жазушының қызмет жолын, туындыларын көпшіліккке насихаттау. Көрмеге жазушының өмірінен сыр шертетін жеке заттары, кітаптары, марапаттары, фотосуреттері қойылды. Көрмені Қабанбай ауылының тұрғындары тамашалады. |
Подробнее Просмотры: 248 Категория: Новости Дата: 19.11.2019 |
«Талдықорған –Шамалған» бағыты |
15 қараша күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында халқына жолдаған жолдауында: «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасын іске асыру негізінде «Жетісу жауһарлары» атты жобасы аясында «Талдықорған –Шамалған» бағыты бойынша Талдықорған қала колледждерінің үздік студенттеріне екінші мәрте тегін экскурсиялық саяхат ұйымдастырылды.Саяхат барысында студенттер Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі, сондай-ақ, «Анаға құрмет» және «Батыр бабалар» мемориалды музейлерін тамашалап, көптеген құнды жәдігерлерді көріп, жол бойындағы табиғи ескерткіштер, тарихи орындар, кесенелер жайлы мәліметтер алып, олардың тарихымен танысып қайтты. Саяхат соңында алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді. |
Подробнее Просмотры: 416 Категория: Новости Дата: 19.11.2019 |
Үмбетәлі Кәрібаевтың 130 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысы |
Қараша айының 15 күні Жамбыл ауданында Халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевтың 130 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысы өтті. Бас жүлдені Ж. Бұлғақов, 1 орынды Жалғас Садыр, 2 орынды Сара Тоқтамысова иеленді. Үмбетәлі ұрпақтары жүлде қорынан тыс өз тараптарынан арнайы ақшалай сыйлық жасады. |
Подробнее Просмотры: 370 Категория: Новости Дата: 19.11.2019 |
"Көне тарихтың куәсі болған құнды жәдігерлерді сақтау және дәріптеу" |
«Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейі қараша айының 15 жұлдызы күні Жаркент қаласындағы № 6 орта мектеп интернатымен бірлесе отырып "Көне тарихтың куәсі болған құнды жәдігерлерді сақтау және дәріптеу" атты конференция ұйымдастырды. Конференцияға ауданымыздың құрметті азаматтары мен тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Конференция соңында мектеп жанындағы музейімен Жаркент мешіті сәулет-көркемөнер музейіне экскурсия жүргізіліп, музей тарихы таныстырылды. |
Подробнее Просмотры: 360 Категория: Новости Дата: 19.11.2019 |
"Теңге- тәуелсідік нышаны" |
Ү.ж. қараша айының 15-де Ұлттық валюта күніне орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Теңге- тәуелсідік нышаны" атты тақырыпта көрме ұйымдастырылды.Көрме жас ұрпаққа Тәуелсіздік символы-теңгенің тарихымен таныстыру және төл теңгенің шежіресімен қатар оның маңызын түсіндіріп, ақша тек айырбастау құралы емес, ол ұлттық құндылықтардың бірі екендігін ұғындыру мақсатында өтті. |
Подробнее Просмотры: 354 Категория: Новости Дата: 19.11.2019 |
«Теңге – мемлекет келбеті» |
15 қараша күні Ұлттық валюта – теңге күніне орай, «Анаға құрмет» музейінде «Теңге – мемлекет келбеті» атты тақырыпта танымдық сабақ өткізілді. Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Туған жеріне, Отанына сүйіспеншілігін ояту мақсатында М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. |
Подробнее Просмотры: 332 Категория: Новости Дата: 15.11.2019 |