«Ұлағатты отбасы-ұлт құндылығы»

9 қыркүйек күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде Отбасы күніне орай «Мамания» орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлағатты отбасы-ұлт құндылығы» атты іс-шара өтті. Шараның мақсаты - өскелең ұрпаққа отбасылық құндылықтар туралы түсіндіре отырып, отбасындағы адамгершілік, мейірімділік, ұлтжандылық сияқты асыл қасиеттерге баулу. Шара барысында жерлесіміз, ақиық ақын Ілияс Жансүгіров пен белгілі әдебиеттанушы ұстаз - Фатима Ғабитованың отбасы жайында құнды мағлұматтар айтылып, отбасылық фотосуреттерінен көрме ұйымдастырылды. Қазақ тарихындағы белгілі отбасының ұрпақтары туралы, олардың ел өміріндегі алатын орны, сіңірген еңбектері, қалдырған рухани байлығы, өнегелі өмірлері туралы мағлұматтар берілді.
Подробнее Просмотры: 45 Категория: Новости Дата: 13.09.2022

«Тілім менің- мақтанышым»

5 қыркүйек күні тілдер мерекесіне орай Лепсі тарихи музейінде «Тілім менің- мақтанышым» тақырыбында шара өткізілді. Шара барысында «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы- тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі туралы насихатталды. Шараға қатысқан оқушылар арасында тіл ұстарту мақсатында мақал-мәтелдерден сайыс өткізілді.
Подробнее Просмотры: 45 Категория: Новости Дата: 13.09.2022

«Айтыс өнерінің шебері»

Мұқан Төлебаевтың мемориалды музейі 2022 жылдың 8 қыркүйегінде Ушинский атындағы орта мектептің 10 сынып оқушыларына ән өнерінің ақтаңгері, қазақтың біртума сал-серісі, әнші-композитор Біржан Қожағұлұлы туралы «Айтыс өнерінің шебері» атты тақырыптық экскурсия өткізді. Экскурсия барысында оқушыларға Арқаны ғана емес, Алаш даласын әнімен тербеткен Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалды.
Подробнее Просмотры: 41 Категория: Новости Дата: 09.09.2022

«Қарымды қаламгер»

І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде Ақсу ауданының тумасы, қазақ әдебиетіне,қазақ поэзиясының қалыптасып дамуына, өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан ақын, аудармашы, журналист Ғали Ормановтың туғанына 115 жыл толуына орай «Мамания» орта мектебінің 6 сынып оқушыларына «Қарымды қаламгер» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Шара барысында жастарға Ғ.Ормановтың өмірбаяны, кітаптары, өлеңдері, марапаттары мен сирек кездесетін фотосуреттері таныстырылды. Аталмыш шарадан оқушылар қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орынға ие тұлға жайлы көп мағлұмат алып қайтты.
Подробнее Просмотры: 48 Категория: Новости Дата: 08.09.2022

«Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға»

7 қыркүйек күні Лепсі тарихи музейінде қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты шара өткізілді. Шара барысында ғалымның елді ағарту жұмыстарындағы рөлі, тіл мен әдебиет ғылымдарының негізін салудағы зор еңбегі туралы айтылды. Сонымен қатар, Лепсі орта мектеп оқушыларының назарына бейнефильм мен арнайы кітап көрмесі ұсынылып, ғалымның өмірбаяны туралы деректер көрсетілді.
Подробнее Просмотры: 52 Категория: Новости Дата: 08.09.2022

«Білімділер, алғырлар, тапқырлар»

7 қыркүйек күніАқын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері «Білімділер, алғырлар, тапқырлар» атты танымдық ойын-сайысын ұйымдастырды. Шараға Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің оқушылары қатысты. Ойын сайысы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімінде қазақ мультфильмдерінің фрагменттері арқылы музей экспозициясында бар заттарды тауып, сипаттама берді. Біліктіліктері мен ептіліктерін сарапқа салып, адасқан әріптерден сөздер құрап, логикалық сұрақтардың жауаптарын шешті. Екінші бөлімінде сұрақтарға жауап беріп, өз туған жерлерінің тарихын қаншалықты білетіндіктерін көрсетті. Ойыннан жақсы әсер алған балалар көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.
Подробнее Просмотры: 50 Категория: Новости Дата: 07.09.2022

«Тіл-халық қазынасы»

5 қыркүйек күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде Тілдер мерекесіне орай, «Тіл-халық қазынасы» атты танымдық іс-шара өтті. Аталмыш шараға «Мамания» орта мектебі және Абай атындағы орта мектеп оқушылары, ұстаздары және ауылдық әкімшілік қызметкерлері қатысты. Шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, сонымен қатар оқушылардың патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар І.Жансүгіров, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Қ.Мырзалиев сынды көрнекті ақындардың тіл туралы өлеңдерін оқып, өздері шығарған өлең шумақтарын да ортаға салды. Танымдық шара мәдениет қызметкерлерінің ән-шашуымен аяқталды.
Подробнее Просмотры: 44 Категория: Новости Дата: 06.09.2022

«Жетісу жауһарлары»

3 қыркүйек күні «Жетісу жауһарлары» жобасы аясында Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылындағы С.Серкебаев атындағы мектеп-гимназияның оқушылары Талдықорған қаласына келіп, қаланың тарихи-мәдени ошақтарын аралап, М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде экскурсия тыңдады. Экскурсия барысында оқушыларға Жетісу өлкесінің тарихы, мәдени құндылықтары туралы мол мағлұмат берілді. Сонымен қатар оқушылар да өз өнерлерін көрсетіп, музейдің арнайы сыйлығына ие болып қайтты.
Подробнее Просмотры: 47 Категория: Новости Дата: 06.09.2022

«Ұлттың ұлы ұстазы»

2 қыркүйек күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты танымдық шара ұйымдастырылды. Аталмыш шараға М.Байысов атындағы орта мектебінің оқушылары қатысты. Шара барысында А. Байтұрсыновтың өмірбаяны, шығармашылығы, ғылыми еңбектері мен қоғамдық, педагогикалық қызметі туралы мағлұматтар айтылды. Сонымен қатар, оқушылар назарына бейнефильм мен кітап көрмесі ұсынылды.
Подробнее Просмотры: 70 Категория: Новости Дата: 02.09.2022

«Ақын Сара-айтыстың ақтаңгері»

Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінде Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері «Ақын Сара-айтыстың ақтаңгері» атты тақырыптық экскурсия өткізді. Тақырыптық экскурсияны тамашалаған Ғали Орманов атындағы орта мектеп оқушыларына Сара Тастанбекқызының айтыстарының көркемдік ерекшеліктері таныстырылып, соның ішінде ақынның Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып саналатындығы туралы айтылды. Сонымен қатар, Сараның елді сүйсінткен өнері, сөзге тапқырлығы, кесіп айтар шешендігі және айтыс өнеріне әбден төселген нар тұлға болғандығы туралы мол мағлұмат берілді.
Подробнее Просмотры: 64 Категория: Новости Дата: 01.09.2022