«Ұстаз – ұлы тұлға»

Музей қоғам мүшелеріне, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени және рухани мекеме болғандықтан, мектеп, балабақша және басқа да білім ошақтарымен тығыз байланыста болып,бірлесе іс-шаралар ұйымдастырып, еліміздің жас ұрпақтарының ұлттық сана –сезімінің жоғары болып қалыптасуына және оларға патриоттық тәрбие беру бағытында жастардың мәдени білімі жоғары жақсы маман болуларына ықпал ету мақсатында « Музейдегі түн » жобасы аясында Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінде «Ұстаз – ұлы тұлға» атты тақырыпта Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп ұстаздарымен кездесу болып өтті.Аталған іс-шара музей меңгерушісі Марал Оралбекқызының құттықтау сөзімен басталып, ары қарай жүргізуші көпшілікке ашық есік күнінің бағдарламасымен таныстырып, одан әрі жалпы музей жайлы, оның тарихы мен мәдениеттегі алар орны туралы мағлұмат беріп өтті. Шоқан Уәлихановтай дара тұлғамыздың атқарған ұлы істерін бүгінгі күні көпшілікке танытып насихатт...
Подробнее Просмотры: 291 Категория: Новости Дата: 15.11.2019

«Шебердің қолы ортақ»

13 ноября в Есикском археолого-краеведческом музее открылась выставка изделий ручной работы учеников Есикской областной специализированной школы-интерната для детей с нарушениями зрения. В выставке приняли участие методист-инструктор акимата города Есик и школьники города.
Подробнее Просмотры: 231 Категория: Новости Дата: 15.11.2019

«Тұрар және тарих»

Үстіміздегі жылдың 12 – 13 қараша күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музей қызметкерлері қазақ халқының маңдайына біткен біртуар ұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл толуына орай Байысов атындағы орта мектеп оқушыларына «Тарихи тұлға» атты танымдық әңгіме өткізді. Сонымен қатар «Тұрар және тарих» атты көрме ұйымдастырылып көпшілік назарына ұсынылды. Мақсаты – есімі күллі Түркі жұртына мәшһүр болған ұлы тұлғалардың бірі Тұрар Рысқұловтың ұлағатты өмірі мен халқы үшін атқарған адал қызметі жайлы мағлұмат беру, өскелең ұрпақты адамгершілікке, отанын және халқын сүюге тәрбиелеу. Танымдық әңгіме барысында өзінің аз ғана ғұмырын халық мүддесі үшін арнаған азаматтың атқарған ізгілікті істері мен еңбегі жайлы тың деректер берілді.
Подробнее Просмотры: 293 Категория: Новости Дата: 15.11.2019

Кинофильмдер апталығы

Үстіміздегі жылдың қараша айының 11-15 жұлдызы аралығында Ақын Сараның мемориалды музейінде кинофильмдер апталығы өтіп жатыр. Үлкен адамдарға тарихи, комедиялық, ал оқушыларға қазақ мультфильмдері көрсетілуде. Көрсетілім соңында көрермендер фильмдер туралы өз ойларымен, алған әсерлерімен бөлісіп, көтеріңкі көңіл-күймен қайтуда.
Подробнее Просмотры: 275 Категория: Новости Дата: 15.11.2019

Талдықорған-Шамалған бағыты

2019 жылдың 13 қараша күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында халқына жолдаған жолдауында: «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасын іске асыру негізінде «Жетісу жауһарлары» атты жобасы аясында Талдықорған-Шамалған бағыты бойынша «Жас экскурсовод» үйірме оқушылары мен Талдықорған қала колледжінің үздік студенттеріне тегін экскурсиялық саяхат ұйымдастырылды. Саяхат барысында Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі, сондай ақ, «Анаға құрмет» және «Батыр бабалар» мемориалды музейлерін тамашалап, осы бағыт бойынша жол бойында орналасқан тарихи елді мекендер мен табиғат ескерткіштері жайлы қызықты мәліметтер айтылды. Саяхат соңында оқушылар мен студенттер есте қаларлық саяхат үшін музей қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, алған әсерлерімен бөлісіп, пікірлерін жазды.
Подробнее Просмотры: 370 Категория: Новости Дата: 15.11.2019

«Діни келісім - бірлік пен тұрақтылық кепілі»

2019 жылдың қараша айының 13-ші жұлдызында Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері Черкасск орта мектебінің 10 сынып оқушылары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Діни келісім - бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты дөңгелек үстел өткізді. Дебат тақырыбы аясында қатысушы оқушылар өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар бейбітшілік, толеранттылық жайлы тұжырымды ой, салмақты пікірлер айтылды.
Подробнее Просмотры: 329 Категория: Новости Дата: 13.11.2019

«Музейдегі түн»

2019 жылдың 12 қараша күні І.Жансүгіровтің әдеби музейінде «Музейдегі түн» жобасы аясында Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық, «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған «Ілияс ізі: Еңбекші қазақтан - Егемен Қазақстанға дейін» атты әдеби сазды кеш өтті. Мақсаты Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойымен ақынның өзі қызмет еткен мемлекетіміздің бас газеті, еліміздің басынан өткерген сан түрлі әлеуметтік дүниені, маңызы зор оқиғаларды қалт жібермей қалың оқырманға жеткізіп жүрген, қазақ үшін құнды, ұлт үшін ұлағатты, сол кездегі «Еңбекші қазақ» бүгінгі «Егемен Қазақстан» газетіне биыл жүз жыл толуы жөнінде мәлімет беру.Шара барысында «Жас түлек» студенттер театры актерлерінің орындауында «Ілияс» драмасынан үзінді қойылып, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Қыдырәлі Дархан Қуандықұлының құттықтау сөзімен басталды. Кеш қонақтары ҚХ...
Подробнее Просмотры: 277 Категория: Новости Дата: 13.11.2019

«Теңге – мемлекет келбеті»

Ү.ж 13 қараша күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері 15 қараша - Ұлттық валюта күніне орай «Теңге – мемлекет келбеті» атты танымдық сабақ өткізді. Мақсаты: Ақшаның пайда болу тарихынан, ұлттық валютаның айналымға кіру туралы мағлұмат беру; ұлттық валютамызды бағалай білуге, өз Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.Сабақ барысында теңгенің тарихы мен авторлары туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар ақшаның Мемлекетіміздің Тәуелсіздігімен байланысы, нарықтағы және саясаттағы атқаратын рөлі және жалпы Мемлекет үшін маңыздылығы түсіндірілді. Сабақ соңында тақырыпқа байланысты танымдық сұрақтар қойылды.
Подробнее Просмотры: 301 Категория: Новости Дата: 13.11.2019

«Тарих тағылымында»

2019 жылдың қараша айының 8-ші жұлдызында Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Сарқан филиалы қызметкерлерінің өтінішімен Тополевка ауылының аз қамтылған 10 отбасынын шыққан Теректі орта мектебінің 7,8,9 сынып оқушыларына қайырымдылық акциясы аясында «Тарих тағылымында» атты тегін тақырыптық экскурсия жүргізді. Сонымен қатар экология, ағарту және туризм маманы А.Ж. Турысбекованың «Қар Барысы» атты баяндамасы тыңдалды.
Подробнее Просмотры: 254 Категория: Новости Дата: 13.11.2019

«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық»

Үстіміздегі жылдың қараша айының 12-де Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Қарасай ауданының 90 жылдығына орай, жерлесіміз қолөнер шебері, Үшқоңыр мектебінің технология пәнінің мұғалімі Жаленов Қанат Сахитұлының «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» атты көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге шебердің қолынан шыққан ағаштан, темірден, пластиктен жасалған бұйымдар болды. Атап айтсақ, көне қару түрлері, ертегі кейіпкерлері, қыран бүркіт, ыдыстар, бөрілер, қанжар және т.б заттар қойылды. Көрмені тамашалаған көрермендер қазақ халқының қолөнер үлгілерімен танысты.
Подробнее Просмотры: 326 Категория: Новости Дата: 13.11.2019