Пресс-центр
«Теңге – мемлекет келбеті» |
Ү.ж 13 қараша күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері 15 қараша - Ұлттық валюта күніне орай «Теңге – мемлекет келбеті» атты танымдық сабақ өткізді. Мақсаты: Ақшаның пайда болу тарихынан, ұлттық валютаның айналымға кіру туралы мағлұмат беру; ұлттық валютамызды бағалай білуге, өз Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.Сабақ барысында теңгенің тарихы мен авторлары туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар ақшаның Мемлекетіміздің Тәуелсіздігімен байланысы, нарықтағы және саясаттағы атқаратын рөлі және жалпы Мемлекет үшін маңыздылығы түсіндірілді. Сабақ соңында тақырыпқа байланысты танымдық сұрақтар қойылды. |
Подробнее Просмотры: 322 Категория: Новости Дата: 13.11.2019 |
«Тарих тағылымында» |
2019 жылдың қараша айының 8-ші жұлдызында Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Сарқан филиалы қызметкерлерінің өтінішімен Тополевка ауылының аз қамтылған 10 отбасынын шыққан Теректі орта мектебінің 7,8,9 сынып оқушыларына қайырымдылық акциясы аясында «Тарих тағылымында» атты тегін тақырыптық экскурсия жүргізді. Сонымен қатар экология, ағарту және туризм маманы А.Ж. Турысбекованың «Қар Барысы» атты баяндамасы тыңдалды. |
Подробнее Просмотры: 275 Категория: Новости Дата: 13.11.2019 |
«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» |
Үстіміздегі жылдың қараша айының 12-де Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Қарасай ауданының 90 жылдығына орай, жерлесіміз қолөнер шебері, Үшқоңыр мектебінің технология пәнінің мұғалімі Жаленов Қанат Сахитұлының «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» атты көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге шебердің қолынан шыққан ағаштан, темірден, пластиктен жасалған бұйымдар болды. Атап айтсақ, көне қару түрлері, ертегі кейіпкерлері, қыран бүркіт, ыдыстар, бөрілер, қанжар және т.б заттар қойылды. Көрмені тамашалаған көрермендер қазақ халқының қолөнер үлгілерімен танысты. |
Подробнее Просмотры: 346 Категория: Новости Дата: 13.11.2019 |
«Жамбыл Жабаевтың әзілдері» |
2019 жылдың қараша айының 11 жұлдызында Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалды музейінде Үшқоныр медресе - колледжінің І - курс студенттерінің қатысуымен «Жамбыл Жабаевтың әзілдері» тақырыбында баяндама оқылды. Іс-шараның мақсаты Жамбыл Жабаевтың тағы бір ерекшелігі, ақынның табан астында тауып айтылған бір топ ұтқыр әзілдерін көрермендер назарына ұсыну. |
Подробнее Просмотры: 332 Категория: Новости Дата: 12.11.2019 |
"Туған өлке тарихы" |
7 қараша күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Туған өлке тарихы" атты шара өтті. Шараға Мамания орта мектебінің 8 сынып оқушылары мен Ақсу ауылының тұрғыны көнекөз қария, еңбек ардагері, Ақсу ауданының құрметті азаматы Байдалин Кеңесбек атамыз қатысты. Көпті көрген көнекөз қариялардың тәлімді тәрбиеге толы ғибратты әңгімелері жастарға рухани азық екені анық. Шара барысында Кеңесбек ата киелі Ақсу мекенінің қалай құрылғаны жайлы және осы күнге дейінгі тарихына шолу жасап өтті. Жасұрпақ көнекөз қарияның әңгімесін өте қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып туған өлкелері жайлы қызықты деректер мен ақпараттарға қанық болды. Туған жерді сүю парыз, сүю үшін білу парыз. Туған өлке тарихын әспеттеп, келер ұрпаққа жеткізу аға буынның міндеті. Бұл жайында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында да ерекше аталып көрсетілді. Болашаққа қалай қадам басарымыз – өскелең ұрпаққа беретін тәрбиеге байланысты. Бүгінгі шараның да... |
Подробнее Просмотры: 367 Категория: Новости Дата: 08.11.2019 |
«Мектеп – кеме, білім – теңіз» |
Үстіміздегі жылдың қараша айының 6-да, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Абай атындағы мектеп-гимназия оқушыларына «Мектеп – кеме, білім – теңіз» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларды өткен ғасырдағы мектеп атрибуттарымен және құрал-жабдықтармен таныстырып, сонымен қатар аталған мектепте оқыған Елбасының өте жақсы оқуға деген талпынысы арқылы балаларды оқуға ынталандырды. Музей қызметкерлерінің көздеген мақсаты – өткен тарих туралы білімдерін, адамгершілік және эстетикалық қасиеттерді дамыту. |
Подробнее Просмотры: 290 Категория: Новости Дата: 08.11.2019 |
«Адалдық сағаты» |
2019 жылдың қараша айының 6-шы жұлдызында, Черкасск орта мектебінің ұйымдастыруымен «Адалдық сағаты» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға округіміздің мәдениет үйі, әкімшілік, Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері, кітапхана қызметкері, жоғарғы сынып оқушылары және физика математика ғылымдарының профессоры, ардагер ұстаз Мұңсызбай Төлеухан Мусалімұлы қатысты.Дөңгелек үстел барысында қатысушылар адалдық ұғымы бойынша өз ұсыныс пікірлерін білдірді. Сонымен қатар бүгінгі таңдағы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлық жайында әңгіме өрбіп,тақырыпқа сәйкес бірқатар мысалдар келтірілді. |
Подробнее Просмотры: 291 Категория: Новости Дата: 06.11.2019 |
«Қазақтардың тәуелсіздігі мен азаттығы» |
2019 жылдың қараша айының 6-шы жұлдызында, Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері Черкасск орта мектебінің 6 сынып оқушыларына «Қазақтардың тәуелсіздігі мен азаттығы» атты танымдық сабақ өткізді.Сабақ барысында Жетісу жеріндегі қанды шайқастардың бірі «Аңырақай » шайқасы туралы айтылды. |
Подробнее Просмотры: 341 Категория: Новости Дата: 06.11.2019 |
«Ертегілер елінде» |
6 қараша күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Алпамыс» жекеменшік бөбекжай-балабақшасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ертегілер елінде» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Аталмыш көрмеде Жетісу жерінде мекен ететін аң-құстары туралы мәліметтер ертегі желісінде айтылды. Шара сергіту сәтінен басталып, аң-құстардың ерекшеліктерін қимыл арқылы көрсетіп, қызықты мәліметтер айтылды. Сондай-ақ, бүлдіршіндерді қызықтыру мақсатында жұмбақ ойыны ойнатылды. Бұл шара бүлдіршіндерге әрі пайдалы, әрі қызықты болғандығы соншалық, балалар үшін өте жақсы демалыс пен тосын сый болды. |
Подробнее Просмотры: 317 Категория: Новости Дата: 06.11.2019 |
“Ұлы дала бояулары” |
Қараша айының 1 күні Ү. Кәрібаев әдеби- мемориалды музейінде “Ұлы даланың жетi қыры” макаласы аясында, әрі Ү. Кәрібаевтың 130 жылдық мерейтойына орай “Ұлы дала бояулары” атты Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институтының ұстаздары, белгілі суретші, профессор Т. Қожағұлов бастаған бір топ ғалым, ұстаздармен кездесу болып өтті. Жиында Жамбыл ауданының Үмбетәлі, Қарғалы, Қасымбек, Шолаққарғалы, Үңгіртас, Мыңбаев мектептерінің ұстаздары көрме өткізiп, сондай-ак аудандық білім және мәдениет бөлімі атсалысты. Соңынан көрмеге қатысушылар Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институтының грамоталарымен марапатталып, осы шараны ұйымдастырған суретші Ә. Искаков Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институтының 50 жылдық естелік медалімен марапатталды. |
Подробнее Просмотры: 348 Категория: Новости Дата: 04.11.2019 |