Пресс-центр
"Қазақ Гомерінің асыл мұрасы" |
2019 жылдың 4 қараша күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінде оқитын түркмен студенттерінің қатысуымен "Қазақ Гомерінің асыл мұрасы" атты тақырыптық экскурсия жүргізіліп, экспозициялық залдар таныстырылды. |
Подробнее Просмотры: 263 Категория: Новости Дата: 04.11.2019 |
"Сырлы өңір" |
Қарашаның 1-ші жұлдызында Жаркенттегі "Жауынгерлік Даңқ" музейінде Елбасымыздың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында туған жер тарихы туралы "Сырлы өңір" тақырыбында жергілікті тарихшылар және өлкетанушылармен кездесу өткізілді. Аталмыш шараға Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшелері, этнографтар, ақындар-Ә.Төреханұлы, Д.Бейсенбекұлы, Р.Дәбей және өлкетанушы ағаларымыз - Б.Ахметов, Т.Өмірбаев тағы басқа зиялы қауы өкілдері мен қаламыздағы "Диана" медколледжінің студенттері қатысты. Іс- шара барысында Жаркент өңірі тарихының ежелден бастау алатындығы, археологиялық қазбалар мен тарихи жәдігерлер, сакральды орындар жайында келелі кеңес өткізілді. Туған жер жайында ән шырқалып, игі ұсыныстар айтылды. Сөз арасында Б.Ахметов ағамыз өзі жинаған этнографиялық жәдігерлерін осы музейге сыйға тартатынын айтып өтті. Кездесу қонақтары осындай маңызды шараны ұйымдастырып отырған музей қызметкелеріне зор алғыстарын айтып, шығармашылық табыс тіле... |
Подробнее Просмотры: 285 Категория: Новости Дата: 01.11.2019 |
ҰОС-ның батыры Қ.Тышқанбаевтың ұрпақтарымен кездесу |
Ү.ж. 27- ші қазанында Жаркенттегі "Жауынгерлік Даңқ" музейінде жерлесіміз ҰОС-ның батыры Қ.Тышқанбаевтың ұрпақтарымен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында қазақ батырларының өшпес ерліктері еске алынып жас ұрпақтарға үлгі ретінде насихатталды. Шараға ақындар, жазушылар, мектеп оқушылары мен Кеңес Одағының Батыры Қ.Тышқанбаевтың ұрпақтары қатысты. Батыр атамыздың ерлігі мен өмір жолдары жайлы естеліктер айтылып, бейнефильмдер көрсетіліп, әншілеріміз патриоттық әндерін шырқады. Кездесу соңында келген қонақтар ризашылығын білдіріп музей ұжымына шығармашылық табыс тілектерін білдірді. |
Подробнее Просмотры: 347 Категория: Новости Дата: 01.11.2019 |
Экскурсия |
Қараша айының 1-ші жұлдызында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Ақжанел» сауықтыру орталығының емделушілеріне арнайы музей залдары бойынша экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында қонақтар Жетісу жерінің құндылықтарын тамашалап, жәдігерлер жайында қызықты деректер тыңдады. |
Подробнее Просмотры: 352 Категория: Новости Дата: 01.11.2019 |
"Туған жерге туыңды тік" |
2019 жылдың 31 қазан күні Шелек тарихи - өлкетану музейінің қызметкерлері "Музейдегі түн" жобасы аясында, "Туған жерге туыңды тік" атты тақырыпта іс - шара ұйымдастырды. Мақсаты: көрермендердің туған өлкесіне сүйіспеншілігін, тарих, мәдениет дəстүрлері, өз туған жерінің жетістіктеріне мақтаныштық сезімдерін арттыру. Шарада мәдениет үйінің директоры Жайырбек Рахымбекұлы қонақтарға "Туған жер " əнін тарту етті. Сонымен қатар оқушылар туған жерге арнаған өз арнауларын оқыды. Шарада қол күресі мен тастаяқтан ойындар ұйымдастырылып, жеңіске жеткендер марапатталды. Музей көрермендері іс - шара туралы өз пікірлерімен бөлісіп, ыстық ықылас лебіздерін білдіріп қайтты. |
Подробнее Просмотры: 312 Категория: Новости Дата: 01.11.2019 |
"Экскурсовод-музей айнасы" |
Қараша айының 1-ші жұлдызында М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкері "Жас экскурсовод" үйірмесінің оқушыларына "Экскурсовод-музей айнасы" атты тақырыпта танымдық сабақ жүргізді. Сабақта оқушылар экскурсоводтың мақсат міндеттері, сондай ақ экскурсияны жүргізу мәдениеті таныстырылды. |
Подробнее Просмотры: 364 Категория: Новости Дата: 01.11.2019 |
«Путешествие по музею» |
29-го октября текущего года, сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района провели специальную познавательную экскурсию «Путешествие по музею» для воспитанников детского сада «Сандугаш». В ходе экскурсии малышей познакомили с историей музея и различными экспонатами. Особенно внимательно и с трепетом, любознательные дети, слушали рассказ об оружии и доспехах казахских батыров. |
Подробнее Просмотры: 246 Категория: Новости Дата: 30.10.2019 |
Экскурсия |
2019 жылдың 30 қазан күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері Талдықорған қаласы № 21751 әскери әуе бөлімінің сарбаздарына арнайы музей залдары бойынша тегін экскурсия ұйымдастырды.Экскурсия барысында Жетісудың баға жетпес мұраларының тарихымен танысып, көпшілік біле бермейтін аңызы мен ақиқатын тыңдап, өз өлкесі жайында маңызы мол мәліметтер берілді. Экскурсия соңында 21751 әскери бөлім командирінің атынан өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру жолында ерен еңбектері үшін музей ұжымына шексіз алғыс білдірді. |
Подробнее Просмотры: 311 Категория: Новости Дата: 30.10.2019 |
«Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» |
«М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК және осы кәсіпорынға қарасты филиалдар ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілген қызметттер тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және аталған өзгерістерге «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін ағымдағы жылғы 1 қарашадан бастап тізілімінен алып тасталынылуы бойынша қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлайды. |
Подробнее Просмотры: 252 Категория: Новости Дата: 30.10.2019 |
"Өнегелі өнер иесі" |
Ү.ж 29 қазан күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері актер, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сағат Жылгелдиевтің 65 жасқа толуына орай Иса Исабаев атындағы өнер мектебінің оқушыларына "Өнегелі өнер иесі" атты тақырыптық экскурсия өткізді. Сағат Жылгелдиевтің өмірі мен еңбек жолы туралы айтылып, "Ақын Сара"спектаклінде Біржанның ролін сомдаған фотосуреттері көрсетілді. Сонымен қатар Біржан Салдың домбырасының фотосуреті балалардың қызығушылықтарын арттырды. |
Подробнее Просмотры: 341 Категория: Новости Дата: 30.10.2019 |