"Егіз жүрек"

Ү.ж. қазан айының 20 да І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Музейдегі түн" жобасы аясында І.Жансүгіровтің 125 жылдық мерей тойына орай "Егіз жүрек" атты шара ұйымдастырылды. Шара белгілі қоғам қайраткері, ақын Ілияс Жансүгіров пен жары Фатима Ғабитованың өмірі мен шығармашылықтарына арналды. Атылмыш шара "Екі жүрек-бір тағдыр" атты бейне фильмнің көрсетілуімен басталып, ақын мен оның жарының көзі тірісінде пайдаланған заттары, құжатары мен фотосуреттерінен құралған көрмемен жалғасын тапты. Сонымен қатар шара барысында "Мамания"орта мектебінің оқушылары ақынның шығармаларынан үзінділер оқыды.
Подробнее Просмотры: 316 Категория: Новости Дата: 23.10.2019

«Тұғыры биік нар тұлға»

2019 жылдың 23-ші қазан күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Көксу ауданы Мәмбет ауылы Жылқайдар Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінде «Тұғыры биік нар тұлға» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Жылжымалы көрменің мақсаты: еңбектен бақытын тауып, туған ел мен жерге деген борышын адал атқарған, колхоз құрылысының көрнекті басшысы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтың еңбек жолы мен артына қалдырған ұлағатты істерін насихаттау. Көрме барысында Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов ұйымдастырған шаруашылықтың алғашқы кезеңінен бастап бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы мәліметтер берілді. Көрмені тамашалаушы мектеп оқушылары, ұстаздары мен ауыл тұрғындары қызығушылықпен тыңдап, өздерін толғандырған сауалдарға толық жауап алып, өз ризашылықтарын білдірді.
Подробнее Просмотры: 499 Категория: Новости Дата: 23.10.2019

«Байтақ елдің Балпығы»

2019 жылдың 18 қазанында Б.Римова атындағы облыстық драма театрында Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен халқымыздың көсемі, шешені, биі, әрі қол бастаған батыры Балпық би бабаның 325 жылдығына орай «Байтақ елдің Балпығы» атты ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Осыған орай М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі көрме безендіріп көпшілік назарына ұсынды. Музейдегі аса құнды жәдігерлердің бірі Балпық бидің дулығасы келушілердің айрықша қызығушылығын тудырды. Шараға облыс ақсақалдары, халық қалаулылары, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар қатысты.
Подробнее Просмотры: 289 Категория: Новости Дата: 23.10.2019

«Музей түні»

2019 жылдың 21 қазан күні Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Музей түні» мәдени шарасы өтті. «Музейдегі түн» жобасы аясында қазақ балалар жазушысы Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевқа арналған «Балалар әдебиетінің классигі» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик, көркемфильм, деректі фильм көрсетілді. Дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ сынды ойындар ойнатылып, викториналық сұрақтар қойылды. Сұрақтарға дұрыс та, қызықты жауап бергендерге сыйлықтар берілді. Келуші қонақтар музейдің экспозициялық залдарын тамашалап, экскурсия тыңдады. Толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Би алаңы ұйымдастырылып, сергіп, бимен алаңды қыздырды. Музей көрермендері ыстық ықыластарын, жылы лебіздерін білдіріп, пікірлерімен бөлісіп, рухани демалып қайтты.
Подробнее Просмотры: 328 Категория: Новости Дата: 23.10.2019

"Ұлы дала - ойындары"

Үстіміздегі жылдың 21 қазанында Есік археологиялық - өлкетану музейінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Есік қаласының әкімінің аппараты, Түрген мәдениет үйі, Жастар ресурстық орталығының қолдауымен қалалық мектеп, колледждер арасында "Ұлы дала - ойындары" атты спорттық іс шара ұйымдастырылды. Шара мақсаты жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Подробнее Просмотры: 309 Категория: Новости Дата: 23.10.2019

«Алтын адам»

2019 жылдың 19 қазан күні Есік археологиялық - өлкетану музейінде Талғар каласы И.Ф Халипов атындагы №1 орта мектебінің 11 сынып оқушыларына «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында, «Алтын адам» тақырыбында танымдық сабақ ұйымдастырылды.
Подробнее Просмотры: 347 Категория: Новости Дата: 22.10.2019

«Көне ғасыр сыр шертеді»

2019 жылдың 18 қазанында Есік музей - қорығында мұражайлардың шеруі өтті. Бұл іс-шараға Есік археологиялық-өлкетану музейі қатысып, «Көне ғасыр сыр шертеді» атты көшпелі көрмесін ұйымдастырды. Реставратор А. Рахметов сақ тақырыптары бойынша кәдесый жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Подробнее Просмотры: 305 Категория: Новости Дата: 22.10.2019

«Даланың дархан данасы»

2019 жылдың 18 қазанында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалды музейінде жамбылтанушы, ғалым, жазушыларымен «Даланың дархан данасы» атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Жамбыл ауылының тұрғыны Мәми Абдірзақ, ақын , жазушы Сейдақұлов Марат Құрманқұлұлы және ауыл тұрғындары қатысты.
Подробнее Просмотры: 310 Категория: Новости Дата: 22.10.2019

«Қазақ балалар әдебиетінің классігі»

Н.А.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында 2019 жылдың 18 қазанында М. Тынышпаевтың атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде, Бердібек Ыдырыұлы Соқпақбаевтың 95-жас толуына орай «Қазақ балалар әдебиетінің классігі» көрме, сондай-ақ «Балалар әдебіетінің бәйтерегі» атты іс-шара ұйымдастырылды. Көрмеде №2 мектеп оқушылары жазушының жеке заттарын, шығармаларын, танымал жазушылардың естеліктерін көруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, оқушылар іс-шарада классіктің өлеңдері мен туындыларының рөлін сомдап шықты. Соңында қатысушылар іс-шаралар туралы өз пікірлерімен және әсерлерімен бөлісті.
Подробнее Просмотры: 318 Категория: Новости Дата: 22.10.2019

"Өлең-өмір айнасы"

2019 жылдың 17 қазан күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері еліміздегі барлық музейлер бойынша қолға алынған «Музей түні» жобасы аясында "Өлең-өмір айнасы" атты жас ақынмен кездесу кешін ұйымдастырылды.Шара барысында ауылдан шыққан жас ақынмен кездесу кешін ұйымдастырып, көпшілік назарына өмірі мен еңбек жолдары туралы айтылды.
Подробнее Просмотры: 358 Категория: Новости Дата: 22.10.2019