"Жетісу ақындары жырлайды"

Ү.ж 18 қазан күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері «Музейлер шеруі» атты жалпыреспубликалық акцияны іске асыру негізінде "Жетісу ақындары жырлайды" атты әдеби кеш өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты: өлкеміздегі ақындарды халыққа таныстырып, олардың өмірі мен шығармашылықтары турасында мағлұмат беру, жастарды шығармашылыққа баулып, әдебиетке қызығушылықтарын арттыру болатын. Әдемі әдеби кешке жетісу өңірінің ақындарымен бірге республикалық көлемдегі танымал ақындар арнайы келді. Олар: Гүлнәр Салықбай, Тоқтаралы Таңжарық, Нүсіпбай Әбдірахым, Гүлбақыт Қасен, Сағыныш Намазшамова, Айнұр Төлеу, Азамат Нұрмұхан. Ғ.Орманов пен Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің оқушылары ақындардың өлеңдерін оқыды. Оқушылар ақындарға сұрақ қойып, сауалдарына жауап алды. Ақындар өздерінің өлеңдерін оқып, ашық әңгіме өрбіді. Қапал ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Төлеген Мұқашевтің орнындауында тамаша ән орындалды. Шара соңына қарай келген қонақтар "Ауылым алатын б...
Подробнее Просмотры: 419 Категория: Новости Дата: 22.10.2019

«Ілияс архивінің ізімен»

2019 жылдың 18 қазан күні І.Жансүгіровтің әдеби музейінде «Музей түні» акциясы аясында Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Ілияс архивінің ізімен» атты кездесу кеші өтті. Кеш барысында Алматы облысы әкімінің қолдауымен жарық көрген І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптардың тұсаукесері және Мәскеу қаласынан әкелінген 20-ға жуық құнды кітаптардың таныстырылымы өтті. Сонымен қатар «Ілияс ізімен» атты халықаралық ғылыми-танымдық экспедиция мүшелері: «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Иманғазиновпен, әдеби музейдің ғылыми қызметкері С. Төлегеновамен сұқбат жүргізілді. «Ақын мұралары» атты көрме безендіріліп, «Ілияс өмірі мен шығармашылығы» атты деректі фильм көрсетілді. Шара соңында «Өлеңнің өрен жүйрігі» атты облыстық байқау жүлдегерлерінің арнаулары оқылып, музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 296 Категория: Новости Дата: 22.10.2019

«Еңбектің даңқты тұлғалары»

2019 жылдың 18 қазан күні «Музейдегі түн» жобасы аясындаН. Алдабергеновтың мемориалды музейіндеЕңбек Ерлерінің төлқұжаттары мен тұтынған бұйымдары сынды жәдігерлерден тұратын «Еңбектің даңқты тұлғалары» атты тақырыптық-экспозициялық комплекс ұйымдастырылып, толық мәтінде экскурсия жүргізілді. Мақсаты:Еңбек Ерлерінің аңызға айналған ұлағатты істерін насихаттау, жастарды еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Іс-шара барысында Еңбек Ерлері жайлы естеліктер айтылып, Алдабергенов ауылының құрылу тарихы жайында бейнефильм көрсетілді.
Подробнее Просмотры: 299 Категория: Новости Дата: 22.10.2019

Экскурсия

2019 жылдың 17 қазан күні Шелек тарихи - өлкетану музейіне, Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласының аясында, музейге Еңбекшіқазақ аудандық əйелдер Одағының төрайымы Роза Омарқызы, əйелдер кеңесінің мүшесі Дыбыскүл Ахметбайқызы, " Алтын белгі " медалінің иегері Айсина Шолпан, Іскер əйелдер кеңесінің төрайымы Шолпан Бөлетайқызы тағы да басқа бір топ іскер аналарымыз келіп, музей ішін тамашалап, қонақтарға музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді. Соңында қонақтарымыз өздерінің еңбек жолдарымен бөлісіп, Есік музейінде бірнеше жыл еңбек еткен Дыбыскүл Ахметбайқызы музей жайында көптеген мағлұматтарымен бөлісіп, аналарымыз музей қызметкерлеріне алғыстарын айтып, жұмыстарына табыс тілеп қайтты.
Подробнее Просмотры: 282 Категория: Новости Дата: 17.10.2019

«Балалар әдебиетінің атасы»

2019 жылдың 14 қазан күні Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалды музейінде Сарыбай ауылының мектеп оқушыларымен Бердібек Соқпақбаевтың (13 қазан) 95 жылдығына орай «Балалар әдебиетінің атасы» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты өскелең ұрпаққа Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны туралы мәлімет беру, олардың ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, қызығушылығын ояту.
Подробнее Просмотры: 399 Категория: Новости Дата: 17.10.2019

«Қадамы қарышты баспасөз»

К 90-летию Карасайского района, 16-го октября текущего года в историко-краеведческом музее Карасайского района прошла встреча студентов колледжей города Каскелен с ветеранами журналистики нашего района, на тему «Мгновенная пресса». На встрече присутствовали члены Союза журналистов – Берикбай Кадыков, Елеусиз Ахметкеримович, Утесин Кубиевич, Канат Токебаев, Танзиля Мухтарова. Наши уважаемые гости отметили, что их профессия требует знаний, умений и навыков, а молодежь задавала много интересующих их вопросов, на которые получили мудрые и поучительные ответы.
Подробнее Просмотры: 266 Категория: Новости Дата: 16.10.2019

"Поэзия ханшайымы"

Ү.ж қазан айының 16-сы күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері "Қазақтың ақын қыздары" жобасы аясында Күләш Ахметованың өмірі мен шығармашылығына арналған "Поэзия ханшайымы" атты әдеби кеш өткізді. Кешке Ғ.Орманов пен Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектептің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Ақынның шығармашылығына қатысты бейнематериал көрсетіліп, оқушылар ақынның өлеңдерін оқыды.
Подробнее Просмотры: 328 Категория: Новости Дата: 16.10.2019

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»

"Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады". Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарытып, білім нәрімен сусындатқан білікті ұстаз Жанар Рысмахановамен және «Алтын ауыл» орта мектеп оқушыларымен «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» атты тақырыпта "Анаға құрмет" музейінде жас ұрпаққа берер тағылымы мол кездесу кеші ұйымдастырылды.
Подробнее Просмотры: 337 Категория: Новости Дата: 16.10.2019

«Тарих және тұлға»

2019 жылдың қазан айының 15-ші жұлдызында Сарқан ауданының тарихы музейінде Әл-Фараби орта мектебінің 5-сынып оқушыларына музей залдары мен «Черкасск қорғанысы» экспозициялық кешені бойынша «Тарих және тұлға» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Оқушыларға Сарқан ауданының тарихы және өлкемізден шыққан белгілі тұлғалар жайында мәліметтер берілді.
Подробнее Просмотры: 372 Категория: Новости Дата: 15.10.2019

"Кәсіп түбі – нәсіп"

Ү.ж 15 қазан күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде Лепсі мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне аудан экономикасының дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкер азаматтар жайлы "Кәсіп түбі – нәсіп" атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Мақсаты: Ауданымызда өз кәсібінің жемісін көріп отырған кәсіпкерлер жайлы мәлімет беру; Адам еңбегін бағалау, үлгі алу, еңбекшіл болуға, білімді болуға, үлкендер еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.
Подробнее Просмотры: 374 Категория: Новости Дата: 15.10.2019