Пресс-центр
"Кәсіп түбі – нәсіп" |
Ү.ж 15 қазан күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде Лепсі мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне аудан экономикасының дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкер азаматтар жайлы "Кәсіп түбі – нәсіп" атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Мақсаты: Ауданымызда өз кәсібінің жемісін көріп отырған кәсіпкерлер жайлы мәлімет беру; Адам еңбегін бағалау, үлгі алу, еңбекшіл болуға, білімді болуға, үлкендер еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу. |
Подробнее Просмотры: 374 Категория: Новости Дата: 15.10.2019 |
«Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі алсын қайдан кемеңгерді» |
2019 жылдың 12 қазан күні облыстық Б.Римова атындағы драма театрында қазақтың дүлдүл ақыны, «поэзия Құлагері» Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына орай «Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі алсын қайдан кемеңгерді» атты ғылыми-практикалық конференцияда І.Жансүгіров әдеби музейінің негізгі қорынан алынған құнды жәдігерлерден тұратын «Ілияс тағылымы» атты жылжымалы көрме безендірілді. Көрмеге ақынның құжаттары, баспа ісіне пайдаланған машинкасы, жейдесі, қолжазбалар қоры, әр жылдары шығарылған кiтаптары және ақын шығармашылығын зерттеушiлердiң еңбектерi көпшілік назарына ұсынылды. |
Подробнее Просмотры: 328 Категория: Новости Дата: 14.10.2019 |
«Алаш ардақтысы» |
Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Барлыбек Сыртановтың туылғанына 153 жыл толуына орай «Алаш ардақтысы» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Көрмеде №2 мектеп оқушылары Б.Сыртановтың суреттерін, күнделігін, ол туралы естеліктер, Б.Сыртановтың ұлы Әбдіқадір әкесі туралы жазған жазбаларын көуге мүмкіндік алып, экскурсия тыңдады. Қоғам қайраткерінің еңбек жолына арналған «Жетісу» телеарнасы түсірген «Арнайы репортаж» атты бейнефильмі көрсетілді. |
Подробнее Просмотры: 296 Категория: Новости Дата: 14.10.2019 |
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын әуенімен орындайтын жыршы, композитор Нағашыбай Алпысовпен кездесу кеші өтті. |
Ағымдағы жылдың 10 қазан күні ақынның әдеби музейінде Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына Қостанайдан арнайы келген І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын әуенімен орындайтын жыршы, композитор Нағашыбай Алпысовпен кездесу кеші өтті. Шараға Алматы облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі, Ілиястың жерлесі, ақын Ғабит Тұрсынбай, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ақын Серікбай Тұрлан, балалар жазушысы, әдебиет сыншысы, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Елдос Тоқтарбай шақырылды. Кеш барысында танымды баяндамалар жасалып, Нағашыбай Алпысовтың орындауындағы «Құлагер» поэмасы тыңдалды. Ал, Алматы облыстық ҚХ Ассамблеясының жанындағы «қазақ мәдениеті мен салт-дәстүр орталығының» төрағасы, әнші Шыныбаев Серікбол Төлеутайұлының орындауындағы «Үш арыс» әні көпшілікті тәнті етті. Сонымен қатар Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Өлеңнің өрен жүйрігі&r... |
Подробнее Просмотры: 355 Категория: Новости Дата: 14.10.2019 |
"Сырға толы мұражай" |
Үстіміздегі жылдың қазан айының 11-ші жұлдызында М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері "Жас экскурсовод" үйірмесінің оқушыларына "Сырға толы мұражай" атты тақырыпта танымдық сабақ жүргізді. Оқушылар арнайы құрылған көрме мен видеороликті тамашалап, музей түрлері және терминдары жайлы қызықты материалдармен танысты. |
Подробнее Просмотры: 394 Категория: Новости Дата: 14.10.2019 |
"Ер Тәнеке" |
Ү.ж. 10 қазанында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Ер Тәнеке" атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.Экскурсия барысында жас ұрпаққа Ер Қаптағайдың ұрпағы, Бөрібай батырдың шөбересі, он бес жасында ел билігіне араласып, ірі жорықтарға қатысқан батыр Тәнеке Дөсетұлының өмірі мен ерлік істері жайында көптеген мағлұматтар берілді. |
Подробнее Просмотры: 330 Категория: Новости Дата: 14.10.2019 |
"Туған жер -алтын бесік" |
Қазан айының 11-ші жұлдызында Шелек тарихи -өлкетану музейінің қызметкерлері О. Жандосов мектебінің 9 сынып оқушыларына Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" мақаласының аясында "Туған жер -алтын бесік " атты тақырыпта дәріс оқыды. Мақсаты: оқушылардың туған өлкесіне сүйіспеншілігін, тарих, мәдениет дәстүрлері, өз халқының жетістіктеріне мақтаныштық сезімдерін арттыру. |
Подробнее Просмотры: 261 Категория: Новости Дата: 14.10.2019 |
«Жамбылдың латын тілінде жазылған» |
2019 жылдың 8 қазанында Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалды музейінде «Жамбылдың латын тілінде жазылған » атты шығармалары атты семинар- конференция ұйымдастырылды. Латын әліпбиіне көшу еліміздің тарихында маңызды қадам болғандықтан шарада жас ұрпаққа Жамбыл бабамыздың шығарламаларының латын әліпбиімен жазылғандығы туралы қызықты ақпарат берілді. |
Подробнее Просмотры: 347 Категория: Новости Дата: 09.10.2019 |
«Жамбыл Жабаев бейнелеу өнерінде» |
2019 жылдың 7 қазанында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде « Жамбыл Жабаев бейнелеу өнерінде» атты тақырыптық экскурсия жүргізіліп, суретші Ә.Кастеевтің салған картиналарынан көрме қойылды. Іс-шараның мақсаты картинадағы әр дәуірдегі Жамбыл ақынның бейнесін дәріптеу. |
Подробнее Просмотры: 359 Категория: Новости Дата: 09.10.2019 |
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» |
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы бойынша екі жыл бойы ауқымды жұмыстар жүргізіліп, бірінші кезең жемісті аяқталып отыр. Осы ретте Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Туған жер» қазақстандық өлкетанушылар бірлестігі» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесе отырып, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.Конференцияның басты мақсаты – «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» арнайы жобасын жүзеге асыру қорытындысын шығару, тарихи-мәдени мұраны зерттеу және көпшілікке тарату саласында халықаралық тәжірибе алмасу.Конференцияға М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Аязбаева Рысжан Әбсеметқызы және Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық директоры Оспанов Ғалымжан Айданақұлы қатысты. Халықаралық жиынға «Айги... |
Подробнее Просмотры: 369 Категория: Новости Дата: 08.10.2019 |