Пресс-центр
Выставка живых тропических бабочек |
Дорогие друзья, приглашаем Вас посетить выставку живых тропических бабочек!!! Экспозиция организована таким образом, что Вы окажетесь, участником жизни этих красавиц. На выставке "живые бабочки" будут свободно летать, их можно будет потрогать и даже с ними сфотографироваться. Более того, прямо здесь же, в специальном инкубаторе, на виду у всех, красавицы тропиков будут появляться на свет. И тот, кому повезет, станет свидетелем этого чуда. На выставке представлено более пятнадцати видов тропических бабочек. Среди них есть особо выдающиеся — например, экземпляры величиной в тридцать сантиметров. Есть и долгожители: один из представленных видов живет не менее тридцати дней, тогда как обычный срок для порхающих "цветов" — не более недели. Цена билета: Взрослый- 1400 тенге. Детский – 1200 тенге. Льготный билет: (при предъявлении соответствующего документа) Пенсионный -1000 тенге. Инвалиды 2-3 группы – 800 тенге. Инвал... |
Подробнее Просмотры: 347 Категория: Новости Дата: 07.10.2019 |
«Тәуелсіздікті тұғырлы еткен тұлға» |
2019 жылдың 3-қазанында Алматы облысының, Қарасай ауданындағы, Шамалған ауылында орналасқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көсбасшысының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейіне жылжымалы көрме әкелді. «Тәуелсіздікті тұғырлы еткен тұлға» тақырыбындағы көрмесі Қазақстан Тұңғыш Президенті – Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолын насихаттайды. Көрмені ауыл тұрғындары және Жамбыл орта мектебінің оқушылары тамашалады. |
Подробнее Просмотры: 310 Категория: Новости Дата: 07.10.2019 |
Талдықорған – Есік бағыты |
Қазан айының 5-ші жұлдызында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Жетісу жауһарлары» атты жобасы аясында Талдықорған – Есік бағыты бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9, 10 сынып оқушыларына экскурсиялық саяхат жүргізілді. Саяхат барысында жол бойындағы ескерткіштер мен тарихи орындар жайлы экскурсия жүргізіліп, оқушылар сақ обаларының орны табылған Есік Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Есік археологиялық- өлкетану музейін аралап, Іле Алатауының баурайында орналасқан Есік көлі және Түрген шатқалдарының әсем табиғатын тамашалады. |
Подробнее Просмотры: 412 Категория: Новости Дата: 07.10.2019 |
"Отбасымен музейге!" |
Ү.ж қыркүйек айының 4-і күні Ақын Сараның мемориалды музейінде "Жас экскурсия жүргізуші" үйірме оқушыларымен бірге "Отбасымен музейге!" атты музей кеші өткізілді. Шараның мақсаты отбасылық құндылықтарды сақтау мақсатында адамдардың музейге тығыз байланыстылықтарын арттырыру. Оқушылармен танымдық ойын ойнатылды. Екі топқа бөлінген балалар арасынан команда капитаны сайланып, өз топтарына атау қойды. Ойыншыларға музей экспозициясы бойынша сұрақтар жасырылды. Әр топ сұрақтар арқылы өздерінің білім деңгейін көрсетті. "Сараның ізбасарлары" атты топ жеңіске жетті. Шара соңына қарай үйірме оқушылары ата-аналарына залдар бойынша экскурсия жүргізді. |
Подробнее Просмотры: 322 Категория: Новости Дата: 07.10.2019 |
Қарттар күні |
Өскелең ұрпаққа ұлағатты өсиетін айтып, ізінен ерген жас буынға ізетін аямайтын қарттар біздің асыл қазынамыз. Сондықтан оларға қашан да құрмет көрсету біздің басты парызымыз. Жылына бір рет келетін Қарттар күні мерекесіне орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері Ақсу ауылындағы бірнеше қарт кісілердің шаңырағына арнайы барып мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыстап қайтты. |
Подробнее Просмотры: 290 Категория: Новости Дата: 07.10.2019 |
«Қорғаныс батырлары» |
2019 жылдың қазан айының 3-ші жұлдызында, Черкасск ауылдық округі мен мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Халықаралық қарттар күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараға Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері белсене қатысып, Черкасск қорғанысына қатысушыларға арналған «Қорғаныс батырлары» атты көрмені көпшілік назарына ұсынды. Сонымен қатар қазыналы қарттардың құрметіне «Черкасск қорғанысы» экспозициялық кешенінде «Ашық есік» күні өткізілді. |
Подробнее Просмотры: 392 Категория: Новости Дата: 04.10.2019 |
«Қарты бардың қазынасы бар» |
2019 жылдың 3 қазан күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Қарты бардың қазынасы бар» атты іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты: көпті көрген қарияларымыздың өмір жолымен таныса отырып, жастардың бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, ата – ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды қасиеттерді дарыта білу, аяулы қарттарымызға құрмет көрсету болып табылады. Шара барысында ауыл қарттары арнайы шақырылып, мәдениет үйі қызметкерлері әннен шашу шашып, Байысов атындағы орта мектеп оқушылары өлең оқып, күй шертті. Сонымен қатар тақырыпқа сай бейнефильм көрсетілді. Шара соңында музей залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, музей қызметкерлері мен оқушыларға қарттарымыз өз ризашылықтарын білдіріп, бата берді. |
Подробнее Просмотры: 397 Категория: Новости Дата: 04.10.2019 |
"Дала көсемдерінің қазыналары" |
3 октября 2019 года в Есикском археолого-краеведческом музее для воспитанников школы-интерната для слабозрячих был прочитан рассказ "Дала көсемдерінің қазыналары". Была дана информация о курганах Есик, Аралтобе, Берел и Шиликти. В завершение была проведена экскурсия по залам музея. |
Подробнее Просмотры: 279 Категория: Новости Дата: 04.10.2019 |
«Қарттарым асыл қазынам» |
2 октября 2019 года в Иссыкском археолого - краеведческом музее было организовано мероприятие «Қарттарым асыл қазынам», посвященное Дню пожилых людей. В ходе мероприятия бабушки из ансамбля «Золотой человек» встретились с учащимися средней школы имени Р.Токатаева и подробно рассказали о традициях и обычаях казахского народа. |
Подробнее Просмотры: 276 Категория: Новости Дата: 04.10.2019 |
«Қазақ прозасының майталманы» |
Үстіміздегі жылдың қазан айының 3-де Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Б. Майлиннің 125 жылдығына орай, «Қазақ прозасының майталманы» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті. Кеш барысында оқушыларға Б. Майлин туралы деректі фильм және видеоролик көрсетіліп, көптеген деректер айтылды. Музей меңгерушісі қаламгердің қара ормандай халқына қалдырып кеткен шұрайлы шығармалары ұрпақтан ұрпаққа аманат болатынын айтып сөзін түйіндеді. |
Подробнее Просмотры: 290 Категория: Новости Дата: 03.10.2019 |