«Қазақ прозасының майталманы»

Үстіміздегі жылдың қазан айының 3-де Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Б. Майлиннің 125 жылдығына орай, «Қазақ прозасының майталманы» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті. Кеш барысында оқушыларға Б. Майлин туралы деректі фильм және видеоролик көрсетіліп, көптеген деректер айтылды. Музей меңгерушісі қаламгердің қара ормандай халқына қалдырып кеткен шұрайлы шығармалары ұрпақтан ұрпаққа аманат болатынын айтып сөзін түйіндеді.
Подробнее Просмотры: 290 Категория: Новости Дата: 03.10.2019

«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы»

2 қазан күні Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері Черкасск орта мектебінің 5- 6 сынып оқушыларына Ұстаздар күніне орай «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» атты танымдық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларға білім саласында жылдар бойы еңбек еткен ауданнан шыққан ұлағатты ұстаздардың еңбек жолы таныстырылып, экспозициялық комплекс бойынша экскурсияжүргізілді.
Подробнее Просмотры: 386 Категория: Новости Дата: 03.10.2019

«Киелі жерге тағзым – ұлт құндылығы»

2019 жылдың 2 қазан күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Киелі жерге тағзым – ұлт құндылығы » атты ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференцияның мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстары арқылы рухани және ағарту саласын дамыту, Алакөл ауданының киелі жерлерін насихаттау. Конференцияға Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы Р.С.Жұматаев, Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының қызметкері С.Қ.Мүлкібаев, «М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК орынбасары К.Б.Исабекова , Алакөл ауданы әкімінің орынбасары А.С.Абдинов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Ж.Жексенбаева, Қабанбай ауылдық округінің әкімі Қ.Қ.Қабдылдаев, Алакөл аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Ұ.Б.Дүйсебаева және Қабанбай ауылының мекеме басшылары мен тарихшы, өлкетанушы ұстаздар қатысты. Конференцияның ашылу салтанаты музейде өткізіліп, қонақтарға...
Подробнее Просмотры: 382 Категория: Новости Дата: 03.10.2019

«Бабалардың ерлігі – тәуелсіздіктің тірегі»

2019 жылдың 2 қазан күні Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы батыр баба - Балпық бидің 325 жылдығын атап өтті. Татулықтың ордасындай болып, достықтың туын желбіретіп келе жатқан өңір – «Әулиелер мекеніне» облыс орталығы Талдықорған қаласынан, Алматыдан, аудандардан Балпық би бабаның 325 жылдығына орай ұйымдастырылатын «Бабалардың ерлігі – тәуелсіздіктің тірегі» атты шарасына делегация өкілдері келді. Келген қонақтар Үштөбе қаласын аралап, М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі безендірген батырлар қару-жарақ көшпелі көрмесін тамашалады. Балпық би бабамыздың дулығасы келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Артынша, қонақтар аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиында бас қосты.
Подробнее Просмотры: 404 Категория: Новости Дата: 03.10.2019

"Құрметтейік қарттарды"

1 қазан – Қарттар күніне орай , Шелек тарихи -өлкетану музейі мен Шелек ауылдық əкімшілігінің ұйымдастыруымен, "Құрметтейік қарттарды " атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Шараны ұйымдастырудағы мақсат: көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін жастардың бойына сіңіріп, ата-баба аманатына адал, еңбекқор болуға жастарды баулу болды.
Подробнее Просмотры: 368 Категория: Новости Дата: 02.10.2019

«Отбасы - рухани жаңғыру тірегі»

Ағымдағы жылдың 1 қазан күні «1 қазан - Халықаралық қарттар күніне» орай «Отбасы - рухани жаңғыру тірегі» атты аймақтық байқау өтті. Іс-шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын сақтау, жандандыру және дамыту болып табылады. Аймақтық байқауға Талап, Жамбыл, Шиен ауылынан отбасылар қатысты. Қарақыстақ ауылынан Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейінің меңгерушісі Садуақасова Аяужан Заманбекқызы қатысып бас жүлдені қанжығасына байлады.«Отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы» Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттері ең алдымен, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу болып табылады.
Подробнее Просмотры: 353 Категория: Новости Дата: 02.10.2019

«Қарттарым - асыл қазынам»

2019 жылдың 1 қазанында ауылымызда қарттар күніне орай ауыл әкімшілігі және мәдениет үйінің ұжымдарымен бірлесе отырып мәдениет үйінде «Қарттарым - асыл қазынам» атты мерекелі кеш өткіздік. Іс-шараның мақсаты Қазақстанның өсіп-өркендеуіне ,еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы екендігін жас ұрпаққа жеткізу.Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.Ауыл әкімі және Ж.Жабаев музейінің меңгерушісі Жамбылова Салтанат құттықтау сөз сөйледі.
Подробнее Просмотры: 244 Категория: Новости Дата: 01.10.2019

«Қасиет те, өсиет те қарттарда»

Ілияс Жансүгіровтің әдеби музейінде «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай қайырымдылық акция аясында «Қарттарын қадірлеген – ел ардақты» атты мерекелік кеш өтті. Шараға «Текелі қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесінің» тұрғындары арнайы шақырылды. Музейдің мәжіліс залы мерекеге сай безендіріліп, «Қасиет те, өсиет те қарттарда» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Шара барысында №12 орта мектеп-гимназиясының оқушылары жырдан шашу шашып, әсем әндер орындады. Сонымен қатар, «Нұр» мешітінің бас имамы Алмас Сағидолдаұлы абзал ақсақалдар мен ақжаулықты аналарды мейрамымен құттықтап, мешіт атынан сыйлықтар табыстады.Кеш соңында аяулы ардагерлерімізге музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 339 Категория: Новости Дата: 01.10.2019

Археологиялық жәдігерлерді М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне өткізіп беру шарасы

Бүгін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларының аясында, «Алматы-Өскемен» тас жолы бойында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне орай, Ақсу ауданының аумағында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде табылған археологиялық жәдігерлерді М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне өткізіп беру шарасы өтті.«Археологиялық экспедиция» ЖШС-нің археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған жәдігерлерді ресми түрде тапсыру рәсімі өткізіліп, қыштан, металдардан жасалған музейлік маңызы бар заттар музей қорына қабылданып алынды.Сонымен қатар, шараға арнайы шақырылған жеке коллекционер, «Үздік өлкетанушы» М.Хасенов те өз коллекциясынан Талдықорған қаласының төл мерекесі қарсаңында «қала кілтін»музей қорына табыс етті.
Подробнее Просмотры: 302 Категория: Новости Дата: 01.10.2019

Международный день пожилых людей - 1 октября

В честь Международного дня пожилых людей - 1-го октября, сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района поздравили и преподнесли подарки пожилым землякам, которые много лет проработали на благо нашего района. Уважать и почитать старших – традиция идущая из глубин веков.
Подробнее Просмотры: 269 Категория: Новости Дата: 01.10.2019