Экскурсия

1 қазан - Қариялар күніне орай М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері «Текелі қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесінің» тұрғындарына арнайы музей залдары бойынша тегін экскурсия ұйымдастырылды.
Подробнее Просмотры: 257 Категория: Новости Дата: 01.10.2019

«Қариялы ел – қазыналы ел»

1 қазан - Қариялар күніне орай М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері «Қариялы ел – қазыналы ел» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Шараға Сүйінбай атындағы әдеби мемориалды музейінің негізін қалаушылардың бірі, зейнеткер Құрамысов Жолдасхан Әукенұлы, жеке коллекционер Қасенов Марат Жанахметұлы және Талдықорған қалалық «Сервис және технология» колледжінің студенттері қатысты. Шарада студенттер қарттарымыздың өмір және еңбек жолымен танысып, өнегелі әңгімелерін тыңдап, өздеріне керекті тәрбие- тағылым алды. Шара соңында коллекционер Марат Қасенов музей қорына 1972 жылы жасалған Талдықорған қаласының «кілтін» сыйға тартты.
Подробнее Просмотры: 557 Категория: Новости Дата: 01.10.2019

«Өнегелі өмір»

2019 жылдың 27 қыркүйек күні Сарқан ауданы, Қойлық ауылында Мемлекет және қоғам қайраткері атақты жазушы Кәкімжан Қазыбаевтың 90-жылдығына арналған іс-шараға Сарқан ауданының тарихы музейі «Өнегелі өмір» атты көрме ұйымдастырды. Көрме экспозициясымен жазушының отбасы, ұрпақтарымен қатар арнайы шақырылған қонақтар да таныстырылды. Көрме соңында жазушының жұбайы Орынша Карабалина мен Зейнеп Ахметова музейге естелік сыйлықтар табыс етті.
Подробнее Просмотры: 333 Категория: Новости Дата: 01.10.2019

«Жануарлар: қазақ халқының таңбалары мен символдары»

30-сентября текущего года сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района, в рамках проекта «Звериный стиль» программы «Семь граней Великой степи», провели для учащихся средней школы им. Н. Алимкулова беседу на тему «Животные: знаки и символы казахского народа». В ходе беседы, учащимся рассказали о легендах и использовании «Звериного стиля» в декоративно-прикладном искусстве народа.
Подробнее Просмотры: 404 Категория: Новости Дата: 30.09.2019

"Мейірім шуағы"

30 қыркүйек күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде «Алматы қаласы Әуезов аудандық мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығы» КММ 277 мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен "Мейірім шуағы" атты іс-шара өтті.Мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларға мейірімділік таныта отырып, қоғамды жақсылық жасауға шақыру.
Подробнее Просмотры: 355 Категория: Новости Дата: 30.09.2019

Батыр баба - Балпық бидің 325 жылдығы

2019 жылдың 25 қыркүйегінде Кербұлақ ауданы батыр баба - Балпық бидің 325 жылдығын атап өтті. Татулықтың ордасындай болып, достықтың туын желбіретіп келе жатқан өңір – Күреңбелге облыс орталығы Талдықорған қаласынан, Алматыдан, аудандардан Балпық би бабаның 325 жылдығына орай ұйымдастырылатын тағзым ету сапарымен делегация өкілдері келді. келген қонақтар Сарыөзек ауылындағы «Ұлы даланың - ұлы даралары» саябағын аралап, М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі безендірген батырлар қару-жарақ көшпелі көрмесін тамашалады, балпық би бабамыздың дулығасы келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Артынша, қонақтар Ә.Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиында бас қосты.
Подробнее Просмотры: 394 Категория: Новости Дата: 30.09.2019

«Юный экскурсовод»

В рамках статьи Н.А.Назарбаева «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» при Алматинском областном историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева был организован кружок «Юный экскурсовод». 27 сентября 2019 года сотрудники провели первое занятие с учащимися школы №12 г.Талдыкоргана, в котором приняла участие классный руководитель Жамангаранова Г.Б. Для членов кружка была организована экскурсия по музею. На первом занятии учащиеся прослушали лекцию «Понятие о музее, экскурсоводе и экскурсии», затем учащимся были представлены экспонаты из фондов музея, порядок принятия и оформления документов на экспонаты.Ребята на практическом занятии с интересом прослушали информацию, получили задания на дом, записали необходимые данные для дальнейшей работы, задавали интересующие их вопросы, а также выразили свое мнение о работе кружка.
Подробнее Просмотры: 281 Категория: Новости Дата: 30.09.2019

«Жетісудың жыр дүлдүлдері»

27қыркүйек 2019 жылы ШҚО, Семей каласы А.Құнанбаевтың әдеби-мемориалды музейінде Қасиетті өлкенің өнері мен мәдениетінің дамуына аса зор үлес қосқан, бүкіл әлемге есімдері әйгілі болған жыр алыбы Жамбыл Жабаев, қазақ жырының қара жорғасы Үмбетәлі Кәрібаев, құлагер ақын Ілияс Жансүгіров, Хан Тәңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаев, Сара Тастамбекқызы сынды өнер қайраткерлерінің жеке заттары, қолжазбалары, музыкалық аспаптары, киімдері, тұтынған тұрмыстық бұйымдары және т.б. материалдар қойылған, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жетісудың жыр дүлдүлдері» атты тақырыпта корме ұйымдастырылды. Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – Алматы облысының тарихын, өнері мен мәдениетінің дамуына үлес қосқан белгілі тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, тарихи тұлғалардың есімдерін дәріптеу және музейаралық байланысты нығайту болып табылады. Көрмеге жалпы саны – 120-дан астам құнды жәдігерлер қойылды.
Подробнее Просмотры: 445 Категория: Новости Дата: 29.09.2019

Экскурсия

Жаркент мешіті сәулет-көркемөнер музейіне РФ.Армения, Азербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан республикасы мен ҚР шекара қызметінің генералдары мен полковниктері келіп, музей тарихымен танысып қайтты.
Подробнее Просмотры: 343 Категория: Новости Дата: 29.09.2019

"Көне ғасыр сыр шертеді"

В рамках статьи Первого Президента РК "Семь граней Великой степи" 28 сентября текущего года сотрудниками Есикского археолого-краеведческого музея для учащихся средней школы №23 с. Тонкерис Талгарского района была порганизована выставка "Көне ғасыр сыр шертеді" и проведена работа по пропаганде истории казахского народа.
Подробнее Просмотры: 270 Категория: Новости Дата: 29.09.2019