Пресс-центр
"Ата Заң - ел болашағының негiзгi баспалдағы" |
Ү.ж. 27 тамызы күні ҚР Конституция күніне орай Лепсі тарихи музейінде "Ата Заң - ел болашағының негiзгi баспалдағы" атты іс-шара өтті. Шара барысында мектеп оқушыларына, әкімшілік қызметкерлерiне Конститутцияның тарихы мен маңыздылығы жайлы айтылып, бейнефильм көрсетілді. Сондай-ақ, 1924,1937,1978,1993,1995 жылдары қабылданған Конституциялар жөнінде Лепсі тарихи музейінiң экскурсия жүргiзушiсi - Айдарханова Салтанат баяндама оқып, қатысушылар Ата заң туралы өз ойларымен бөлiстi. Шара соңында "Ата заң - тәуелсіздiгiмiздiң тұғыры" тақырыбында көрме көпшiлiк назарына ұсынылды. |
Подробнее Просмотры: 71 Категория: Новости Дата: 27.08.2022 |
«Ата Заң-Мемлекеттің басты тұғыры» |
Конституция күні-халқымыз үшін ең қастерлі, ең ұлық мереке. Мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындайтын Ата Заңымыздың қабылданғанына биыл 27 жыл толып отыр. Аталмыш мерекеге орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Ата Заң-Мемлекеттің басты тұғыры» атты тақырыпта іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында еліміздің басты заңының тарихы туралы, жеке адамның конституциялық құқықтары мен міндеттеріне құрметпен қарау және оларды орынды пайдалана білуге үйрету, патриоттық, адамгершілік, құқықтық тәрбие беру мақсатында тақырыптық экскурсия жүргізіліп, «Айбары асқақ-Ата Заң» атты бейнебаян көрсетіліп, жан-жақты мол мағлұматтар берілді. Сонымен қатар, шараға арнайы келген жастар патриоттық әндер орындап, жас көркемсөз шеберлері Ата Заң жайында өлеңдер оқыды. Шараға ауыл жастары, мектеп оқушылары және Ақсу аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Е.А.Төлепберген, Ақсу ауылдық округі әкімшілігі қызметкерлері қатысты. |
Подробнее Просмотры: 64 Категория: Новости Дата: 26.08.2022 |
«Тәуелсіздіктің тірегі – Ата Заң» |
25 тамыз күні ҚР Конституция күніне орай, Н.Алдабергеновтың мемориалды музейінде мемлекетіміздің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат Ата заң екенін білу мақсатында «Тәуелсіздіктің тірегі – Ата Заң» атты танымдық шара ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар құқықтық мәдениеттің басты құжаты - Конституцияның тарихымен және оның маңыздылығымен танысты. Сондай-ақ қатысушылардың назарына бейнефильм көрсетіліп, «Ата Заң – алтын тұғыр» атты кітап көрмесі ұсынылды. |
Подробнее Просмотры: 63 Категория: Новости Дата: 26.08.2022 |
“Тәуелсіздіктің тірегі - Ата заң!” |
30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, М. Тынышпаев атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану музейінде Е.Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектеп оқушыларына “Тәуелсіздіктің тірегі - Ата заң!” атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында мемлекеттің басты құжаты - Конституцияның маңыздылығы мен тарихы жайлы айтылып, оқушыларға музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді. |
Подробнее Просмотры: 66 Категория: Новости Дата: 26.08.2022 |
«Ата заң – алтын діңгегім!» |
25 тамыз күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған «Ата заң – алтын діңгегім!» атты танымдық сағат ұйымдастырды. Танымдық сағатқа қатысқан Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің оқушыларына мемлекетімізді демократиялық, зайырлы және құқықты ел ретінде айқындайтын басты құжат – Конституция екені түсіндірілді. Слайд арқылы «Балалар құқығы туралы Конвенция», соның ішінде балалардың барлық құқықтары мен міндеттемелері таныстырылды. Шара барысында «Өз құқығынды білесің бе? Бостандық дегенді қалай түсінесің?»,-деген сұрақтар төңірегінде пікірталас өткізіліп, «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?» атты ойын ойнатылды. |
Подробнее Просмотры: 56 Категория: Новости Дата: 25.08.2022 |
«Ретро техника» |
Үстіміздегі жылдың 18 тамызында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Ретро техника» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде 1950-1985 жылдары қолданыста болған электротехникалар топтамалары, сонымен қатар аудио-видео ақпараттық құралдары, және байланыс құралдары мен тұрмыстық құралдар топтамасы келушілер назарына ұсынылды. Көрменің бір ерекшелігі- музейге келушілерге экспонаттарды қолмен ұстап көруге мүмкіндік туды. |
Подробнее Просмотры: 58 Категория: Новости Дата: 18.08.2022 |
«Туған жерді танып, біл!» |
2022 жылдың 17 тамызы күні Ақын Сараның мемориалды музейінде «Тамшыбұлақ» лагерінің балаларына «Туған жерді танып, біл!» атты квест ойын ұйымдастырылды. Квест ойынға қатысқан балалар практикалық тапсырмалар арқылы Ақсу, Қапал тарихы мен сол өңірден шыққан тұлғалар туралы мағлұмат жинақтады. Ойын барысында қатысушылар мақсатқа жету үшін белгіленген кедергілерден өтуге тырысты. Нәтижесінде балалар білімдерін тереңдетіп, коммуникативті дағдыларды бойына сіңіріп, топта нәтижелі жұмыс істеуге үйреніп, бос уақыттарын тиімді де қызықты пайдаланды. 2022 жыл - балалар жылы болып жариялануына байланысты музей қызметкерлері бірнеше ойын топтамасын құрастырып, жылдың аяғына дейін аталған ойынды жүргізуді жоспарлап отыр. |
Подробнее Просмотры: 55 Категория: Новости Дата: 18.08.2022 |
«Қызықты калейдоскоп» |
Үстіміздегі жылдың 11 тамызы күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері «Тамшыбұлақ» жазғы демалыс лагеріндегі балаларға «Қызықты калейдоскоп» атты танымдық ойын-сайысын өткізді. Шараның мақсаты - жеткіншектердің логикалық ойлау қабілетін дамытып, білімге деген құштарлығын арттыру, бір-біріне деген достық қарым-қатынасты нығайту. Сайыста балалар адамгершілік құндылықтар жөнінде тәжірибе жинақтай отырып, берілген тапсырмаларды орындап, жеке және топтық жұмыстар жүргізуде алға қойған мақсатқа жете білуге машықтанды. |
Подробнее Просмотры: 78 Категория: Новости Дата: 11.08.2022 |
«Абай салған сырлы әндер» |
І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде 10 тамыз - Абай күніне орай музей қызметкерлері мен Ақсу ауылдық мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Абай салған сырлы әндер» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шара барысында Ұлы ақынның күйлері орындалып, әндері шырқалды. Сондай-ақ Абай Құнанбайұлының өлеңдері оқылып, келушілерге өмірі мен шығармашылығы насихатталды. |
Подробнее Просмотры: 61 Категория: Новости Дата: 11.08.2022 |
Экскурсия |
09.08.2022 ж. М. Тынышпаев атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану музейіне Цюрих университетінің (Швейцария) оқытушылары мен білім алушылары және Мармара университетінің (Стамбул, Түркия) шетелдік ғалымы - Ерхан Доган келді. Қонақтарға музей залдары бойынша тиісті деңгейде экскурсия жүргізілді. |
Подробнее Просмотры: 74 Категория: Новости Дата: 10.08.2022 |