Пресс-центр
«Шеберлік – шегі жоқ байлық» |
26 сентября 2019 года Есикским археолого-краеведческим музеем в рамках акции «Ночь в музее» впервые состоялось открытие выставки «Шеберлік – шегі жоқ байлық» Кадырова Курмангазы Кайруллаулы, члена Союза художников и дизайнеров Республики Казахстан. В открытии выставки приняли участие работники районного управления культуры и развития языков, районного отдела внутренней политики, районной библиотеки, Есикского государственного историко-культурного музея-заповедника, музея Ұста Дәркембай и студенты Есикского гуманитарно-экономического колледжа, средства массовой информации. |
Подробнее Просмотры: 415 Категория: Новости Дата: 29.09.2019 |
«Өнегелі өмір» |
2019 жылдың қыркүйек айының 27-ші жұлдызында, Сарқан ауданының тарихы музейінде көрнекті қоғам қайраткері Кәкімжан Қазыбаевқа арналған «Өнегелі өмір» атты көрме ұйымдастырылды. Шараға Черкасск орта мектебінің 10-сынып оқушылары және директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Дархан Амангелдіұлы қатысты. Музей қызметкерлері қонақтарды жазушы К. Қазыбаевтің өмірбаянымен және музей қорынан алынған жеке заттарымен таныстырды. |
Подробнее Просмотры: 368 Категория: Новости Дата: 29.09.2019 |
«Тіл татулықтың тірегі» |
Үстіміздегі жылдың 26 қыркүйегінде, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, Қазақстан халқының тілдері күніне орай, «Менің Отаным Қазақстан» мерекелік іс - шара аясында «Тіл татулықтың тірегі» тақырыбында ауданымыздығы қыздар мектебінің шәкірттері мен аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Шара Қанатқұлқызының кездесуін ұйымдастырды. Кездесу барысында мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, сан түрлі тілде шығармалар оқыды. Ш. Қанатқұлқызы жас жеткіншектерге қазақ тілі - дүниежүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі және ана тіліміз арқылы біз халқымызды, Отанымызды танып білетінімізді айтты. Кеш соңы оқушылардың қабырғаға ілген туындыларын бағалап, жеңімпаздарды анықтаумен аяқталды. |
Подробнее Просмотры: 332 Категория: Новости Дата: 29.09.2019 |
"Көшпенділер мәдениеті" |
Ү.ж қыркүйек айының 25-і күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында "Көшпенділер мәдениеті" атты дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға ауылдық кітапхана қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің оқушылары қатысты. Ұлы дала кеңістігінде мекен еткен ата-бабаларымыздың мәдениеті жайында мағлұмат беріліп, бейнематериал көрсетілді. Ежелгі көшпенділердің ел басқару, қолөнер, малшаруашылығы, жазу-бейнелеу өнері турасында айтылды, баяндамалар тыңдалды. Ауылымыздың өнерпаз азаматы Болат Досжановтың орындауында ән шырқалды. |
Подробнее Просмотры: 381 Категория: Новости Дата: 29.09.2019 |
«Жақсының жақсылығы жерде қалмас» |
24-го сентября текущего года, в рамках проекта «Историко-культурное наследие», сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района к 130-летию поэта, стихотворца и сказителя А. Нурлыбаева организовали и провели мероприятие «Достойный поступок останеться в памяти» совместно с коллективом школы села Береке. Истинным примером творчества поэта стало театрализованное предствавление учителей и учащиеся школы. Почетные граждане района, краеведы и историки района – Халида Косшыгулов, Отесин Кубиев, Шара Канаткулова, Аклима Косемова поделились воспоминаниями о знаменитом земляке и дали поучительные наставления молодому поколению. |
Подробнее Просмотры: 301 Категория: Новости Дата: 25.09.2019 |
«Сұлулық әлемді құтқарады» |
24 қыркүйек күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сұлулық әлемді құтқарады» атты суретшілердің халықаралық симпозиумының қатысушылары Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейіне келіп тамашалады. Экскурсия барысында қонақтарға Жетісудың баға жетпес құндылықтары таныстырылып, толықтай мәліметтер берілді. |
Подробнее Просмотры: 362 Категория: Новости Дата: 24.09.2019 |
"Музей түні" |
Ағымдағы жылдың 30-тамызынан бастап, Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен жалпыреспубликалық "Музейлер шеруі" акциясы аясында "Музей түні" жобасын ұйымдастыру қолға алынған болатын. Осыған орай, 20-қыркүйек күні, "Батыр бабалар" мемориалды кешенінде 21.00-ден - 3.00-ге дейін "Музей түні" шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында, келуші қонақтарға - музейдің көрме-экспозициялық залынан орын алған - фотоколлаждар мен панорамалар бойынша қазақ тарихының Сақ заманынан бастап - Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі кезеңдері, сондай-ақ, қазақ халқының ел болып қалыптасу жолындағы әйгілі хандары мен билерінің және жаугершілік замандағы жауынгер батырлардың ерен ерлігі жайында экскурсиялар жүргізілді. Сонымен қатар, музей экспозициясындағы артефактілер бойынша оқушыларға викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген оқушыларға сыйлықтар үлестірілді. |
Подробнее Просмотры: 351 Категория: Новости Дата: 23.09.2019 |
"Сұрасаң менің атым Үмбет еді" |
22 қыркүйекте Ү.Кәрібаевтың әдеби-мемориалды музейінде «Музейдегі түн» жобасы аясында"Сұрасаң менің атым Үмбет еді" атты іс-шарасы өткізілді. Шараға Үмбетәлі Кәрібаев мектебінің жоғарғы сынып оқушылары мен жас ұстаздар қатысты. Жиын барысында ақынның ұрпағы Ә.Ысқақов атасының жыр-термелерін орындап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Музей түні жастардың музей ауласында еркін демалуымен жалғасты. |
Подробнее Просмотры: 391 Категория: Новости Дата: 23.09.2019 |
«Музейдегі түн» |
20 қыркүйек күні Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінде «Музейдегі түн» жобасы аясында Кербұлақ ауданының құрметті азаматы, зейнеткер ұстаз Бақбергенов Қозыбек Бақбергенұлымен «Өнегелі отбасы» атты тақырыпта кездесу өтті. Ел болашағы жастардың бойына жақсы мінез қалыптастыра отырып, туған жеріне адал қызмет етумен бірге әркез көшбасшы болуға ұмтылуға бағыттау мақсатында өткен кездесу барысында өзінің өмірімен де,еңбегімен де өзгеге үлгі бола білген Қозыбек Бақбергенұлы жиылған көпшілікке мектеп жасынан зерек болып, оқу мен еңбекке құштар болудың арқасында ұстаздық жолға бет бұрып, зейнеткерлік жасқа жеткенше көптеген шәкірттер тәрбиелеп шығарғаны жайында көптеген өнегелі әңгімелерін айтып берді. Сонымен бірге Шоқан ауылының құрылуы мен Шоқан музейінің ашылу тарихына қатысты көрген, білген деректерімен бөлісіп және ондағы атсалысқан жанашыр жандардың адал еңбектері жайында да бірталай қызықты әңгімелер айтып, көпшіліктің қойған ә... |
Подробнее Просмотры: 351 Категория: Новости Дата: 23.09.2019 |
"Музей түні |
20 қыркүйек куні Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде "Музей түні" жобасы аясында, мекеме басшыларымен және Қазақстан Халықтар Ассамблеясының Төрағасы Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен, музей залындағы экспозиция бөлімінде Мемлекет және Қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың өмірі мен еңбек жолын насихаттау мақсатында экскурсия жүргізілді. |
Подробнее Просмотры: 294 Категория: Новости Дата: 23.09.2019 |