Талдықорған – Көлсай көлдері бағыты

Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында Қазақстан халқына жолдаған жолдауында: «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасын көтерген болатын. Аталмыш жолдау аясында алдағы уақытта М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі «Жетісу жауһарлары» атты жобаны іске асыру мақсатында 10 бағытта экскурсиялық саяхат жүргізуді бастаған болатын.21-22 қыркүйек күндері Талдықорған – Көлсай көлдері бағыты бойынша саяхатқа Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 49 оқушысы мен ұстаздары қатысып, экскурсиялық саяхат жүргізілді.
Подробнее Просмотры: 600 Категория: Новости Дата: 23.09.2019

«Ел атағын – Ер сақтар»

Үстіміздегі жылдың 20 қыркүйегінде Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері «Ел атағын – Ер сақтар» тақырыбында «Музейдегі түні» өтті. Музей қызметкерлері дәл осы күні қонақтарды ерекше, «түнгі» форматта қарсы алды. Арнайы ұйымдастырылған көрме көптеген жағымды және танымды ақпараттарды қамтыды. Атап айтсақ, ауданымызға еңбегі сіңген азаматтарымыздың фото картиналарынан басталып, өмір жолдарымен таныстырылды. "Өткенді айтпай, болашақ жоқ" демекші, адамзаттың өткені мен өшкенін жаңғырту, тарихын ұлықтау, өскелең ұрпаққа таныстыру мақсатында ұйымдастырылатын мәдениет пен тарихтың негізгі орталарының бірі музей. Музей түніне аудандық мәдениет колледж студенттері, қала тұрғындары келіп тамашалады. Бұл кеште келушілер музейдің тарихымен танысып қана қойған жоқ, оны көзбен көріп, жүрекпен сезінді деуге толық негіз бар, ал музейг түні сағат 1900 ден 24 00 дейн жалғасын тапты.
Подробнее Просмотры: 322 Категория: Новости Дата: 23.09.2019

«Жамбыл елінің жайсандары»

20 қыркүйек күні «Музейдегі түн» жобасы аясында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде «Жамбыл елінің жайсандары» атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Жамбыл ауылы мәдениет үйінің директоры, термеші Ермек Шаштайұлы мен округ әкімі Мантаев Данияр мырза шақырылды. Мақсаты Жамбыл ауданының тарихы туралы түсінік беру, осы ауданнан шыққан ақындар мен батырлардың өмірі мен шығармашылығы туралы көзқарастарын кеңейту, жас ұрпақты өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу.Іс-шара барысында Жамбыл ауданының мәдениеті мен ұлы Жамбыл баба жайында естеліктер айтылды. Кездесу соңында Жамбыл Жабаев туралы 1937 жылы түсірілген кинофильм көрермен назарына ұсынылды.
Подробнее Просмотры: 453 Категория: Новости Дата: 23.09.2019

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесіне орай «Музей түні» жобасы аясында 20 қыркүйек күні «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты шара ұйымдастырылды. Мақсаты: Ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. Оқушылардың сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу. Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Шараға Байысов орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары, мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында оқушылар үш топқа бөлініп, мақал-мәтел айту, музей қорындағы жәдігерлердің атауын тауып сипаттау, жалпы музей туралы сұрақтарға жауап беру кезеңдерінен тұратын сайысқа белсене қатысты. Сайыс соңында әділқазылар алқасы жеңімпаз топты анықтап, марапаттады. Сонымен қатар келушілерге музей залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «Жетісу өлкесінің туристік маршруттары» атты деректі фильм көрсетілді. Шара соңында...
Подробнее Просмотры: 413 Категория: Новости Дата: 23.09.2019

«Қазақстанның қолданбалы сәндік өнері: Кеше және бүгін»

Үстіміздегі жылдың 20 қыркүйек күні «Музейдегі түн» жобасы аясында Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейінде «Қазақстанның қолданбалы сәндік өнері: Кеше және бүгін» атты қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды.Көрменіңмақсаты - қолданбалы өнер туындыларын таныстыру және насихаттау, қазақ халқының қол өнерін жаңғырту. Қолданбалы өнер – халықтың мәдени өмірін көрсететін сала. Бұл өнер түрі өткеніміз бен бүгінімізді ортақ бір арнада тоғыстырады. Қолөнер туындыларының арасында киіз,кесте, ою,тері, өнерлерін ерекше атаған жөн. Себебі ерте дәуірден халық мәдениетіне енген бұл өнер бүкіл елдің тарихын, рухани өмірін насихаттайды»,- дейді көрмеге өз қолынан тіккен бұйымдарын алып келген Жанысбаева Айшақан апамыз. Көрме түнгі уақытта да өз жалғасын тауып артынан Мустафаева Нәсенхан апамыз бастаған «Ару ана» әжелер тобының концертімен аяқталды.
Подробнее Просмотры: 422 Категория: Новости Дата: 23.09.2019

«Алатаудай алыптар шыққан аудан»

Үстіміздегі жылдың 20 қыркүйегінде Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Серік Қалиев №186 орта мектеп оқушыларына «Алатаудай алыптар шыққан аудан» тақырыбында музей сабағын өткізді.Музей сабағының басты мақсаты, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қарасай ауданының 90 жылдық мерекесі қарсаңында ауданымыздан шыққан белгілі азаматтардың еңбектерімен таныстыру. Мектепте өткен сабақ ұйымдастырылуы мен әдістемелік құрылымы жағынан мектеп қабырғасындағы сабақтан ерекшеленеді.
Подробнее Просмотры: 382 Категория: Новости Дата: 20.09.2019

«М.Тынышпаев бейнесі архив қорларында»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында - «Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау қажет деген мәселені атап өтті. Осыған орай 20 қыркүйек күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» «Жетісу архив қызметіне 100 жыл» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуіне орай, М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи – өлкетану музейі «М.Тынышпаев бейнесі архив қорларында» атты көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге М.Тынышпаевтың өзінің «Материалы к истории киргиз-казакского народа» атты кітабі, жеке құжаттары, өзінің, туыстарының суреттері, Дәулет-Шейх-Али-Тынышпаевтың әкесі туралы жазған кітабі, қойылды.
Подробнее Просмотры: 396 Категория: Новости Дата: 20.09.2019

«JASTAR JYLY – DANǴYL JOL!»

20 сентября 2019 года Алматинский областной историко-краеведческий музей им.М.Тынышпаева посетили участники проекта Республиканского молодежного движения Ассамблеи народа Казахстана «Жаңғыру жолы» Жамбылской области, в рамках проведения Года молодежи «JASTAR JYLY – DANǴYL JOL!» в количестве 60 человек. Ребятам, прибывшим из соседней области была проведена экскурсия по залам музея и дана подробная информация о красотах и достопримечательностях Жетысу, об ее истории и знаменитых выходцах.
Подробнее Просмотры: 316 Категория: Новости Дата: 20.09.2019

«Театр және кино актері- Құман Тастанбеков»

2019 жылдың қыркүйек айының 18- шы жұлдызында Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері Черкасск орта мектебінің 5-сынып оқушыларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында әдебиет және өнер қайраткері Қ.Тастанбеков туралы «Театр және кино актері- Құман Тастанбеков» атты тақырыпта лекция оқыды. Лекцияда Құман Нұрмағанұлы Тастанбековтің өмірбаяны, актерлік шеберлігі, түскен фильмдері «Қыс-мазасыз маусым», «Ерекше түн», «Өрнек» туралы және театр сахнасында «Еңлік-Кебек», «Қан мен тер» сияқты әр алуан рөлдері жайында айтылды..
Подробнее Просмотры: 384 Категория: Новости Дата: 19.09.2019

«Қазақ әдебиетінің құлагері»

Ү.ж 19 қыркүйек күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Қазақ поэзиясының жұлдызы, прозашы, ақын Ілияс Жансүгіровтың туғанына 125 толуына орай Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің оқушыларына «Қазақ әдебиетінің құлагері» атты тақырыптық экскурсия өткізді. Балаларға Ілияс Жансүгіровтың еңбек жолы таныстырылып, шығармашылығы туралы айтылды. Ілиясқа қатысты табылып жатқан тың деректер мен жасалып жатқан жұмыстармен таныстырылды. Ілияс Жансүгіровтың өмірінен сыр шертетін фотосуреттер көрсетілді.
Подробнее Просмотры: 343 Категория: Новости Дата: 19.09.2019